2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Ұйқыбез, құрылысы, қызметі (шығару жолдары, бездің ішкі секреторлы бөлігі)



Pdf көрінісі
бет114/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   199
103. Ұйқыбез, құрылысы, қызметі (шығару жолдары, бездің ішкі секреторлы бөлігі) 
ішастарға қатынасы. 
Уник: 88,5 
Ұйқыбез
(pancreas)- бозғылт қызғылт түсті, ұзындығы:14-18 см, асқазанның артында 
орналасқан мүше.
Скелетопиясы:
1-2 бел омыртқасында орналасқан.
Голотопиясы:
асқазанның артында ұзыншалау келген. Құрсақ қуысында орналасқан.
Синтопиясы:
Алдыңғы жағында: асқазан орналасқан; Артқы жағында: көкетпен 
жалғасады; Төмеңгі беті: шажырқайлық артериямен шектеседі.
Ұйқыбездің басы (caput pancreatis), денесі (corpus pancreatis), құйрығы (cauda pancreatis) 
бар.
Ұйқыбездің басының алдыңғы төменгі бетінде ілмектәрізді өсінді (processus uncinatus) 
мен төменгі бетінде тілігі (incisura) орналасқан.
Денесінде 3 жиегі бар. Олар: жоғарғы жиегі (margo superior), алдыңғы жиегі (margo 
anterior), төменгі жиегі (margo inferior). 


Құйрығы көкбауырдың төменгі бөлігіне қарай орналасқан. Ұйқыбездін құйрығы тұсынан 
ұйқыбездің негізгі түтігі (ductus pancreaticus) басталып, мүшенің денесі мен басына солдан 
онға карай өтіп, он екі елі ішектің үлкен бүртігіне жалпы от түтігімен қосылып, ашылады. 
Қызметі: аралас. Сыртқы секреция безі ретінде ас қорыту ферменттеріне бай ұйқы безі 
сөлін бөледі.Ішкі секреция безі ретінде инсулин гормонын бөледі.
Ішастар ұйқыбездің алдыңғы және төменгі беттерін жауып жатады, оның артқы бетінде 
ішастар болмайды. Ұйқыбез түтігі (ductus pancreaticus) тік бұрышпен келіп құятын 
көптеген тармақтарды қабылдайды. Жалпы өт түтігімен (ductus choledochus) қосылып, 
түтік онымен ортақ тесік арқылы он екі елі ішектің үлкен емізікшелерінде (papilla duodeni 
major) ашылады. Ұйқыбездің негізгі түтігі (ductus pancreaticus) мен он екі елі ішек 
(duodenum) арасындағы мұндай тығыз байланыс атқаратын қызметінің маңызымен қатар, 
сонымен қатар ұйқыбезі мен он екі елі ішектің бірінші ішектің бір бөлігінен 
дамитындығына да байланысты болып келеді. Негізгі түтіктен басқа тұрақты, қосалқы 
түтік, ductus pancreaticus accessorius, болады, ол он екі елі ішектің кішкентай 
емізікшелерінде (papilla duodeni minor) ашылады. Кейде қосымша ұйқыбез (pancreas 
accessorium) кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет