Сұйық пен биомассаны бөлу. Қажетті өнім көп жағдайда биомассаны өзінде немесе сұйықта болады. Екі жағдайда да алдымен осы екі фазаны айыру керек.
Сұйық пен биомассаны бөлу. Қажетті өнім көп жағдайда биомассаны өзінде немесе сұйықта болады. Екі жағдайда да алдымен осы екі фазаны айыру керек.
Тұндыру – гравитация күштері əсерімен бөлу.
Фильтрация – биомасса өтпей тұрып қалатын фильтрлеу материалының суспензияны өткізу.
Сепарация, центрифугтау – ортаға тарататын күштердің əсерінен болу. Ас биомассасын дайындаған кезде ашытқы немесе бактерияларды бөлу кезінде жиі қолданады. Коагуляция – үлкен клеткалы агломераттардың пайда болу жəне тұтынуына көмегін тигізетін реагенттерді суспензияға қосу жəне олардың тұну арқылы сұйықтан бөлінуі.
Биосинтез өнімдерін бөліп алу. Клетка ішіндегі өнімдерге алдымен клетка қабықшасын бұзу қажет. Мұндай тəсілдердің бірнеше түрін келтірейік.
Клеткалардың дизинтеграциясы. Бұл клетка қабықшасының бұзылу процесі физикалық (мұздатып ығыстыру, ультрадыбыс əсері, қысымды күрт түсіру) немесе химиялық тəсілдері арқылы жүреді.