2. Тақырыбы: Көру талдағыштың физиологиясы


Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері



бет2/11
Дата15.11.2022
өлшемі24,86 Mb.
#50231
түріАнализ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

  • Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері:
  • 1. Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке клеткаларынан тұрады. Олардың алғашқы
  • қабаты қабылдағыш элементтерден, ал соңғы-үлкен ми сыңары қыртысының
  • нейрондары болып табылады.
  • 2. Талдағыштар көп жолды болады.
  • Олардың әрбір қабатындағы жүйке элементтері көптеген жолдары арқылы бір-
  • бірімен байланысады. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың
  • сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді.
  • 3. Талдағыштардың құрылымында сезіну “алқымы“- “воронка“ деген
  • кездеседі. Олардың шектес қабаттардың элементтері санына байланысты.
  • Кеңейетін және тарылатын “алқымдар“ түрі болады. Олардың
  • физиологиялық маңызы: тарылатында – керек емес ақпаратттарды жеткізбеу,
  • ал кеңейетін де - әртүрлі сигналдарды жете және өте терең талдауға мүмкіндік
  • жасау.
  • 4. Талдағыштардың тура (тік) және көлденең дифференциясы (ажыратылуы)
  • болады. Тура да – әр қабатта жатқан нейрондардың жеке қызметтері болады.
  • Көлденең де бір қабатта жатқан элементтердің қызметі әртүрлі болуы.

Физиологиялық ерекшеліктері:

  • Физиологиялық ерекшеліктері:
  • 1. Талдағыштар адекватты (өзіне тән)
  • тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.
  • 2. Адекватсыз тітіркендіргіштерге талдағыштардың
  • сезімталдығы төмен болады
  • 3. Адаптация - талдағыштардың ұзақ әсер ететін
  • тітіркендіргіштер күшіне бейімделуі
  • 4. Вебер-Фехнер заңдылығына бағыну. Тітіркенудің
  • сезілетін күш өсімі алдыңғы әсер еткен күштің белгілі
  • бір мөлшеріне жетсе, яғни сол күштің 1/30 бөлігі болса
  • ғана ол түйсінілетін болады.
  • Мынадай теңдеумен көрсетіледі:
  • I/I = constanta; I – тітіркендіргіш күші, I – күш өсімі.
  • 5. Ақпаратты тану, өңдеу және кодтау.
  • Тітіркендіргіштер туралы ақпараттар топтасқан серпіністер
  • арқылы миға жеткізіледі. Олардың стандартты өлшемдері болады
  • (амплитудасы, ұзақтығы, формасы), топтар (пачка) ішіндегі
  • серпіністердің саны, жиілігі, уақыты тітіркендіргіш түріне
  • байланысты.
  • Рецепторлар қозуының механизмі
  • І. Біріншілік сезгіш. Тітіркендіргіш әсері мембрана рецепторларының белок молекуласымен әрекеттесуі (І нейрон) мембрананың иондарға өтімділігінің өзгеруі деполяризация ӘП.
  • ІІ. Екіншілік сезгіш. Тітіркендіргіш әсері мембрана рецепторларымен әрекеттесуі рецепторлық потенциал медиаторлардың бөлінуі генераторлық потенциал ӘП.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет