2. Тақырыбы: Көру талдағыштың физиологиясы


Түсті ажырату кемістігі (түсті көрмеу)



бет5/11
Дата15.11.2022
өлшемі24,86 Mb.
#50231
түріАнализ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Түсті ажырату кемістігі (түсті көрмеу)

  • Түстерді ажырата алмау - дальтонизм (ер адамдардың Х-хромосоманың белгілі гендерінің жоқтығына байланысты)
  • Түсті толық танымайтын ауытқушылық - ахромазия (сауытшалардың зақымдалуы салдарынан болады)
  • Түсті жарым - жарты танымаудың түрлері:
  • - Протанопия (қызыл түсті танымайды)
  • - Дейтеранопия(жасыл түсті танымайды)
  • - Тританопия (көк және күлгін түсті сәулелерді
  • танымайды)

Кеңістікті түйсіну

  • Көздің өткірлігі деп - біріне-бірі өте жақын орналасқан нүктелерді жекелеп қабылдау қабілетін айтады. Ол арнаулы кесте арқылы анықталады.
  • Көзді бір нүктеге қарағанда көрінетін кеңістікті көздің аймағы деп айтады.
  • Түссіз заттар үшін - көз шалымының шекаралары: сыртқы - 90о, ішкі - 60о, жоғарғы – 60о, төмені - 70о .
  • Екі көзбен көру - екі көзбен қарағанда барлық нәрселердің белгілері торлы қабықтың тиісті немесе бірдей бөлімдеріне түседі және осы екі бейне ми қыртысындағы көру орталығының бір аймақтарына келіп түседі. Сондықтан түйсігінде бірігіп біреу болып көрінеді.

Тақырыбы : “Соматосенсорлық, дәм сезу және иіс сезу талдағыштар“.

  • Жоспары:
  • 1. Соматосенсорлық талдағышы, бөлімдерінің сипаты.
  • 2. Дәм сезу талдағышы, бөлімдерінің сипаты.
  • 3. Дәм сезу теориялары.
  • 4. Иіс сезу талдағышы, бөлімдері.
  • 1. Соматосенсорлық талдағышы, бөлімдері:
  • Соматосенсорлық талдағыш жүйесі екі түрлі сезім жүйесін біріктіреді. Оларға қозғалыс талдағышы мен тері талдағыштары жатады.
  • Қозғалыс талдағышы тұлға қалпының сақталуы қимылын үйлестіріп, олардың дұрыс, әрі дәлме-дәл орындалуын үздіксіз бақылап отырады.
  • Бұлшықеттер сыртындағы дәнекер қабықшаларда, сіңірлер мен буын қалталарында орналасқан проприорецепторлар бүкіл қозғалыс аппаратының жиырылу немесе босаңсу туралы және солар арқылы тұлғаның кез келген бөлігінің кеңістіктегі қалпын білдіреді.
  • Тері талдағышы - теріде орналасқан көптеген рецепторлар, олар сыртқы ортадан келген тітіркендіргіштер әсерін түйсінуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет