2. Тақырыбы: Көру талдағыштың физиологиясы


Шеткі бөлімі: - тері рецепторлары; - проприоцепторлар



бет6/11
Дата15.11.2022
өлшемі24,86 Mb.
#50231
түріАнализ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1. Шеткі бөлімі: - тері рецепторлары; - проприоцепторлар.

  • 1. Шеткі бөлімі: - тері рецепторлары; - проприоцепторлар.
  • Тері рецепторлардың түрлері:
  • жанасуды (сипап сезуді) қабылдайтын рецепторлар: Меркель дисклері, Мейснер денешіктері;
  • қысымды, тербелуді қабылдайтын рецепторлар -Фатер-Пачини денешіктері;
  • жылылықты қабылдайтын - Руффини деншіктері;
  • суықтықты қабылдайтын - Краузе сауытшалары;
  • ауырсынуды сезетін рецепторлар (ноцицепторлар) - бос жүйке ұштары.
  • Проприорецепторлар түрлері:
  • - ет ұршығы ішіндегі біріншілей сезімтал жүйке ұштары;
  • - ет ұршығы ішіндегі екіншілей сезімтал жүйке ұштары;
  • - сіңірдегі Гольджи рецепторлары.

2. Өткізгіш бөлімі

  • 2. Өткізгіш бөлімі
  • Тері рецепторларымен проприрецепторларда пайда болған серпіністер жұлынның екі өткізгіш жолдарымен өтеді: лемниск және жұлын-таламустық сезгіш жолдарымен
  • - Лемниск жолы: терінің (жанасу және қысым сезімдерін) және ет рецепторларының серпіністерін  жұлын түйінінен (1 нейрон)  дорзалды - артқы бағандарынан  сопақша миға (Голля және Бурдах ядроларына), екінші нейроны  қиылыс  таламустың вентральды ядроларында (үшінші нейрондары).
  • - Жұлын-таламустың жолы:
  • Ауырсыну,температуралық сезімдерінің серпіністері жұлын түйіннен (бірінші нейроны) жұлынның артқы мүйіздерінің сұр затында (екінші нейроны ) жұлын-таламустық жолмен таламустың вентральды ядроларына (үшінші нейроны)
  • 3. Орталық бөлім:
  • Үлкен жарты шарлар қыртысының соматосенсорлық
  • аймағы -(артқы орталық қатпар)

Дәм сезу талдағышы, бөлімдері

  • 1. Шеткі бөлімі:
  • Дәм рецепторлары - дәм сезу баданалары олардың әрбіреуі - 2-6 қабылдағыш және тірек жасушалардан құрылады.
  • Рецепторлық дәм клеткасының ұзындығы 10-20 мкм,
  • Көлденеңі - 3-4 мкм, жоғарғы саңылауға қараған ұшында өте жіңішке 0,1-
  • 0,2 мкм-дей түктері болады.
  • Дәм баданалары орналасқан дәм емізікшелердің үш түрін ажыратады: саңырауқұлақ тәрізді, науа тәрізді және жапырақ тәрізді. Дәм рецепцияның зонасы: тілдің емізікшелерінде, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың артқы жағында, көмекейде (бадамшаларда).
  • Дәм рецепторларының ең көп орналасқан жерлері –тілдің ұшы,бүйірлері
  • және түбі.
  • Дәм қабылдағыштары төрт түрлі дәмді сезеді:
  • тәтті, ащы, қышқыл, тұзды.
  • Тілдің түбі – ащыны
  • ұшы - тәттіні
  • бүйірлері – қышқылды және тұзды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет