2. Тақырыбы: Көру талдағыштың физиологиясы


Есту талдағышы, бөлімдерінің сипаттамасы



бет8/11
Дата15.11.2022
өлшемі24,86 Mb.
#50231
түріАнализ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Есту талдағышы, бөлімдерінің сипаттамасы

  • 1. Шеткі бөлімі - Корти мүшесінің сезгіш түкті жасушалары (ішкі құлақта орналасқан);
  • 2. Өткізгіш бөлімі. ұлудың спиральдық түйінінен – есту жүйкесі - сопақша ми (есту нейрондары) - есту тракты - жоғарғы оливаның нейрондары - төрт төмпешіктің төменгілері - медиальды бүгілмелі денелер (таламус);
  • 3. Орта бөлімі - қыртыстың самай бөлімі.

Сыртқы және ішкі құлақтың құрылысы мен қызметі

  • Сыртқы құлақ (құлақ қалқаны, сыртқы есту жолы, дабыл жарғағы) - дыбысты қабылдау және өткізу.
  • Ортаңғы құлақ (ортаңғы құлақ қуысындағы сүйекшелер: балғаша, төс, үзеңгі, Евстахи түтігі) - дабыл жарғағынан тербелісті ішкі құлаққа жеткізу.

Ішкі құлақтың құрылысы мен қызметі

  • Ішкі құлақтың құрылысы мен қызметі
  • Иірім түтігі - 2,5 өрімнен тұратын жалпақ сүйек арнасы (канал).
  • Сүйек арнасын 2 мембрана бөледі:
  • Вестибулярлық мембрана (Рейсснер мембранасы)
  • Негізгі мембрана
  • Иірім түтігінің арналары:
  • 1. Жоғарғы арна (кіреберіс сатысы);
  • 2. Ортаңғы жарғақты арна;
  • 3. Төменгі - дабыл арнасы (немесе сатысы).

Ортаңғы арнаның негізгі мембранасында Корти мүшесі орналасқан. Корти мүшесі ішкі және сыртқы түкті жасушалардан тұрады. Оның үстінде жабылмалы (текториалды) мембрана орналасқан.

Дыбыс толқындарының өтуі:

  • Дыбыс толқындарының өтуі:
  • Дыбыс - сыртқы дыбыс жолы - дабыл жарғағы - балғашық, төс, үзеңгі - сопақша терезенің тербелісі - жоғарғы және төменгі арналардың перилимфасының тербелісі - ортаңғы арнаның эндолимфасының тербелісі - негізгі мембрананың тербелісі - жабылмалы мембранаға жасушалар түктерінің жанасуы - рецепторлық потенциал пайда болды.
  • Пайда болған ӘП – есту жүйке талшықтары мен ОЖЖ-не барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет