2-тақырып. Әлеуметтану теорияларына кіріспе



бет3/12
Дата16.10.2023
өлшемі63,84 Kb.
#115734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.Теологиялық сатыда адамдар кез-келген құбылыс процесс, заттарды діни тұрғыда түсіндіруге тырысты.
2. Метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, енді олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.
3. Ал позитивистік кезеңде адам құбылыстар мен процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды ғылым арқылы ғана анықтап отырды.
О. Конттың ойлауында, ғылым позитивтік сипатта болуы керек (ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет). Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер. Әлеуметтану пәні құбылыстарды, процестерді зерттегенде позитивтік әдістерге сүйенеді. Сондықтан да ол позитивті білім саласының ең жетілген түрі. Позитивтік әдістер дегеніміз теориялық-әлеуметтік талдауларда бақылау салыстыру, эксперимент т.б. арқылы алынған эмпирикалық факторларға сүйену.


Г.Спенсер
ХІХ ғасырдың екінші жартысында О.Конт өлгеннен кейін әлеуметтанулық ойдың бірнеше ағымдары пайда болды, олардың өкілдері қоғамдық өмірдің критериын одан тыс жағдайлардан іздеді. Бірінші кезекте, жараталыстану , биологиялық факторлардың дамуынан. Оған әсер еткен жаратылыстану ғылымдарының әсері болды, әсіресе Дарвин ілімінің пайда болуы. Мұндай қатынастың ірі өкілдерінің бірі, ағылшын ғалымы Герберт Спенсер (1820-1903).
Спенсердің әлеуметтанулық теориясы Дарвиннен қабылдаған екі принципке негізделді: қоғамды организм деп түсіну және әлеуметтік эволюция идеясы.
Спенсердің әлеуметтануының, аса кұнды жағы — «әмбебап эволюция заңы». Бұл заң бойынша эволюция — дамудың бірден-бір кайнар көзі. «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінде Г. Спенсер осы идеясын тереңдете келіп, қоғам организм іспетті немесе асқан органикалық агрегат сияқты деген басты тезисін негіздеді. Қоғам мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы қарым-қатынас энергияның реттеу принципі арқылы болады. Бұл заңдылық әр түрлі қоғамдар мен сол қоғамдарды кұрайтын жеке адамдардың арасында өмір сүру үшін болатын күрестерде көрінеді. Күрес әмбебап және қоғамдық эволюцияның негізгі қозғаушы күші болып табылады.
Спенсер қоғам мен биологиялық организм арасындағы ұқсастықты толық мойындағанымен, бұл мәселеде ол жалғыз емес еді. Оған дейін мұндай ұксастықты Конт, Краузе, Ахренс айтқан болатын. Алайда, Спенсер осы бағытты бірінші болып бір жүйеге келтіре отырып жазып шықты. Бұл жүйенің қарастыратын екі мәселесі бар: эволюция принципі және қоғам мен биологиялық организмдердің ұқсастығы. Спенсердің аталмыш жүйесі әлеуметтану теориясының дамуына қосқан басты үлесі болды. Осы принциптерді Спенсер әлеуметтік саясатты бейнелеудегі, әлеуметтік реформаларды жасап жүрізуде нақты ұсыныстарында қолдана білді. Оның келесі бір тезисінде әлеуметтік саясат — тәжірибелік зерттеудің нәтижесінде қалыптасуы шарт делінген. Ал, әлеуметтік саясатқа аса қажетті принцип ол — әлеуметтік эволюция процесінің табиғи дамуына кедергі жасамай, оған жол ашу, бұл процесті жеке адамдар мен топтардың ойына не келсе соны істейміз деуінен құтқару.
Спенсер әлеуметтік заңдарды тұжырымдай отырып, әлеуметтік реформаларды белгілеуден бұрын қоғамның нақты әлеуметтік жағдайын жете, жан-жақты білу қажет екендігін атап керсеткен. Оның пікірінше, еркін және ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік эволюцияның жетістікке жетуінің бірден-бір шарты — мемлекет қызметіне қатаң шек қою болып табылады.
Спенсер «еркіндік тендігі» заңын тұжырымдай келе, онда барлық жеке адамдардың «еркіндік теңдігін» басқа адамдардың еркіндігі деңгейіне сәйкес пайдаланылуы тиіс дегенді айтады. Мемлекет те еркін, бірақ ол жеке адамдардың ерекше қорғайтын, соған кепілдік беретін ұйым. Мемлекет алыпсатарлықка қатысты заңдар шығарумен, діни мекемелерді және қайырымдылық қоғамдарын басқарумен айналыспауы керек. Мемлекеттің негізгі міндеті — қоғамда құқықтың жүзеге асырылуын және еркіндік теңдік заңының сақталуын қамтамсыз ету, сөйтіп, ол өз азаматтарын тонау мен зорлықтан және соғыстан қорғап отыруды іске асырады.
Қоғамды тірі организм іспетті қарауға болады, бірақ бұл жерде мына нәрсені есте ұстау керек, өзіндік өмір суру заңдарын сақтаған әлеуметтікті құрайтындардың (ұлттар, мемлекеттер, таптар, басқа да әлеуметтік топтар) организмдік мәні бар.
Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді. Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді. Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет