ЭКОНОМИКА
190
6. Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар
мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық
операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін
тексеру;
7. Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік,
инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау
мен есебі саласындагы әр түрлі мәселелер
бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8. Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның
бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшілік-
терді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойыл-
ған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарт-
тарына байланысты болады. Мысалы, ішкі ау-
дитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына,
талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қа-
рай артады.
Осылайша, аудит - бақылау, бағалау, ұсы-
ныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызмет-
терді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күр-
делі қызмет түрлері.
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың не-
гізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тек-
серу» термині латынның «revisio» сөзінен шық-
қан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау»
немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тек-
серуші» -«тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді біл-
діреді.
Отандық оқулықтар мен ғылыми әдебиет-
терде, ТМД елдерінде әдетте «ревизия» ұғымы-
ның мағынасы анық емес.Мысалы, Н.Т. Белухин-
де «тексеру (ревизия)» - бақылаудан кейінгі не-
гізгі форма. Оның баска бақылау формаларынан
айырмашылыгы - объектіні тексеру барысында
іріктемесі құжаттық дәлелдерге негізделген тек-
серу-бақылау рәсімдері мен әдістік тәсілдер, әр
түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге
мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын,
ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық,
оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құ-
жаттар, түгендеу тізімдемесі (ведомость), мате-
риалды жауапты тұлғаның түсініктемесі (түсіндір-
ме жазбасы және т.б.) .
Аудит ұғымы тексеру және бақылау үғым-
дарынан әлдеқайда терең.Аудитор тексерушіден
өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы,
тәуелсіз пікір білдіруі, терең бага беруі, объекті-
нің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытын-
дысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңін-
де «аудит» және «аудиторлық қызмет» ұғымда-
ры ажыратылып көрсетіледі [5, 109].
Аудиторлық қызмет бұған қоса есепті
ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуе-
келдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті
жетілдіруді, басқа да зандық, техникалық, әлеу-
меттік-экономикалық мәселелерді шешуді жақ-
сарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр
түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді
қамтиды.
Аудитор,
адвокат,
дәрігер,
музыкант,
суретші және шығармашылықтың (творчество)
адамдары сияқты еркін кәсіптің өкілі болып табы-
лады, ал аудиттің кәсіпкерлік қызметтің түрі ре-
тінде дамыған елдерде беделі (рейтингісі) жо-
ғары. Шетелдік сарапшы ұйымдар жиі өткізетін
қоғамдық сұрау салудың қорытындысы бойынша
бухгалтер-аудитор кәсібі адвокат және дәрігер
кәсіптерімен тең бәсекелесіп, алгашқы үш орын-
ның бірін тұрақты иеленеді екен. XX ғасырдың
80-інші жылдарының соңында біздің елімізде
пайда болған аудиторлық кәсіп бухгалтерлік
есеп, қаржы, бақылау, құқық, менеджмент, стра-
тегиялық және ағымдық жоспарлау, ұлттық эко-
номиканың әр түрлі салаларын басқаруды ұйым-
дастыру салаларындағы жоғары білікті мамандар
үшін келешегі зор әрі абыройлы қызмет түріне
айналып үлгерді.
Әдебиеттер:
1 Адамс Р. Основы аудита. Пер. с англ. /
Под ред. Я. В. Соколова. - М.: Аудит. ЮНИТИ,
1995.
2 Ержанов М.С. Теория и практика аудита.
- Алматы: Ғылым, 1994
3 Ержанов М.С. Аудит-1 (базовый учебник).
- Алматы - Бастау, 2005.
4 Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К.,
Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой
отчетности: Учебное пособие - Алматы: «Қаржы-
Қаражат», 1998.
5 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в
системе управления финансами (теория и
методология) - Алматы: Экономика, 2000.
УДК 338.43(574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК
Достарыңызбен бөлісу: