2012 жылєы Ўбт-ы бойынша тест тапсырмаларыныѕ їлгісі


ХИМИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



бет18/57
Дата15.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#68222
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
ХИМИЯ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



БИОЛОГИЯ



1. Ботаника ғылымы зерттейді
A) Қарапайымдыларды
B) Құстарды
C) Балықтарды
D) Өсімдіктерді
E) Былқылдақденелілерді

2. Жасушада біртіндеп пайда болатын шырынға толы бөлік
A) Ядро
B) Қабықша
C) Цитоплазма
D) Вакуоль
E) Пластид

3. Паразитті қарапайымдыларға жататын
A) кәдімгі амеба.
B) кебісше-инфузория.
C) сәулелілер.
D) қабыршақты тамыраяқ.
E) қантышқақ амебасы.

4. Ширақ балапан шығаратын құстар:
A) Торғай
B) Көгершін
C) Қарлығаш
D) Тауық
E) Қараторғай

5. Қосжарнақты класының өкілі:
A) Үрмебұршақ.
B) Лалагүл.
C) Жүгері.
D) Бидай.
E) Інжугүл.

6. Ядросы жоқ, қызыл түсті қанның жасушасы.
A) Фагоциттер.
B) Эритроциттер.
C) Тромбоциттер.
D) Лимфоциттер.
E) Лейкоциттер.

7. Пиязшығынан көбейеді:
A) Қарақат.
B) Қойбүлдірген.
C) Раушангүл.
D) Сексеуіл.
E) Қызғалдақ.

8. Жемісі бұршаққынды өсімдік:
A) Көкнәр.
B) Асбұршақ.
C) Картоп.
D) Орамжапырақ (қырыққабат).
E) Үйеңкі.

9. Далалық қырықбуында фотосинтез процесі мына өркенде жүзеге асады
A) Күздік.
B) Қысқарған.
C) Жаздық.
D) Қыстық.
E) Көктемгі.

10. Тек қана толық түрленіп дамуға жататын сатысы
A) Жұмыртқа
B) Дернәсіл
C) Имаго
D) Қуыршақ
E) Нимфа

11. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым
A) И.И.Мечников
B) Д.И.Ивановский
C) А.О.Ковалевский
D) Р.Гук
E) Л.Пастер

12. Гуморальдық реттелу дегеніміз
A) Жүйке арқылы реттелуі.
B) Гормон арқылы реттелуі.
C) Ми арқылы реттелуі.
D) Жұлын арқылы реттелуі.
E) Тамақ арқылы реттелу.

13. Тамақ жұту, сөл бөлу, асқорыту рефлекстарын жүзеге асырады:
A) Мишық
B) Сопақша ми
C) Аралық ми
D) Ортаңғы ми
E) Ми көпірі

14. Бұлшықет ұлпасына тән қасиет
A) Қорғаныш
B) Қоректік
C) Жиырылғыштық
D) Қозғыш
E) Тұрақтылықты сақтау

15. Өкпенің тіршілік сиымдылығын өлшейтін құрал
A) динамометр
B) монометр
C) микрометр
D) спирометр
E) термометр

16. Ауызда қуысында ыдырайтын зат
A) ақуыз
B) аминқышқыл
C) майлар
D) көмірсу
E) минералды тұз

17. Нуклеин қышқылдары түзіледі
A) цитоплазмада
B) вакуольде
C) ядрода
D) центросомада
E) қабықшада

18. Тірі материя жаралымының ең төмен деңгейі
A) Биогеоценоздық
B) Биосфералық
C) Популяциялық
D) Жасушалық
E) Молекулалық

19. Жер бетінде тіршілік ең алғаш пайда болды:
A) Топырақ ортасында
B) Сулы ортада
C) Орманда
D) Ауада
E) Тау басында

20. Хлоропластары кездеспейтін ағза
A) Балдыр
B) Шаңжапырақ
C) Мүк
D) Саңырауқұлақ
E) Плаундар

21. Қағаз өндірісінде пайдаланылатын жасыл балдыр:
A) Ульва
B) Спирогира
C) Улотрикс
D) Кладофора
E) Каулерпа

22. Ашу процессі деп аталады:
A) Аэробты тыныс алу.
B) Гидролиз.
C) Анаэробты тыныс алу.
D) Тотығу реакциялары.
E) Гликолиз.

23. Митохондрия
A) май жинақтау органоиды
B) тұқым қуалау органоиды
C) ферменттерді жою органоиды
D) көмірсуларды синтездеу органоиды
E) энергия көзі органоиды

24. Генді химиялық жолмен қолдан синтездеуді алғаш жүргізген:
A) Дж.Беквит.
B) Х.Г.Корана.
C) Е.Сирс.
D) В.А.Струнников.
E) П.Берг.

25. Құрылысы мен шығу тегі бір атқаратын қызметі әртүрлі мүшелер
A) Атавизмдік
B) Аналогиялық
C) Регенерациялық
D) Рудименттік
E) Гомологиялық
БИОЛОГИЯ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



ГЕОГРАФИЯ



1. Жер күнді бір рет айналып шығады
A) 364-366 күнде
B) 365 күнде
C) 369 күнде
D) 368 күнде
E) 362-663 күнде

2. Жерде әр түрлі бағыттың азимутын анықтайтын аспап:
A) Планшет
B) Термометр
C) Тұсбағар
D) Нивелир
E) Флюгер

3. Қазақстанмен шектесетін елдер:
A) Өзбекстан, Қытай
B) Ресей, Үндістан
C) Қытай, Монғолия
D) Ресей, Иран
E) Түркменстан, Үндістан

4. Қазақстандағы алтынның ірі кендері.
A) Сауыр-Тарбағатайда.
B) Каспий маңы ойпатында.
C) Тянь-Шаньда.
D) Жоңғар Алатауында.
E) Алтайда.

5. Қостанай облысында ... орналасқан:
A) Қорғалжын қорығы
B) Үстірт қорығы
C) Ақсу-Жабағылы қорығы
D) Наурзым қорығы
E) Марқакөл қорығы

6. Қазақстанмен шекарасы ең ұзын ел
A) Түрікменстан
B) Ресей
C) Өзбекстан
D) Қырғызстан
E) Қытай

7. Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма
A) Ява
B) Кермадек
C) Мариан
D) Зонд
E) Пуэрто-Рико

8. Мүк пен қына, бұта өсетін мәңгі тоң таралған жерлер:
A) Тайга
B) Тундра
C) Шөлейт
D) Орман
E) Дала

9. Картаға қарағанда глобуста қашықтықты өлшеу дәлірек, себебі ... .
A) глобуста бұрмалау көп
B) глобуста бұрмалау аз
C) глобус өз өсінен айнала алады
D) глобуста меридиандар мен параллельдер көрсетілген
E) глобуста қашықтықты жіппен өлшеуге болады

10. Калахаридың халқы сусын ретінде пайдаланатын өсімдік
A) Жабайы қарбыз
B) Кофе
C) Құрма
D) Қауын
E) Банан

11. Мұғалжар тауының ең биік шыңы.
A) 600 м.
B) 320 м.
C) 657 м.
D) 450 м.
E) 475 м.

12. Алюминий заводтары СЭС-на жақын орналасу себебі:
A) Тұтынушы мен шикізаттың жақындығы.
B) Электрэнергиясын көп қажет етеді.
C) Магистральдың жақындығы.
D) Темір жолдарының жақындығы.
E) Еңбек ресурстары.

13. Барлық көлік түрлерінің жиынтығы:
A) Байланыс.
B) Мәдениет.
C) Көлік кешені.
D) Өнеркәсіп.
E) Ауыл шаруашылығы.

14. Халықаралық экономикалық қатынастардың несие беру қызметін... атқаруы:
A) Халықаралық сауда
B) Инвестиция
C) Географиялық еңбек бөлінісі
D) Қаражат және несие
E) Ғылыми-техникалық байланыс

15. Солтүстік Американың ең оңтүстігінде орналасқан мемлекет.
A) Панама.
B) Никарагуа.
C) Белиз.
D) Ямайка.
E) Коста-Рика.

16. Халықаралық ОПЕК ұйымын біріктіретін мемлекеттер:
A) Латын Америкасы елдері.
B) Еуропаның жоғары дамыған елдері.
C) Мұнайды экспорттайтын елдер.
D) Ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттайтын елдер.
E) Араб елдері.

17. Бельцы мен Рыбницады ... орналасқан .
A) қант зауыттары
B) жібек-мата комбинаты
C) былғары аяқкиім фабрикасы
D) мақта-мата комбинаты
E) шарап жасау зауыттары

18. Қытайда кең тараған діндер
A) Ислам, будда.
B) Католиктік, конфуциялық.
C) Будда, синтоизм.
D) Будда, конфуциялық.
E) Христиан, синтоизм.

19. Африка материгінің аралдарын қоса есептегенде жалпы ауданы
A) 54 млн км2
B) 18 млн км2
C) 14 млн км2
D) 30,3 млн км2
E) 24 млн км2

20. Таулардағы табиғат зонасының алмасуы ... деп аталады
A) Табиғат зонасы
B) Таулы зона
C) Ендік зона
D) Биіктік белдеулік
E) Тауларда табиғат зоналары болмайды

21. Солтүстік Америка далалары
A) Пампа.
B) Тундра.
C) Пуна.
D) Тайга.
E) Прерии.

22. Шөлейт зонасының негізгі топырағы
A) Қара
B) Ашық қара қоңыр
C) Қоңыр
D) Қызғылт
E) Қызыл қоңыр

23. Есіл өзені басталатын тау
A) Ерейментау
B) Нияз
C) Ұлытау
D) Ақсораң
E) Қызыларай

24. Қазақстан аумағын 5 экономикалық ауданға бөлген орыс ғалымы:
A) В.Докучаев
B) Н.Потаин
C) И.Мушкетов
D) Л.Берг
E) H.Баранский

25. АҚШ-тың металлургиялық ірі орталығы.
A) Балтимор.
B) Портленд.
C) Даллас.
D) Денвер.
E) Питтсбург.
ГЕОГРАФИЯ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ



1. Ежелгі Қытайдағы ұсақ мемлекеттерді біріктіруді жүзеге асырған патша:
A) Конфуций.
B) Ашока.
C) Сыма Цянь.
D) Кир.
E) Цинь Шихуан.

2. Ежелгі Римнің қоғамдық-саяси өмірінде табысқа жетудің негізі болған өнер:
A) ақындық
B) шешендік сөйлеу
C) мүсіндік
D) актерлік
E) суретшілік

3. «Орыс қалаларының анасы» атанған қала:
A) Псков
B) Кострома
C) Мәскеу
D) Новгород
E) Киев

4. Үндістанды ашқан саяхатшы:
A) Христофор Колумб.
B) Америго Веспуччи.
C) Васко да Гама.
D) Фернан Магеллан.
E) Бартоломеу Диаш.

5. Англиядағы феодалдық топтар мен парламентті жақтаушылар арасындағы азамат соғысының басталған жылы:
A) 1642 ж.
B) 1641 ж.
C) 1644 ж.
D) 1643 ж.
E) 1640 ж.

6. Германияның «Барбаросса» жоспары бағытталған ел:
A) КСРО
B) Шығыс Еуропа
C) Англия
D) Франция
E) АҚШ

7. Бұл храмда 200-ден астам мүсіндер бар және төбелері алтын жалатылған тақтайшалармен қапталған:
A) Гелиополь храмы
B) Мемфис храмы
C) Фивы храмы
D) Ур храмы
E) Ниневия храмы

8. Ұлы Карлдың көрші елдерге жасаған жорықтарының саны:
A) 53
B) 47
C) 49
D) 48
E) 45

9. Император Юстиниан билік құрған жылдар:
A) 505-527 жж.
B) 520-560 жж.
C) 540-575 жж.
D) 530-565 жж.
E) 527-565 жж.

10. ХІ ғасырда Британ аралдарын жаулап алған Нормандия герцогі:
A) Вильгельм.
B) ІІ Генрих.
C) ІІІ Генрих.
D) Гарольд.
E) VI Генрих.

11. Санкт-Петербургтың іргетасы қаланған жыл:
A) 1713 ж.
B) 1709 ж.
C) 1732 ж.
D) 1722 ж.
E) 1703 ж.

12. ХІХ ғ. басында «Америкалық отарлар қоғамының» қара түстілерге қатысты ұсынған идеясы:
A) Африкаға қайтару
B) сайлау құқын беру
C) әлеуметтік қолдау жасау
D) жер беру
E) сауаттылығын ашу

13. Бенгалдық ақын және жазушы Рабиндранат Тагордың романы:
A) «Орман патшасы».
B) «Күйреу».
C) «Құмырсқалар елі».
D) «Біздің заманның ерлері».
E) «Азапты жолда».

14. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасының негізгі міндеті:
A) Дүние жүзін бөлісуді реттеу.
B) Жаңа экономикалық аймақтар құру.
C) Революциялық-демократиялық қозғалыстардың ошақтарын құру.
D) Отарларды бөліске салу.
E) Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

15. Англия отарлары стерлинг тобы атты ұйым мүшелігіне енді:
A) 1930 жылы
B) 1932 жылы
C) 1934 жылы
D) 1937 жылы
E) 1931 жылы

16. 1941 ж. Германияның КСРО-ға шабуылына Үнді Компартиясының көзқарасы:
A) пацифистік
B) Қолдаушылық
C) Айыптаушылық
D) реваншистік
E) Бейтараптық

17. Португалия Европалық Одақ мүшелігіне қабылданды:
A) 1977 ж.
B) 1986 ж.
C) 1988 ж.
D) 1987 ж.
E) 1980 ж.

18. “Уотергейт жанжалына” байланысты өз еркімен биліктен кеткен АҚШ президенті:
A) Р. Никсон.
B) Дж. Картер.
C) Р. Рейган.
D) Б. Клинтон.
E) Д. Кеннеди.

19. «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» дастанының авторы:
A) С.Мұқанов
B) М.Шолохов
C) М.Горький
D) А.Твардовский
E) В.Маяковский

20. 1801 жылы Египетте жеңіліске ұшыраған мемлекет:
A) Ресей
B) Испания
C) Италия
D) Ұлыбритания
E) Франция

21. 1870 ж. 19 шілдеде ...
A) Екінші империя жарияланды
B) Париж Коммунасы орнады
C) Франция-Пруссия соғысы аяқталды
D) Франция-Пруссия соғысы басталды
E) Герман империясы жарияланды

22. 1906 ж. халықаралық кездесуде бұл араб елінің «тәуелсіздігін» құрметтеу туралы шешім қабылданды:
A) Марокконың
B) Египеттің
C) Араб әмірлігінің
D) Кувейттің
E) Алжирдің

23. 1921 ж. ауыл шаруашылығындағы ЖЭС бағытының мәні:
A) Ұжымдастыру.
B) Жерді жалға беруді тоқтату.
C) Ұсақ жеке шаруашылықтарды тарату.
D) Кулактарды тап ретінде жою.
E) Салғыртты салықпен ауыстыру.

24. 1969 жылы Референдумда Шарль де Голль ұсынған екі заң жобасы:
A) Францияның жаңа әкімшілік құрылысы туралы және Сенатты жаңарту туралы.
B) Өнеркәсіпті жетілдіру және карточкалық жүйе енгізу.
C) Экономиканы дамыту және отар елдерді бөлу туралы.
D) Басқару жүйесі және сайлау туралы.
E) Еуропалық бірлестік туралы.

25. 1958 ж. құрылған Біріккен Араб республикасының мүшелері:
A) Иордания мен Палестина
B) Сирия мен Египет
C) Бахрейн мен Катар
D) Алжир мен Ливия
E) Иран мен Ирак


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет