2022 – 2023 оқу жылына арналған 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша



бет14/17
Дата24.05.2023
өлшемі32,78 Kb.
#96627
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Есеп №10

Мекемеде автокөлік жөндеуші слесарьды басқа бөлімге аауыстыруға қажеттілік туды. Егер оның жұмыс режимі сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, 12.00- 13.00 аралығында түскі үзіліс және мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі болса, жіберілетін бөлме ауысым (смена) юойынша жұмыс жасайды және еңбекақы жүйесінің кесімді түрі бойынша жалақы төленеді.


Кадр бөлімінің маманы басқа жұмыс орнына ауыстыру туралы бұйрық әзірледі, ал қызметкер бұл бұйрықпен келіспей, бұл ауыстырудың басқа жұмысқа ауыстыруы болып есептелінетін және өзінің келісімі болу керектігін айтты.
Дауды шешіңіз.

Есеп №11

Мекеменің еңбек және еңбек ақы бөлімі маманы сырқаттанып қалды. Кадр бөлімінің бастығы өндірістік қажеттілікке байланысты цех нормалаушысын сырқаттанған қызметкердің міндеттерін орындау үшін уақытша ауыстыру туралы бұйрық шығарды. Цех нормалаушысы бұл бұйрықты орындаудан бас тартып, өзінің келісімінсіз басқа жұмысты орындауға жұмыс берушінің мәжбүрлеуге құқығы жоқ екенін айтты. Цух нормалаушысының талабы орынды ма?


Есеп №12

14 маусым 2006 жылы экономист Ахметов жұмыстан өз еркімен босату туралы өтініш берді. 10 шілде 2006 жылы бұйрық дайын болған кезде Ахметов әкімшілікке жаңа өтінішпен келді. Онда ол жұмыстан босатылудан ойланғанын және өзінің алдыңғы өтінішін жоюды сұрады. Ахметов жұмыстан босатылғаннан кейін өз лауазымы орнына тәртіп бойынша басқа қызметкер орналасқанын білгеннен кейін әкімшілік құқығымды бұзды деп сотқа арыз берді.



  1. Қызметкердің бастамасымен жұмыстан босатылудың тәртібі қандай?

  2. Жұмыстан босату туралы өтініш берген қызметкер оны қайтадан қайтып алуға құқығы бар ма?

  3. Ахметовтың арызы бойынша сот қандай шешім қабылдауы керек?

Есеп №13

Азамат Макеев заводта жұмыс жасайды. Әкімшілік медийиналық қорытынды негізге ала отырып оған басқа жеңіл жұмыс ұсынды. Бірақ Макеев ұсынылған жұмыстан бас тартты, сол себепті оны жұмыстан босатты. Макеев өзін заңсыз жұмыстан шығарды деп есептеп сотқа шағымданды.


Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа ауыстыру тәртібі қандай?
Макеевтің талабы орынды ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет