2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет112/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   170
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Дүниежүзі 
тарихы» оқу пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде 
сыныптарды топтарға бөлуге білім беру санына қарамастан қалалық, ауылдық 
білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде 
жол беріледі.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 
25 бұйрығымен енгізілген) жүзеге асырылады.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған оқу 
жүктемесінің көлемі 18.3-кестеде көрсетілген. 
Кесте 18.3. «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша 5-11 сыныптарға 
арналған оқу жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Оқу пәнінің атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген 
оқу 
жүктемесімен) 
Апталық Жылдық 
Апталық 
Жылдық 
5-

Дүниежүзі тарихы 

36 

36 
10-1
1 (ҚГБ) Дүниежүзі тарихы 

72 

108 
10-1
1 (ЖМБ) Дүниежүзі тарихы 

36 

72 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 
26.01.2022ж. №25 бұйрығы 23-қосымша) 10-11-сынып қоғамдық-гуманитарлық 
бағытында «Дүниежүзі тарихы» пәні таңдау пәні бойынша 3 сағат көлемде 
тереңдетілген деңгейде оқыту қарастырылған. Ал, осы бұйрықтың 22 
қосымшасына сәйкес, жаратылыстану-математика бағытында 2 сағат көлемде 


208 
стандартты деңгей қарастырылған.
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
2022-2023 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқу 
процесін ұйымдастыруда Ы. 
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясының ресми сайтында 
https://uba.edu.kz/
орналастырылған Үлгілік 
оқу бағдарламаларын басшылыққа алу керек. 
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктері 
Пәнді оқу барысында педагог:

әлем халықтарының материалдық және рухани мұрасын зерделеуге; 

білім 
алушылардың 
бойында 
азаматтық-құқықтық 
сананың 
қалыптастыра отырып, патриотизмге тәрбиелеу; 

білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылықтарды қалыптастыруға ерекше назар аудару ұсынылады. 
 Тарихты оқытуда келесілерге көңіл бөлу ұсынылады:
Пән бойынша оқу бағдарламаларының мақсаттарының бірі білім 
алушыларда тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Әлемнің 
тарихи дамуы барысында бізге жеткен жалпыадамзаттық құндылықтарды 
дарытуға ықпал ететін материалдарды зерттеуге ерекше назар аудару 
ұсынылады. Білім алушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда, 
тарихи деректерден, басылымдар мен электронды құралдардағы ақпараттарды 
қолдана отырып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға өз ойын ауызша және 
жазбаша түрде анық білдіру дағдыларын дамытуды қамтиды. Сондықтан сабақта 
білім алушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік 
беретін әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, 
жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез-
келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі 
тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау 
қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы білім алушы өткен тарихқа 
қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды 
қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп 
кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс. Сондықтан, «Дүниежүзі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет