Медициналық биофизика пəнін…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
25
Осы көрсеткіштерді негіз етіп, болашақ дəрігерлерді медициналық техниканы қолдануға
дайындаудың мақсатын анықтаудан бастаған жөн. Н.Ф.Талызина атып көрсеткендей, осы кезеңге
дейін белгілі бір пəнді оқып-үйренудің мақсаты: «терең білім беру, білімді практикада
шығармашылықпен қолдану т.б.» жалпы түрде беру қалыптасқан. Қазіргі заманғы кəсіби білім
берудің мазмұны мен мақсаты маманның атқаратын іс-əрекеттерінің ішінен ең бастыларын нақты
көрсетуді талап етеді, өйткені орындалатын іс-əрекеттер сипаты орындалатын іс-əрекеттің мазмұны
мен оны шешу жолдарына байланысты болады [7]. Осыған сəйкес студенттердің оқу үрдісі кезінде
диагностикалық, терапиялық жəне лабораториялық зерттеу құралдарымен орындалатын іс-
əрекеттерін жəне олардың меңгерілуін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау қажет. Ол үшін оқу
үрдісінде студенттердің медициналық құралдарды қолдану бағытына сəйкес таңдай алуын;
медициналық құралды жұмысқа қосу жəне оның əсерін тіркеуді; медициналық құралда
қолданылатын физикалық фактордың диагностикалық немесе емдік əсерінің физикалық табиғатын
білу; медициналық техникалардың пациентке тигізетін зиянды əсерлерін жəне оны жою жолдарын
білу; қазіргі заманауи медициналық техникалардың дамуы туралы мəліметтерден хабардар болуын
жəне тағы басқа қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады жəне мұны аталған проблеманы
шешудің бірі ретінде қабылдау қажет.
Біздің ғылыми-педагогикалық əдебиеттерге жүргізген талдауларымыз медициналық жоғары оқу
орындары (жоо) студентеріне медициналық техниканы меңгертудің педагогикалық жүйесі
қаланбағандығын көрсетті. Бұл студенттердің медициналық техниканы меңгеру дəрежесін
анықтайтын көрсеткіштері атымен жоқ деген сөз емес, керісінше, 2006 жылғы Қазақстан
Республикасының медициналық білім стандартында 6 түрлі мамандық үшін 18 түрлі медициналық
техникалармен орындайтын іс-əрекеттер көрсетілген. Бірақ бұл көрсеткіштер толық емес жəне біз
зерттеу нəтижесі бойынша бұл стандартқа енбеген, денсаулық сақтау саласында қолданылатын
көптеген жаңа типті медициналық құралдарды анықтадық.
Н.Ф.Талызина мамандықтардың біліктілік сипатамасында мынадай кемшіліктердің орын
алатындыған атаған: «Мамандардың құралдармен жұмыс істеу дағдысын сипаттайтын
көрсеткіштерді сипаттайтын критерийлер берілмеген; маманның меңгерген дағдысы көптеген
пəндердің бірлескен əсері арқасында қалыптасады, сондықтан осы процесте əр пəннің беретін
«үлесін» дəл анықтау қажет; аталған дағдылар жүйесі орындауға болатындай етіп ұсынылуы тиіс»
[7; 9]. Бұл аталған кемшілік 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының медициналық
білім стандартына да кездеседі, берілген медициналық құралмен, қандай іс-əрекеттер орындалатыны
жəне оны орындау дəрежесін сипаттайтын көрсеткіштер берілмеген, яғни бұл стандартта
Н.Ф.Талызинаның атаған кемшіліктері орын алған.
Сонымен, жоғарыдағы анықталған ғылыми тұжырымдар мен мəліметтерді жинақтай келе,
медициналық жоо студенттерінің медициналық техника бойынша дайындығының басты
көрсеткіштері ретінде мыналарды алу қажет деп санаймыз:
Достарыңызбен бөлісу: