Мен нені жақсы көремін? Мен нені жаман көремін?
Мақсаты: Тәрбиеленушінің өмірлік құндылығын анықтау.
Нұсқау:
Төмендегі сұрақтарға 10 жауаптан жазып шығыңыз: «Мен нені жақсы көремін?», «Мен бәрінен бұрын нені жек көремін?»
Аяқталмай қалған хат
Бейтаныс досқа жазылған хатты жалғастырыңыз:
Мен жақсы өмір сүремін, себебі..... Мен жақсы өмір сүрмеймін себебі......
Фантастикалық таңдау
Мақсаты: «Сиқырлы жағдайды» пайдалана отырып, баланың қажеттілігін білу.
Нұсқау:
Алтын балық сенен «Саған не керек?» деп сұраса не деп жауап берер едің?
Егер де сен бір сағатқа сиқыршы болсаң не істер едің?
Сен адам аяғы баспаған аралға келіп, өміріңнің қалған бөлігін сонда өткізуді ұйғардың. Өзіңмен бірге бес затты алып баруға болады. Бес затың атын ата?
Достарыңызбен бөлісу: |