3. Эксперимент бағдарламасы


Эксперименттің негізгі идеясы



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі25,65 Kb.
#12822
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Эксперименттің негізгі идеясы:

1401000- «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың нақты білім беру бағдарламасы ұқсас біліктіліктер бойынша білім беру деңгейлерін интеграциялауды ескере отырып,құзіреттілік тәсіл негізінде әзірленген.

Құзіреттілік тәсіл базалық және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруды,оның ішінде оқытудың модульдік және кредиттік технологияларын енгізуді көздейді. Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білім беру интеграцияланған модульдік бағдарламаларын (бұдан әрі – ТжКБ) және бакалавриаттың жеке пәндерін /модульдерін зерделеуді көздейді.

Техникалық және кәсптік білім берудің интеграцияланған модульдік бағдарламаларының мазмұнын әзірлеу базалық және кәсіптік құзіреттер негізінде модульдер тізбелерін қалыптастыруды көздейді.

Бакалавриаттың жекеленген пәндері/модульдері міндетті компонентті (міндетті пәндер/жоғары білім беру бакалавриат модульдері) және базалық компонентті (арнайы пәндерін /қолданбалы бакалавриат модульдері ) қамтиды.

Міндетті компрненттің пәндерін/модульдерін анықтау үшін оқу мазмұнының қайталануын болдырмау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының модульдері/пәндері және жоғары білім беру бағдарламаларының міндетті компрненттің пәндері /модульдері бойынша оқу уақытының көлемін салыстыру жүргізіледі.

Арнайы пәндер/модульдер тізбелерін қалыптастыру кезінде кәсіби қызмет түріне байланысты анықталатын қолданбалы бакалвриаттың мамандануы ескеріледі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет