32. Көмекші етістік пен аналитикалық форманттар


Қимыл есімі, түрленуі, сөйлемдегі қызметі



бет7/7
Дата27.11.2023
өлшемі91,84 Kb.
#129742
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
32-41

41. Қимыл есімі, түрленуі, сөйлемдегі қызметі.
Қимыл есім - етістікке тән шақтық қасиеттен де, жіктелу, райлық қасиеттерден де тысқары тұратын, есімдерше түрленетін етістіктің ерекше бір түрі. Етістіктің райлары шаққа қарай түрленіп, жіктеліп сол арқылы қимылдың иесімен жақ жағынан байланысқа түсетін болса, Қимыл есімде ондай қасиет жоқ. Ол есімдерше септеледі, тәуелденеді, бірақ етістіктерше жіктелмейді, шақ пен жаққа қатысы болмайды, мағыналық жағынан қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сондықтан да бұл қимыл есім деп аталады. Қимыл есім етістіктің негізгі, туынды түбірлеріне, болымсыз түрлеріне және етістерге - у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.
Мысалы, бару, келу, жүру, санау, бұрғылау, алмау, қалмау, жуыну, тарану, алғызу, сөйлесу т.б. Қимыл есім қимыл, іс-әрекеттің атын білдіріп, солардың атауы болатындықтан, заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады, тіпті кейбір Қимыл есімдер белгілі бір заттың атын білдіріп, зат есімге айналып кеткен. Мысалы: егеу, қашау, көсеу. Мұндай сөздердің бір қатары әрі етістік, әрі есім ұғымын білдіретін омонимдік сипат алған. Бұлар мағынасына қарай былайша топталады: 1. Үй бұйымдары атаулары: жабу, жасау, бояу, сабау, тіреу. 2. Құрал атаулары: егеу, қашау, көсеу. 3. Мекен-жай атаулары: қыстау, жайлау, асу. 4. Деріксіз ұғымдық қасиеті бар зат атаулары: оқу, тергеу, жоқтау, нұсқау т. б. Қимыл-есім тұлғалы омонимдердің зат есімге айналған түрі контексте айқындалады: ағашты қашау, қашау — таптырмайтын құрал, қаңылтырды бояу, дүкенде бояу сатылып жатыр, кітап оқу, оқу инемен құдық қазғандай т. с. с. Қимыл есімдер түрленуі жағынан болсын, мағынасы жағынан болсын зат есімге жақын жатқанымен, ол өзінің бастапқы етістікке тән мағынасынан қол үзбейді, яғни Қимыл есім етістік мағынасын сақтай отырып, әр түрлі қимылдық қатынастарды білдіреді. Мұндай қимылдық қатынастарды білдіруі Қимыл есімнің тұлғалық жағынан түрленуіне байланысты. Қимыл есімдер септелуге байланысты толықтауыш, бастауыш, пысықтауыш қызметін, кейде өзінің бастапқы қалпында тұрып, баяндауыш қызметін де атқара алады. Мысалы: сөйлеуді ұнатады, бояу өң береді, айтуға келді, мақсат-өнімді арттыру, тұрмысты жақсарту. Қимыл-есімдер керек, қажет тәрізді модальдық сөздермен тіркескенде, предикаттанып, баяндауыш қызметін өтей алады. Предикаттану, көбінесе қимыл-есімнің тәуелденіп, оның белгілі бір жаққа тән екендігінен байқалады. Мұндай синтаксистік құрылымда қимыл иесі ілік септігінде тұрады. Мысалы: Менің баруым керек. Сенің баруың керек. Оның баруы керек. Қымыл есімнің модальдық сөздермен тіркесуінен туындаған предикаттану оның сөйлемдегі синтаксистік қызметіне тікелей байланысты. Қимыл-есімнің керек, қажет, тиіс сөздерімен тіркескен түрі міндеттілік мәнді білдіріп, жақсыз сөйлемдер құрауға түрткі болады. Мысалы, Біздің жиналысқа баруымыз керек. Сіздің осында келуіңіз қажет. Қимыл есімдер тиіс модальдық сөзімен тіркескенде предикаттанып, баяндауыш қызметін атқара алады. Мұндай жағдайда қимыл иесі атау септігінде тұрады да, қимыл-есім көбіне барыс септік жалғауын қабылдайды. Мысалы: Біз келуге тиіспіз (тиістіміз). Сіз келуге тиіссіз (тиістісіз). Ол келуге тиіс (тиісті). Қимыл есімдерге - лық, - лік әсіресе - шы, - ші жұрнақтары жалғану арқылы туынды зат есімдер жасалады. Мұндай жағдайда қимыл-есім туынды түбірге негіз болады. Мысалы: жазушы, сатушы, оқушы, оқулық, жалғаулық т.б. Сонымен, Қимыл есімдер тиісті тұлғада түрленуіне қарай, белгілі сөздермен тіркесуіне орай сөйлемде дербес мүше де бола алады, күрделі мүшенің құрамына да ене алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет