Буындардың буын беттері санына байланысты жіктелуі : Қарапайым буын articulatio simplex бір немесе бірнеше сүйекпен түзілген, бірақ екі буын б
еті бар буын.
Күрделі буын articulatio composite буын капсуласында бірнеше буын беттерінің, яғни бірне
ше қарапайым буынның болуынана түзіледі. Олардың қимылы бірге немесе дербес болуы
мүмкін.
Үйлесімді буын бірлесе қызмет атқаратын, бірақ бір-
бірінен бөлек орналасатын буын Кешенді буын буынды екі камераға
бөлетін буын ішіндегі шеміршегі бар буын.
35. Буынның негізгі және қосалқы элементтері. Буынның негізгі элементтеріне: буын бетінің
шеміршегі, буын қапшығы және буын аралық саңылау жатады.
Буын беті facies articularis- буын шеміршегімен жабылған. Олар ұзын түтік сүйектердің эп
ифизінде, қысқа сүйектер басы мен негізінде, ал қалғандарының денесі мен өсінділерінде
орналасады.Буын беттерінің пішіндері әр түрлі, олар бір-біріне сәйкес, яғни
конгруэнтті болып келуі керек.
Буын бетінің шеміршегі cartilago articularis гиалин шеміршегінен тұрады. Қызметі: буын
қуысына қараған сүйектердің буын бетін көмкеріп, буында болатын үйкелісті азайту. Буы
н шеміршегінің перифериялық бөлігі орталық бөлігіне қарағанда биіктеу болып келеді.
Буын қапшығы capsula articularis ол буын бетінің айналасынан шеңбер бағытымен баста
лып, тұйықталынып, саңылаусыз орналасқан қабықша. Ол сыртқы фиброзды жарғақтан ж
әне ішкі – синовиалды жарғақтан тұрады.
а) сыртқы фиброзды қабаты tunica fibrosa өте тығыздау болып орналасқан дәнекер тіндерд
ен тұрады.
Қызметі: буын қапшығының беріктігін сақтау.
б) ішкі синовалды қабаты tunica synovialis фиброзды қабықшаның ішкі қапталында орнала
сқан. Синовалды деп аталу себебі бойынан сарғыш түсті сұйықтық бөледі.
Қызметі: а)буынның қозғалысы кезінде үйкелісті азайту; б) буын бетінің шеміршектік тіні
н қоректендіру;
в)синовиальды сұйықтықтың қоюлығына және оның жабысқақтығына байланысты буынд
а болатын қозғалысты өзгерту.
Буынаралық саңылау cavitas articularis буын беттерімен және капсуламен шектелген кеңіст
ік. Буын саңылауы синовиалды сұйықтықпен толтырылған.