33. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Үздіксіз байланыстар


Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі. Тақым шұңқыры, шекаралары, қ



Pdf көрінісі
бет49/55
Дата30.09.2023
өлшемі0,82 Mb.
#111925
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
33. Сүйек қосылыстарының-emirsaba.org (1)

Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі. Тақым шұңқыры, шекаралары, қ
ұрамы.
Сирақ бұлшықеттері, т. crurales орналасуына қарай алдыңғы, артқы және латеральді топ б
ұлшықеттері болып 3-ке бөлінеді.
Алдыңғы топ бұлшықеттеріне бас бармақты жазатын ұзын бұлшықет m.еxtеnѕоr hаlucis lo
ngus, башпайды жазатын ұзын бұлшықет m.еxtеnѕоr dіgіtоrum, және алдыңғы асықты жілік
бұлшықеті m.tibialis anterior жатады.
Алдыңғы асықты жілік бұлшықеті сирақ сүйектерінің сүйекаралық мембранасыннан және 
асықты жіліктің латеральді айдаршығы мен денесінен баталады да, медиальді сынатәрізді 
сүйек пен бас бармаққа барып бекінеді. Табанды бүгу және супинациялау функцияларын а
тқарады. Башпайды жазатын ұзын бұлшықет m.еxtеnѕоr dіgіtоrum сирақ сүйектерінің сүйе
каралық мембранасынан, кішіжіліншік денесінен, асықты жіліктің латеральді айдаршығын
ан басталады да, сирақ-асықты буынының аймағында төрт сіңіршелерге бөлінеді де II-
V бапшайлардың дистальді, ортаңғы фалангаларына бекінеді. II-
V башпайлар мен табанды жазу функциясын атқарады. Бас бармақты жазатын ұзын бұлш
ықет m.еxtеnѕоr hаlucis longus сирақ сүйектерінің сүйекаралық мембранасынан,
кішіжіліншіктің алдыңғы бетінен басталады да, бас бармақтың дистальді фалангасына бек
інеді. Бас бармақты жазу функциясын атқарады.
Латеральді топ бұлшықеттерге кішіжіліншіктің ұзын және қысқа бұлшықеттері жатады. Кі
шіжіліншіктің ұзын бұлшықеті m.peroneus longus кішіжіліншіктің басы мен денесінің лате
ральді бетінен және асықты жіліктің латеральді айдаршығынан басталады да, I-
II табан сүйектерінің негізіне бекінеді. Табанды бүгу қызметін атқарады. Кішіжіліншіктің 
қысқа бұлшықеті m.peroneus brevis кішіжіліншіктің латеральді бетінен басталады да, V таб
ан сүйектеріне бекінеді. Бұл бұлшықет те табанды бүгу қызметін атқарады.
Артқы топ бұлшықеттері терең және беткей екі қабатты құрайды. Беткей қабатты сирақ сү
йектерінің үш басты, табан бұлшықетінен, ал терең қабатты артқы асықты жілік, башпайл
арды және бас бармақты бүгетін ұзын, тақым бұлшықеттерінен тұрады. Сирақ сүйектеріні
ң үш басты бұлшықеті m.triceps surae камбалатәрізді m.soleus, латеральді және медиальді б
асы бар балтыр бұлшықетінен m.gastrocnemius тұрады. Камбалатәрізді бұлшықет асықты 
жіліктің камбалатәрізді бұлшықетке арналған сызығынан және кішіжіліншіктің басынан б
асталады. Балтыр бұлшықетінің латеральді басы асықты жіліктің латералді айдаршығынан
басталады. Ал медиальді басы медиальді айдаршығынан басталады да, сирақтың орталық 
бөлігінде жалпақ сіңірге ұласады, ол камбалатәрізді бұлшықеттің сіңірімен қосылып ахил 
сіңірін құрайды да, өкшенің бұдырына барып бекінеді. Табан мен сирақты бүгу қызметін а
тқарады. Табан бұлшықеті m.plantaris тұрақты емес, ортан жіліктің лартеральді айдаршық
үстінен басталады да, ахил сіңірімен бірге өкшенің бұдырына бекиді. Табан пен сирақтың 
бүгілуіне қатысады.
Башпайларды бүгетін ұзын бұлшықет m.flexor digitorum longus асықты жіліктің артқы жағ
ынан, камбалатәрізді бұлшықет сызығының төменгі жағынан басталады да, сіңірі табанға 
өтетін жерде төрт сіңіршелерге бөлініп, II-


V башпайлардың дистальді фалангасына барып бекінеді. Табан мен II-
V башпайларды бүгу функциясын атқарады.Тақым бұлшықеті m.popliteus ортан жіліктің л
атеральді айдаршығынан басталады да, асықты жіліктегеі камбалатәрізді бұлшықетке арна
лған сызықтың үстіне бекінеді. Сирақты бүгу функциясын атқарады. Бас бармақты бүгетін
ұзын бұлшықет m.flexor hallucis longus сирақ сүйектерінің сүйекаралық мембранасы мен к
ішіжіліншіктің атқы бетінен басталады да, бас бармақтың дистальді фалангасына бекінеді.
Бас бармақты бүгу функциясын атқарады. Артқы асықты жілік бұлшықеті m.tibialis poster
ior сирақты сүйектердің сүйекаралық мембранасынан және денелерінің артқы бетінен баст
алады да, қайық тәрізді сүйекке бекиді. Табанның пландациялық бүгілуін жүзеге асырады.
Тақым шұңқыры тізе аймағының артқы аймағында орналасқан. Тақым шұңқырының fossa 
poplitea жоғарғы медиальді қабырғасы жартылай сіңірлі және жартылай мембраналы бұлш
ықеттердің сіңірімен, жоғарғы латеральді қабырғасы санның екі басты бұлшықетінің сіңір
імен, төменгі қабырғасы балтыр бұлшықетінің латеральді және медиальді бастарымен шек
тесіп жатады. Тақым шұңқырының ортаңғы сызығының бойында беткей тақым нерві n.tibi
alis, ал терең жағында a.poplitea мен v.poplitea орналасқан. Шұңқырдың түбінде тақым бұл
шықеті мен фасциясы орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет