33. Сүйек қосылыстарының


Шайнау бұлшық еттері, қызметі. Уникальность: 100



бет29/45
Дата13.02.2023
өлшемі216,5 Kb.
#67397
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45

Шайнау бұлшық еттері, қызметі. Уникальность: 100


Шайнау бұлшықеттерінің негізгі қызметі төменгі жақ/самай буының қозғалту.

  1. М. maseter, шайнау бұлшықет бетсүйегіндегі астыңғы жағынан және бетсүйектің доғасынан басталып, астыңғы жақ сүйегіндегі tuberosita masseteric-ға бекиді. Екі топқа бөлінеді: беткей және тереңде орналасқан: pars superfacialis te profundus. Жалпы төменгі жақ сүйегін көтеріп алға жылжыта алады.

  2. М. temporali, самай бұлшықет, оның кең басталуымен бас сүйегінің самай шұңқырының бүкіл кеңістігін алып орналасқан. Бұлшықет байламдары желдеткіш тәрізді бетсүйегі доғасының астына сәйкес келеді. Жалпы бұл бұлшықеттің алдыңғы талшықтары төменгі жақты алға және жоғары көтере алады, ал артқылары жоғары және артқа тарта алады.

  3. М. pterygoideu laterali, латеральды қанат тәрізді бұлшықет, cынатәрізді сүйектің латеральды қанаттәрізді өсіндісінен басталып астыңғы жақ сүйектегі қанат тәрізді бұлшықет шұңқыршасына келіп бекиді. Жалпы бұл бұлшықеттің арқасында жақ алға қарай жылжи алады.

  4. М. pterygoideu mediali, медиальды қанатәрізді бұлшықет, сына тәрізді бұлшықеттің медиальды қанатәрізді өсіндісінен басталып төменгі жақ сүйегіне бекиді.

61.Мойынның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары. Мойынның беткей бұлшықеттері. Мойынның терең бұлшықеттері. (уник-87,40)


Мойын аумағындағы бұлшықеттерді мойын бұлшықеттері - musculus colli деп атайды. Бұл бұлшықеттердің күрделі болып келуі эмбрионалдық дамуымен, топографиялық орналасуымен, қан тамырлар мен нервтер және фасциялық қабықшаның күрделі болып орналасуына тікелей байланысты.
Мойын бұлшықеттері эмбрионалдық дамуына байланысты бірнеше топтарға ажыратылады:

  1. Бірінші висцералдық доғадан дамыған бұлшықеттерге: жақ-тіласты бұлшықеті мен артқы қарынша жатады.

  2. Екінші висцералдық доғадан дамыған бұлшықеттерге: біз-тіласты бұлшықеті мен теріасты бұлшықеті кіреді.

  3. Желбезек доғадан дамыған бұлшықеттерді төс-бұғана - емізік бұлшықеті құрайды.

  4. Мойынның вентралды бөлігінен дамыған бұлшықеттерге: төс-тіласты бұлшықеті, төс- қалқанша бұлшықеті, қалқанша тіласты, жауырын — тіласты бұлшықеті; иек-тіласты бұлшықеті, сатылы бұлшықеттер және мойын омыртқалардың алдында орналасқан бұлшықеттер жатады.

Ал, топографиялық орналасуына қатысты - беткей және терең орналасқан бұлшықеттерге бөлінеді.

  1. Беткей бұлшықеттеріне келетін болсам. Олардың өзі үш топқа ажыратылады:

  • Мойын тері асты бұлшықеті - musculus platysma өте нәзік , жалпақ. Ол musculus pectoralis major et musculus deltoideus-ті жабатын шандырдан басталып , бұлшықеттің артқы будаларымен бастың беткей шандырына , ал алдыңғы будаларымен ауыз бұрышына бекіп

, кейбір ымдау бұлшықеттеріне яғни musculus depressor labii inferioris , musculus risorius-қа жалғасады. Функциясы: мойын терісін төменге тарту , ауыз бұрышын түсіру.

  • Төс - бұғана - емізік бұлшықеті - musculus sternocleidomastoideus, оның екі басы ажыратылады. Оның медиалды басы - manubrium sterni алдыңғы бетінен, ал латералды басы - еxtrеmitas sternalis claviculae басталып, шүйде сүйектің жоғарғы желкелік сызықшасының бүйір бөлігіне бекінеді.Функциясы: бұлшықет бір жақты жиырылғанда басты өз жағына бұрады және екі жакты жиырылғанда басты шалқайтады.

  • Тіласты сүйегіне бекитін жоғарғы бұлшықеттерге келетін болсам:

Олардың бірі төменгі жақ-тіласты бұлшықеті - m.mylohyoideus, тіласты сүйегінің бағытын жоғары-төмен тарту функциясын атқарады. Ал, m.digastricus - төменгі жақ сүйегін төменгі бағытқа тартады. Ал, m.styiohyoideus - жиырылу кезінде тіласты сүйегін жоғарыға тарту
функциясын жасайды. Иек-тіластылық бұлшықет-m.geniohyoideus, төменгі жақсүйегін төменге қарай қозғалтады.

  • Тіласты сүйегіне бекитін төмен бұлшықеттеріне тоқталып өтетін болсам...Олардың бірі - m.sternohyoideus. Функциясы: жиырылу сәтінде тіласты сүйегін төменге тарту. Ал, төс- қалқанша бұлшықетінің - m.sternothyroideus функциясы – көмейдің бағытын төменге тарту. Келесі қалқанша-тіласты бұлшықеті - m.thyrohyoideus, көмейдің бағытын тіласты сүйегіне тартуды қамтамасыз етеді. Ал, жауырын-тіласты бұлшықеті - m.omohyoideus жалпақ екі қарыншадан тұратын бұлшықет болып табылады.Функциясы –тіласты сүйегінің бағытын төменге, артқы бағытқа тартуды қамтамасыз етеді.

  1. Мойынның терең орналасқан бұлшықеттері - медиалды және латералды топтарға бөлінеді.

  • Латералды топ бұлшықеттері 4 топқа бөлінеді.

  1. Алдыңғы сатылы бұлшықет - musculus scalenus anterior, 1-ші қабырға құрылмының жоғарғы бетінде сатылы бұлшықеттің төмпесіне бекиді. Функциясы: терең тыныс алуға қатысу және мойын омыртқаларын жиырылу бағытына қарай бұру болып саналады.

  2. Ортаңғы сатылы бұлшықет - musculus scalenus medius, бесінші-алтынша мойын омыртқалардың қабырғалық өсіндісінің төмпешігінен басталады және терең тыныс алуға қатыасады,мойын омыртқасын алға қарай бүгеді.

  3. Артқы сатылы бұлшықет - musculus scalenus posterior болса, 2-ші қабырғаның сыртқы бетіне бекиді. Функциясы : I және II қабырғаларды көтереді , омыртка бағанының мойын бөлімін бүгеді.

  4. Ең ұсақ сатылы бұлшықет - musculus scalenus minimus, 1-ші қабырғаны және плевра қапшығындағы күмбезді көтеру функциясын атқарады.

  • Медиалды топ бұлшықеттері 4 топқа бөлінеді.

1. Мойынның ұзын бұлшыкеті - musculus longus colli мойынның барлық бөлігін сонымен қатар жұтқыншақтың және өнештің артында орналасқан. Функциясы: екіжақты жиырылғанда мойынды алдыңғы бағдарға бұрады, бір жақты жиырылғанда өзі жағына бұрады. 2.Бастың ұзын бұлшықеті - musculus longus capitis III - VI мойын омыртқалардың көлденең өсінділеріндегі алдыңғы төмпешіктерінен басталып, шүйде сүйектің төменгі бетіне дейін жалғасады. Функциясы: екі жақты жиырылғанда басты алға бұрады, бір жақты жиырылғанда өз жағына бұрады .

  1. Бастың алдыңғы тік бұлшыкеті - musculus rectus capitis anterior, қысқалау бұлшықет болып саналады , ауыз омыртқа құрылымының алдыңғы доғасы бөлімінен басталып, шүйде сүйектің төменгі бетіне бекінеді. Функциясы: басты алға иеді.

  2. Бастың латералды тік бұлшықеті - musculus rectus lateralіs ол ауыз омыртқасының көлденең өсіндісінен басталып шүйде сүйектің латералдық бөлігіне бекінеді. Функциясы: басты бүйір қапталына қарай ию.

Мойын бұлшықеттерінің шандырлық қабықтары – fascia cervicalis, В.Н Шевкуненко бойынша 5 табақшаға бөлінеді.
-Мойын бұлшықеттерінің беткейлік фасция табақшасы - fascia colli superfiсialis, ол кеуденің беткей орналасқан фасциялық қабықшасының тікелей жалғасы болып саналады.
-Мойынның меншікті фасциялық қабықшасының беткей табақшасы - lamina superfiсialis fasciae colli ргоргіае. Бұл табақша, мойынның тіласты сүйегінен жоғары және төмен орналасқан бұлшықеттер мен, қан тамырлардың және нервтердің фасциялық қабықшасын құрайды.
-Мойынның меншікті фасциялық қабықшасының терең табақшасы - lamina profunda fasciae colli propriae, немесе жауырын-бұғаналық, fascia omoclavicularis деп аталады. Ол мойынның алдыңғы бөлігінде, төс-бұғана-емізік бұлшықеттің артында трапеция тәрізденіп орналасқан.
-Мойынның ішкі фасциялық табақшасы - fascia endocervicalis, төртінші табақшаны құрайды.
-Алдыңғы омыртқалық фасция - fascia prevertebralis ол мойынның тереңде орналасқан бұлшықеттердің фасциялық қабықшасын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет