4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты


Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және түрлері



бет8/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Байланысты:
4-Б лім. Д рісті ЫС аша мазм ны 1-та ырып. Экологиялы ыты

1. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және түрлері.

2. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және мазмұны.

3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері.

Табиғат объектілері туралы айта отырып, біз еліміздің табиғи ресурстарының бәрін пайымдай аламыз. Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзіндегі табиғат ресурстары босалқы қоры жағынан ең бай елдердің бірінен саналады. Бұл орайда, табиғат ресурстарын өндіру тұтастай алғанда бүкіл экологиялық жүйеге теріс әсер ету мүмкін екенін әсте де ұмытуға болмайды, өйткені жиынтығында табиғат объектілерінің өзі (жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфера) экологиялық жүйенің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Табиғат объектілерінің азаматтық айналымдағы әдеттегі заттар мен мүліктен өзгешелігі өзінің айрықша белгісі болады. Атап айтқанда олардың пайда болуы өндіріспен немесе адамның өнер табысымен байланысты болмайды, табиғат ресурстарын табиғаттың өзі табиғи әдіспен жасайды. Тек біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге бүкіл ғаламшарда қолайсыз экологиялық ахуалды ескере отырып, адамзат экологиялық жүйенің табиғи теңгерімін жасауға және сақтауға қалайда ұмтылып бағады. Осымен байланысты, қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау саласындағы біздің мемлекетіміздің құқық доктринасы ұлттық игілік ретінде табиғат объектілерінің тұжырымдамасы деп аталатын ауқымдарға негізделіп, дамуда және ҚР-ның 1997 жылғы 15 шілдедегі N 160-1 "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының кіріспесінде өзінің көрінісін тапты: "Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған".

Ұлттық игілік ретінде табиғат объектілері ұғымы кеңестік кезендегі табиғат ресурстарына жалпы халықтық меншік дейтіндей идеологиялық ұғыммен бірдей емес. Егер табиғат объектілерін жалпы халықтық меншік деп есептейтін болсақ, онда мұндай көзқарас заңдық мағынасынан айрылған болар еді және ол қате көзқарас болар еді, өйткені кез келген жағдайда заңдық тұрғыдан табиғат ресурстарының меншік иесі мемлекет болып табылады. Мемлекет, заң шығарушы, атқарушы және сот органдары атынан билікке ие бола отырып, табиғат ресурстарын мейлінше ойдағыдай басқарып, халықтың қажеттерін қанағаттаңдыра және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдануды қоса алғанда, экологиялық құқық тәртібін қамтамасыз ете отырып, бүкіл халықтың мүдделері үшін табиғат ресурстарының құқықтық режимін анықтау міндетін шеше алады. Заңда ұлттық игілік ретінде табиғат ресурстарының құқықтық режимі табиғат объектілерін тек қана мемлекеттің меншігіне жатқызу арқылы реттеледі. Алайда, қандай да бір табиғат ресурстары немесе олардың бір бөлігі жеке меншікте болуы мүмкін. Атап айтқанда жер өзінің айрықша қасиеттеріне ие болады, бұл оны табиғаттың басқа объектілерінен өзгешелейді. Өндірістік қасиеттерінен басқа, жер инфрақұрылымның объектілерін салу мен дамыту үшін қажет. Осымен байланысты, Қазақстан Республикасында жердің жеке меншікте болуына жол беріледі. Бұл жағдай нарықтық экономиканы дамыту үшін аса маңызды алғышарт болып табылады.



Табиғаттың басқа объектілеріне, атап айтқанда жер қойнауына, суға, орман мен жануарлар дүниесіне қатысты айтар болсақ, онда оларға жеке меншік орнату тиімсіз болады. Жеке меншікте болатын жер учаскелерінде орналасқан жабық су тоғандары, сондай-ақ жасанды ормандар өскен, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен жасалған және оларға жеке меншікке берілген жеке орман қоры бұған жатпайды. Мемлекеттің меншігі жеке меншік алдында ешқандай да басымдыққа ие болмайды, мұның қай-қайсысы да тек қожайынына ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс, бұл ҚР-сы Конституциясының 6-бабында өзінің көрінісін тапты, онда былай делінген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Жалпы, меншік туралы айта отырып, меншік институты заң ғылымындағы ең көне институттардың бірі болып табылатынын да айту керек және ол өзінің бастауын бүкіл адамзат дамуының таң шапағынан алған. Кез келген адам қоғамы меншіктің қандай бір нысанына ие болуды көксейді және атап айтқанда меншік өндірісті арттыру мен бүкіл нарықтық экономиканы дамыту үшін қозғаушы күш болып табылады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы немесе тағы да оларды табиғат ресурстары деп атайтынындай, тек экологиялық құқықтың мәнін құрап қана қоймайды, сонымен бірге конституциялық, азаматтық, аграрлық, тау-кен, су, орман және жер құқығы сияқты құқықтың бірқатар басқа да салаларын құрайды. Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек. Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы. Екіншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы деп табиғат ресурстарын иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсініледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсініледі.

Табиғат ресурстарының негізгі объектілері және табиғаттың осындай объектілеріне меншік құқығы негіздерінің өзі ҚР Конституциясында баянды етілген. Айталық, ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздрі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңмен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мұмкін. Сонымен бірге, ҚР Азаматтық Кодексінің 193-бабында былай делінген: жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады. Жер заң актілерінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы да мүмкін. Табиғи ресурстарды иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарынан басқа меншік иесіне табиғат объектілерін ұтымды пайдалануды, оларды қорғау мен қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы. Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзеге асырудың заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілеріне ие бола отырып, мемлекет мұндай табиғат объектілеріне қол жеткізуді шектеуі не жалпы тыйым салуы мүмкін. Мысалы, ҚР "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда азаматтардың болуы оларды қорғау режимдерінің ерекшеліктеріне сәйкес шектеледі және осындай аумақ туралы жеке-дара ережелермен реттеледі. Қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың төңірегіне осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және қалпына келтіруге теріс ықпал ететін осы аймақтар шегінде кез келген қызметке тыйым салына отырып қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін. Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылық тұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген белгілі бір ережелердің ауқымында жүзеге асырылады, ол ережелерді сақтауды арнайы құрылған уәкілетті мемлекеттік органдар қадағалайды. Табиғат объектілерін экологиялық пайдаланғаны үшін салық және өзге де төлемдер мемлекеттік бюджетке алынады. Билік ету құқығы табиғат объектілерінің заңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілерінің заңдық мәртебесін нысаналы мақсатына қарай мемлекет анықтайды және өзінің санаттары болады. Табиғат объектілерін санаттандыру іс жүзінде барлық табиғат ресурстарына қатысты орын алады және табиғат объектілеріне билік етудің бірінші кезеңі болып табылады.

Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, поселкелердің және селолық елді мекендердің жері); 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы-жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер.

Пайдалы қазындылар екі санатқа бөлінеді: 1) жалпы таралған пайдалы қазындылар, олардың тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді (жұмыр тас және қиыршық тас, қиыршық тас құм қоспасы, құм, саз балшық, саз балшықты жыныстар, құмдақ, қабыршақ және т.б.); 2 ) жалпы таралған пайдалы қазындылар санаттарына жатпайтын пайдалы қазындылар (мұнай, газ және т.б.).

Су объектілері мына мақсаттарға санаттандырылған: 1) ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта сумен жабдықтау; 2) сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы су; 3) жалпы және арнайы су пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін су объектілерін пайдалану; 4) өнеркәсіп пен жылу-энергетика мұқтаждары үшін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану; 5) көлік, ағаш ағызу, өртке қарсы күрес мұқтаждары үшін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану; 6) балық және аң аулау шаруашылықтарын жүргізу үшін су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану.



Табиғат ресурстарына билік етудің екінші кезеңі пайдалануға, жалға беруге және жеке меншікке бөлу және беру болып табылады. Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге — мемлекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады. Меншік құқығын алудың жалпы негіздері заң актілерінде белгіленген. Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:

  1. меншік құқығын беру;

  2. меншік құқығын басқаға беру;

  1. меншік құқығының әмбебап құқық мұрагерлігі (мұраға алу,
    заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру) тәртібінде көшуі;

Меншік құқығын беру, басқаға беру және көшуі табиғат объектілерінің нысаналы мақсатын ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс. Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:

  1. мемлекеттік органдардың актілері;

  2. азаматтық-кұқықтық мәмілелер;

  3. Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де
    негіздерде.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылды:

  1. меншік иесінің табиғат объектілерін басқа адамдарға иеліктен
    шығаруы;

  2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бас
    тартуы;

  3. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес меншік
    құқығынан айрылуы жағдайында. Бұл табиғат объектілерін ұтымды пайдаланбаған, пайдаланбаған немесе заңды бұза отырып пайдаланған жағдайда болады.

Меншік иесінен табиғат объектілерін, атап айтқанда жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қоюға жол берілмейді, оған мына жағдайлар жатпайды:

  1. меншік иесінің міндеттемелері бойынша ақы өндіріп алу;

  2. мемлекет қажеттері үшін меншік иесінің жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қою;

  3. меншік иесінен мақсатына қарай пайдаланылмаған немесе заңды бұзып пайдаланылған табиғат объектісін мәжбүрлеп алып қою;

  4. мұрагерліктің мемлекетке көшуі;

  5. реквизициялар, яғни төтенше сипаты бар табиғи зілзала, авариялар жағдайында және өзге жағдайларда меншік иесінен
    табиғат объектілерін алып қою, табиғат объектілері мемлекеттік
    органдардың шешімі бойынша қоғамның мүддесі үшін заң
    актілерімен белгіленген тәртіпте және шарттарда меншік иесінен,
    оған құнын төлей отырып, алынып қойылуы мүмкін;

  6. радиоактивтік ластануға ұшыраған табиғат объектісін меншік
    иесінен соған тең жер учаскесін бере отырып алып қою;

  7. тәркілеу, яғни қылмыс жасағаны немесе өзге құқық бұзғаны
    үшін санкция түрінде сот тәртібінде меншік иесінен табиғат
    объектілерін өтеусіз алып қою.

Меншіктің басты элементі нақты субъектіге жататындығы болып табылады, сондықтан да меншік нысандары атап айтқанда олардың субъектісі бойынша болады. Мысалы, азаматтық құқық нормаларына сәйкес меншіктің екі нысаны болады: 1) мемлекеттік меншік, оның өзі республикалық және коммуналдық меншіктен тұрады; 2) жеке меншік, яғни азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі. Сонымен, табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар. Мемлекет жекеше заңды және жеке тұлғалардан өзгеше барлық табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының құрылымында басымдықка ие болады. Қазақстанда жуық уақыттан бері жерге жеке меншік енгізілу сөйтіп меншіктің сан алуан нысандары заң актілерімен баянды етілді. Жерге жеке меншікті енгізу аса күшті күрес жағдайында өтті және Қазақстан қоғамында үлкен серпіліс туғызды. Жерге меншік құқығын жақтаушы өзінің айқындамасын атап айтқанда жерге жеке меншік ауыл шаруашылығын жақсартуға жәрдемдеседі деген дәлелді алға тартты.

ҚР-ның Жер Кодексінің 20-бабына сәйкес жерге меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі — Қазақстан Республикасы; жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі жер
Кодексімен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде — азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, осы
Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар ұғынылады. Алайда бұдан бұрын аталып көрсетілгендей, табиғат объектілерінің бәрі жеке меншікте бола алмайды. Мысалы, ҚР-ның Жер Кодексі мыналар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды деп белгілейді: қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік
меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; жасанды ормандар орналасқан, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен жасалған және оларға жеке меншікке берілген жасанды ормандар орналасқан жеке орман қорының жер учаскелерін қоспағанда, орман қорының жері; ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық маңызы бар) жеке меншікке жекешелендірілген су шаруашылығының құрылыстары (суландыру және кәріз жүйелері),сондай-ақ бір шаруашылық жүргізуші субъектінің жер учаскесіне қызмет көрсететін жекешелендірген суландыру құрылыстары орналасқан су қорының жері құрамындағы жер учаскелерін қоспағанда, су қорының жері; магистралдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары; жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрған үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешеңдерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашьшық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрған үй және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншік құқығы иеліктен алынуға немесе қайта ресімделуге тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу орман өсіру үшін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өңдірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың жеке меншігінде үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Сөйтіп, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізуге және орман өсіруге арналған жер берілмейді. Жылжымайтын мүлікке (үйлерге, ғимараттарға) меншік құқығы жылжымайтын мүліктің өзі орналасқан жер учаскесіне меншік құқығымен тығыз байланысты болады. Сондықтан, үй тұрған жер учаскесін үймен бірге сатпай тұрып, үйді сатуға болмайды. Сонымен бірге, мемлекет меншігінде болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін беріледі. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар меншігінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне ие бола алмайды. Меншік құқығының объектілері жер, орман, су, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі болады. Бұған сондай-ақ кешенді объект ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік табиғат қорықтары, ұлттық табиғат парктері, табиғи резерваттар және т.б.) жатады. Жоғарыда қандай табиғи объектілердің жеке меншікте, ал қандай объектілер тек мемлекетке тиесілі болатыны аталып көрсетілді.

Алайда заң ғылымында меншік құқығының объектісі ретінде атмосфералық ауа мәселесі ашық қалып отыр. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заңына сәйкес атмосфералық ауа қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компоненті. Жер, жер қойнауы, атмосфералық ауа сияқты табиғаттың басқа объектілерінен өзгеше материалдық субстанция ретінде ұдайы қозғалыста болады және жеке дараланбайды. Мұндай жағдай атмосфералық ауаға меншік құқығын болдырмайды.



Табиғи ресурстар ретінде табиғат объектілерін мынадай топтарға бөлуге болады:

1) Сарқылмайтын объектілер — бұл кемшілігі жуық болашақта күтілмейтін табиғи ресурстар (күн энергиясы, атмосфералық ауа, жел энергиясы және т.б.);

Сарқылмайтын ресурстар мыналарға бөлінеді:

а) жаңартылатын, яғни қалпына келтірілетін табиғат ресурстары (өсімдіктер, жануарлар);

б) жаңартылмайтын, яғни жуық болашақта қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстары (пайдалы қазындылардың көпшілігі);

в) ауыстырылатын (мысалы, көмір күн энергиясымен ауыстырылуы мүмкін) және ауыстырылмайтын (су, ауа және т.б.);

2) Сарқылатын объектілер — бұл босалқылары толық жойылу қатерінде тұрған табиғат ресурстары.

Табиғат объектілері қоршаған ортадан бөлінбейтін белгісімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет