4-тақырып. Топалаң Дəріс жоспары (1сағ)


Патологоанатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі317,25 Kb.
#14787
1   2   3   4   5
Патологоанатомиялық өзгерістер.

Топалаңға  күдіктенгенде  өлексені  союға  тиым  салынады.  Бірақ,  кей  жағдайда  жануардың  тірі

кезінде  мүндай  күдік  тумайды  да,  ауруға  тəн  патанатомиялық  өзгерістердің  көзге  түсуі  өлексені

жаруды  тоқтатып,  сыртқы  ортаның  ауру  қоздырушысымен  ластануын  болдырмайтын  шаралар

қоддануға  негіз  болады.  Тоиалаңнан  өлген  малдың  өлексесі  тез  бүлінеді,  əдетте  кебініп,  сіресуі

болмайды немесе əлсіз дəрежеде байқалады. Табиғи тесіктерінен қанды сүйық, кейде қан ағады.

Əр  жерінде,  көбінесе  жағының  астында,  мойынының  төменгі  жағында,  қолтығы  мен  шабында

былқылдаған  ісік  болады.  Қаны  қара  қошқыл  түсті,  үйымайды.  Сыпырылған  терінің  ішкі  жағы

қоңыр-  қызыл  түсті.  Шелдегі  қан  тамырлары  білеуленіп,  маңайы  қаңталап,  əр  жерінде  жалқақ

пайда  болады.  Мүндай  жалқақтар  қабырға  астындағы  жəне  өкпе  плевраларында  да  кездеседі.

Сірілі қабықтардың көп жері қанталаған. Сөл түйіндері үлғайып, іпүйгінденіп, қанталап тұрады.

Көкірек жəне құрсақ қуыстарында қанды сарысу ірқіледі. Барлық үлпершек үлпалар толыққанды

болады.  Көкбауыр  шектен  тыс  ұлғайып,  оның  пульпасы  жүмсарады,  кесілген  жерінен  қарамай

тəрізді мол қырынды алуға болады. Бірақ, кей жағдайда көкбауырда айтарлықтай өзгеріс болмауы

да мүмкін. Бауыры əдетте болбырап, бүйрек қанталап түрады. Жүрек үйымаған қара қошқыл қанға

толы,  əндокард  қанталаған.  Өкпелері  домбығып,  плевралары  қанталаған.  Бронхалар  мен

кеңірдектің  іші  қанды  көбікке  толған.  Ал  ішектің  кілегейлі  қабығы  əдетте  ісініп,  қанталайды,

аурудың  ішектегі  түрі  кезінде  əр  жерінде  қанды  жалқақ  болады.  Шошқаның  өлексесін  сойғанда

миндалиндерінде,  жақ  асты,  жүтқыншақ,  мойын  сөл  түйіндерінде  дерттік  өзгерістер  табылады.

Жүтқыншақ пен көмейдің айналысындағы ұлпаларда қанталаған жалқақтар болады, Ауру аса жіті

түрде өткенде өлекседе топалаңға тəн паталогоанатомиялық өзгерістердің болмауы мүмкін екенін

естен шығармау керек.

Балау.  Диагноз  қою  үшін  міндетті  түрде  індеттанулық  деректер,  клиникалық  белгілері,  өлексені

көрудің нəтижелері ескеріледі. Жайылым маусымында бүрын сау емес территорияда, не болмаса

жер қазу жұмыстары жүргізілгеннен соң, қатты жауын, сел, тасқыннан кейін малдың кенеттен өлуі

топалаңға күдік тудырады. Бұнымен қатар аурудың өте қатты өлі тиюі (ыстығы көтеріліп), күйдіргі

шығу білінетіндігі ескеріледі. Сонымен бірге өлексенің тез бұзылуы, сіресуінің білінбеуі, табиғи

тесіктерінен  қанды  сора  ағуы  маңызды  мəліметтер  болып  табылады.  Бүл  күдіктердің  негізінде

күттірмейтін  жедел  шаралар  қолға  алынады.  Бірақ  та  түпкілікті  диагноз  лабораториялық

зерттеулерге  негізделуі  керек.  Зертханаға  жаңа  өліктің  құлағының  көк  тамырындағы  қаннан

даярланған  қалың  жағындыны  жібереді.  Қан  алған  кезде  терінің  тілінген  орынын  қариды.

Жағындыны  көлеңкеде  кептіріп,  бекітпейді.  Егер  шыны  болмаса,  бірнеше  тамшы  қанды  борға,

гипске,  ағаш  көміріне,  шақпақ  қантқа  тамызады.  Басқа  мүмкіндік  бблмаған  жағдайда  тексеруге

кесіліп алынған құлақты жібереді. Ол үшін астыңғы құлақтың түбін екі жерден байлап, арасынан

кеседі.  Тілінген  жерді  қарып,  күйдіреді.  Құлақты  пергамент  қағазбен  немесе  целофанмен  орап,

металл қорабқа, банкіге, немесе мықты жəшікке салып, кісі арқылы.

Ажыратып балау. Сиырда қарасаннан, қойда брадзот пен əнтеротоксемиядан, барлық жануарларда

қатерлі  домбығудан,  пастереллезден,  пироплазмоздардан,  лейкоздан,  уланудан,  тышқаншықтан,

тимпаниядан, күн өтуден жəне ыстық өтуден ажырату қажет.

Емі.  Диагнозы  қойылғаннан  соң  ауырған  малды  жедел  оқшаулап,  емдеуге  кіріседі.  Емдеу  үшін

топалаңға қарсы қан сарысуы мен иммуноглобулин қолданылады. Бұл дəрмектерді тері астына бір

орынға  25-30  мл,  жылқы  мен  ірі  қараға  100-200  мл,  қой,  ешкі,  шошқаға  50-100  мл  жібереді.

Аурудың  қатты  болған  кезінде  көк  гамырға  жібереді.  Қолданылар  алдыңда  дəрмектерді  су

қобдиында  37-38°С  дейін  жылытады.  Анафилаксия  болмау  үшін  алдымен  тері  астына  0,5-1  мл

жіберіліп, 15-30 мин соң қалғанын жібереді. Қан сарысуымен қабаттастырып пенициллин немесе

стрептомицин  пайдаланса  емнің  нəтижесі  жоғары  болады.  Сауыққан  малды  14  күн  өткен  соң

вакциналайды.

Иммунитет.  Топалаңмен  ауырып  жазылған  малда  ұзақ  уақытқа  берік  иммунитет  пайда  болады.

Белсенді  жасанды  иммунитет  қалыптастьфу  үшін  СТИ  тірі  вакцинасы  қолданылады.  Иммунитет

еккеннен 10 күн кейін қалыптасып, бір жылға дейін сақталады. Енжар иммундеу үшін топалаңға

қарсы қан сарысуын қолданады. Оның əсерінен қалыптасқан иммунитеттің үзақтығы 14 күн. Бұл

препарат  птүғыл  түрде  дауалау  үшін  жəне  емдік  мақсатта  қолданылады.  Соңғы  жылдары  Ресей

Федерациясында топалаңға қарсы 55-штамнан даярланған вакцина қолданысқа енгізілді.

Дауалау  жəне  күресу  шаралары.  Топалаңды  дауалаудың  басты  бағыты  бейім  жануарларды




вакциналау жəне індет жайлаған (бүрын топалаңнан мал өлген, ондай малдың өлексесі көмілген)

жерлерді  толық  есепке  алу  жəне  сауықтьфу,  санитариялық  шектеу  шараларын  жүргізу.  Малды

бақылаусыз  140  союға  жол  бермей,  өлеқсені  жоюды  жəне  зарарсыздандыруды  жолға  қоюдың,

малдан алынған шикізат өнімдерін дайындау, тасымалдау жəне емдеу кезінде ретті санятариялық

бақылаудың, мал фермаларында, мал айдайтын жолдарда, жайылымдарда, малдың мол жиналатын

жерлерінде жəне сатылатын базарларында санитариялық ережелердің қатаң сақталуының маңызы

зор.

Топалаңнан  өлген  малдың  өлексесін  соймайды,  көмуге  тиым  салынады,  міндетті  түрде  өртейді.



Өлексе  жатқан  жерді  10%  ыстық  күйдіргіш  натрий  ерітіндісімен  немесе  4%  формальдегид,  5%

хлорлы  ерітіндімен  дезинфекциялайды.  Ауру  малдың  тезегі  де  өргеледі.  Топырақты  жəне  жүнді

дезинфекциялау  үшін  əтилен  мен  бромды  метил  тотығымен  ойдағыдай  зарарсыздандыруға

болады. Карантин ең соңғы мал сауыққан соң немесе өлген соң, егер егілген жануарларда асқыну



болмаса, 15 күн өткеннен соң алынады.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет