46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет10/41
Дата05.02.2017
өлшемі12,74 Mb.
#3473
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41

 
Список литературы 
1.  Технология  проектов  в  профессиональной  деятельности  педагога:монография / автор-состав.  
Несговорова Н.П. – Курган:КГУ, 2013. – 316 с. 
2.  Шкель  В.Ф.  Проектные  технологии  в  образовательном  учреждении.  Учебно-  методическое 
пособие. – Саратов: Изд-во «Научная книга», 2007. – 37 с. 
3.  Зеер  Э.Ф.,  Павлова  А.М.,  Сыманюк  Э.Э.  Модернизация  профессионального  образования: 
Компетентностный подход. – М.: МПСИ, 2005. – 216 с. 
 
 
 
Жубаназарова Н.С., Тоқсанбаева Н.Қ., Бердібаева С.К.,  
Жұбаназар Г.С., Құнанбаева М.Н. 
 
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру 
саладағы  мемлекеттік  саясат  негізінде  анықталынып,  осы  жүйедегі  басты  міндеттердің  біріне 
айналып отыр. «Қазақстан 2030» стратегиялық  бағдарламасы  білім  берудің  ұлттық  моделінде 
қалыптасуымен  және  Қазақстанның  білім  беру  жүйесін  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 
кіріктірумен сипатталады. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін 
білім беру сала сында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, 

82 
 
интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрон-
дық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. 
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз 
сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек»,-деген  еді.  Демек,ұлттық  бәсекелестік  қабілеті 
бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады [1]. 
Өркениетті  қоғам  мен  құқықтық  мемлекеттің  қалыптасуы  өскелең  ұрпақтың  рухани 
байлығы  мен  мәдениеттілігін,  еркін  ойлау  қабілеті  мен  шығармашылығын,  кәсіби  біліктілігі 
мен білімділігін, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін талап етеді. Ғылым және техникадағы 
алға  даму  прогресі  білім  мазмұнын  үнемі  толықтырып  және  жаңартып  отыруға,  ол  білімді 
теориялық  және  практикалық  әрекеттің  барлық  аймағында  пайдалануға  итермелейді.  Бұл 
жағдайда тек білімді меңгеруді ғана емес,сонымен қатар, оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруді, 
мәселелік  жағдайларда  шешім  табудың  арнайы  тәсілін  жалпы  өмірде  пайдалана  білуді 
қамтамасыз ететін  оқу іс - әрекетініңқалыптасуы  ерекше маңызды. 
Соңғы  жылдары  білім  берудің  мазмұнын  жетілдіру  және  оның  теориялық  деңгейін 
көтеру үшін, ғылыми –техникалық жетістіктерге жету үшін көптеген  маңызды жұмыстар жүр-
гізілуде.  Оқу  іс-әрекеті  білімді  меңгерудің  тиімділігіне  әсер  етеді.  Егер  оқушылар  меңгеретін 
оқу  материалы  мазмұнының  шеңберінде  білімді  меңгерудің  арнайы  тәсілдерін  бойларына 
игерсе,  сонымен  бірге,  меңгерудің  сапалы  түрде  жаңа,  биік  деңгейіне  бағытталып,  дайын-
далады.  Бұл  дегеніміз  оқушылардың  интеллектілік  дамуында  да  алға  жылжу  болатынын 
көрсетеді. Оқыту мен даму бір-бірімен тығыз байланысты. Оқу іс-әрекетініңұйымдастырылуы 
тұлғаныңқалыптасуына және дамуына әсер етеді. 
Компьютер  және  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  процесі 
оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстар  мен  заң-
дылықтарды  табуға  итеріп,  нәтижесінде – өздерінің  кәсіби  потенциалдарының  қалыптасуына 
жол ашу керек.Талап қатаң, дұрыс қойылған жағдайда кәсіптік оқытуда оқушыларда мынадай 
өзгерістер қалыптасады: 
- Компьютерлік сауаттылығы жоғарылайды; 
- Өз мамандығына деген қызығушылықтары артады. 
- Шығармашылық шабыты шыңдалады. 
- Ғылыми көзқарасы қалыптасады. 
-  Ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды  қолданудағы  психологиялық 
кедергілер жойылады; 
- Оқытудағы модернизациялауға деген ұмтылыс пайда болады 
– Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман қалыптасады. 
Ақпараттық  қоғамның  негізгі  талабы  –оқушыларға  ақпараттық  білім  негіздерін  беру, 
логикалық – құрылымдық ойлау  қабілеттерін  дамыту, ақпараттық  технологияны  өзіндік  даму 
мен  оны  іске  асыру  құралы  ретінде  пайдалану  дағдыларын  қалыптастырып,  ақпараттық 
қоғамға бейімделу болып табылады[2] 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше 
сауатты, жан жақты маман болу мүмкін емес. Оқыту технологиясы оқу процесіне қажетті әдіс, 
тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі 
кешені ретінде пайдаланылады. Сонымен қарым-қатынас оқу-тәрбие іс-әрекетінің нәтижесінен 
анықталатыны байқалды. Оқыту мен тәрбие процесінде өзара қарым-қатынас жүйесін бір ізді 
ұйымдастыруға арналған бірнеше кеңестерді ұсынамыз: компьютерлік презентациялар қолдану 
сабақты көрнекті және жан-жақты етіп, жаңа сабақты жақсы игеруге көмектеседі. Электронды 
оқулықтар  да  бүгінгі  таңда  оқушының  сабаққа  ынтасын  арттырушы  құрал  болып  табылады. 
Кейбір  сабақтарды  қысқаша  осы  оқулықпен  түсіндіріп  өтсең  де,  келесі  сабақта  оқушының 
өзгеше дайындықпен келіп отырғанын байқауға болады. Күнделікті әр сабақты жаңа ақпарат-
тық  технологияларды  пайдалана  отырып  өткізу  арқылы  оқушылар  бойынан  төмендегі  қабі-
леттерді дамытуға тез қол жеткізуге мүмкіндік тудыра алады: 
1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру; 
2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру; 
3. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту; 
4. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу; 
5. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу; 

83 
 
Ақпараттық – телекоммуникациялық  технология  электрондық  есептеуіш  техникасымен 
жұмыс  істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық  оқу-
лықтарды,  интерактивті  құралдарды  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік 
оқыту  бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  коммуникациялық 
байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. 
Ақпараттық – коммуникациялық  технологияның  келешек  ұрпақтың  жан-жақты  білім 
алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, 
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор. 
ХХІ  ғасыр – бұл  ақпараттық  қоғам  дәуірі,  технологиялық  мәдениет  дәуірі,  айналадағы 
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. 
Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру – жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 
арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- 
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. 
Мемлекеттік  бағдарламада  оқу  үрдісін  педагогикалық  және  ақпараттық – 
коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты 
бағыттарының бірі делінген.Білім беру жүйесін ақпараттандыру қазақстандық білім беру үшін 
үлкен перспективалар ашады. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру 
қазіргі  заманда  әрбір  жеке  тұлға  үшін  оқу  және  жазу  қабілеті  сияқты  сапалармен  бір  қатарға 
және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген 
жағдайда  қоғамның  даму  жолдарын  анықтайды.  Интернет  жүйесінде  жұмыс  істеу 
оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз 
мүмкіндіктер  ашатыны  хақ.  Интернетті  пайдалану  арқылы  оқушылар  өздеріне  керекті 
мәліметтер  алу  арқылы  білімін  жетілдіре  түсетіні  сөзсіз.  Заман  ағымына  қарай  күнделікті 
сабаққа  видео,  аудио  қондырғылары  мен  теледидарды,  компьютерді  қолдану  айтарлықтай 
нәтижелер  беруде.  Кез-  келген  сабақта  электрондық  оқулықты  пайдалану  оқушылардың 
танымдық  белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға, 
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. 
Технология → оқыту→оқытудың интерактивті режимі. 
Оқыту→оқыту  технологиялары→  ақпараттық  технологиялар;  компьютерлік  техноло-
гиялар; мультимедиялық технология. 
Оқыту  технологиялары:  компьютер, интернет,  коммуникация, электронды  пошта, элек-
тронды оқулық. 
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты стандартқа сай мүдделі 
жаңа  білім  беру  өте-мөте  қажет.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  бәсекеге 
қабілетті  ұлттық  білім  беру  жүйесін  дамытуға  және  оның  мүмкіндіктерін  әлемдік  білімдік 
ортаға  енудегі  сабақтастыққа  қолдану  негізгі  мәнге  ие  болып  отыр.  Білім  беруді  ақпарат-
тандыру,  білім  салаларының  барлық  қызметіне  ақпараттық  технологияны  енгізу  және  ұлттық 
модельді  қалыптастыру - қазақстандық  білім  беруді  сапалы  деңгейге  көтерудің  алғы  шарты. 
Білім  беруді  ақпараттандыру  процесі  мұғалімнің  дайындық  деңгейі  мен  мамандық  сапасына 
үлкен талап кояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық 
қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді[3]. 
Заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуына,  қарым-қатынасына  ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялардың  кеңінен  қолданысқа  еніп,  жылдам  дамып  келе  жатқан 
кезеңінде  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  қажетті  шартқа  айналып  отыр.  Осы  орайда 
келешек  қоғамымыздың  мүшелері-  жастардың  бойында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптасыру 
қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам- ақпараттың 
қажет  кезін  сезіну,  оны  тауып  алуға,  бағалауға  және  тиімді  қолдануға  қабілетті,  ақпарат 
сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. 
Ақпараттық – коммуникациялық  құзырлылығын  қалыптастырудың  негізгі  тәсілдеріне 
мыналар жатады: 
-ақпараттарды  өңдеудің  компьютерлік  технологияларын  теориялық  және  практикалық 
тұрғыда оқып-үйрену; 
-әр  түрлі  қолданыстағы  бағдарламалық  қамтамасыздандыруды  оқып-  үйрену  және  оны 
оқыту процесінде қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасау; 
-ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды  жеке  пәндерді  оқытуда  қолда-
нудың тиімділігін дәлелдей білу. 

84 
 
Ақпараттық  мәдениет – адамға  ақпараттық  кеңістіктің  қалыптасуына  қатысуға  және  ол 
кеңістікте еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс-әрекетке түсуге мүмкіндік беретін білім 
деңгейі.Жаңа  коммуникациялық  технологияларды  пайдаланудың  басты  мақсаты – оқу-
шылардың  оқу  материалдарын  толық  меңгеруі  үшін  оқу  материалдарының  практикалық 
жағынан  тиімді  ұсынылуына  мүмкіндік  беру.  Орта  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыруды 
дамытуды  қарастыра  отырып,  ақпараттық-коммуникациялық  технология  құралдарының 
динамикалық  түрде  өзгеріп  отыратынына  және  компьютерлік  сауаттылықтан  жеке  тұлғаның 
ақпараттық  мәдениетіне  іргелі  операциялық  негіздеріне  ауысуды  білдіретіндігімен,  мұнда 
әрбір  оқушы  ақпаратқа,  қазіргі  ақпараттық  технологияларға  назар  салып  қана  қоймай,  оны 
тиімді  қолдана  білуі,  интернет,  ғаламдық  ақпарат  жүйесін  пайдалана  алуы  тиіс  екендігіне 
ерекше көңіл бөлінеді. 
Сонымен  бірге  оқу  процесінде  электрондық  оқулықты  пайдаланудың  маңызы  зор. 
Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер 
жинағы,  анықтамалар,  энциклопедиялар,  карталар,  атластар,  оқу  эксперименттерін  жүргізу 
нұсқаулары,  практикумға,  курстық  және  дипломдық  жобаларға  нұсқау  және  т.б.  білім  беруді 
басқаратын  мемлекеттік  органдар  тағайындаған  арнайы  статусы  бар  берілген  түрдегі 
баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды 
сабақта  пайдалану  кезінде  оқушылар  бұрын  алған  білімдерін  кеңейтіп,  өз  бетімен  шығар-
машылық  тапсырмалар  орындайды.  Әрбір  оқушы  таңдалған  тақырып  бойынша  тапсырмалар 
мен  тарау  бойынша  тест  жұмыстарын  орындап,  анимациялық  практика  тапсырмаларымен 
жұмыс  жасауға  дағдыланады.  Электрондық  оқулық  арқылы  түрлі  суреттер,  видеокөріністер, 
дыбыс  және  музыка  тыңдатып  көрсетуге  болады.  Бұл,  әрине  мұғалімнің  тақтаға  жазып 
түсіндіргенінен  әлдеқайда  тиімді,  әрі  әсерлі.  Меңгерілуі  қиын  сабақтарды  компьютердің 
көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. 
Қазақстандық  психология  ғылымын  ілгері  жылжытқан  профессор  С.М.  Жақыповтың 
еңбегіне тоқталмай кетуге ешбір болмайды. Мұнда кейбір психологиялық мазмұнды нақтылау 
қажет,  біз  білім  сөзімен  нені  белгілейміз.  Білім  бұл  сөз  арқылы  бекітілген  түсінік  жүйесі.  Әр 
түрлі түсініктің екі жағы бар: объективті – мәні және субъективті – мағынасы болады. Демек, 
ішкі білімді беру психологиялық тұрғыдан бірлескен екі өзара байланысқан процесс, яғни білім 
беру және мағына беру деген ойдан оқу процесіндегі білімнің мағынасына терең мән берудің 
жөні бар екені белгілі болып отыр [4, 92 б.].  
Оқу  процесінде  оқытудың  ақпараттық – коммуникациялық  технологияларын  тиімді 
пайдалану  және  қолдану  айтарлықтай оң  тәжірибе  беріп  отыр. Атап  айтсақ, оқушылардың өз 
бетімен  ізденісі,  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып,  шығармашылығын  дамытуға,  оқу 
қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға өте маңызды. 
Құзірет – оқушының  жеке  және  қоғам  талаптарын  қанағаттандыру  мақсатындағы 
табысты  іс-әрекетіне  қажетті  білім  дайындығына  әлеуметтік  тапсырыс.  Құзыреттілік – 
оқушының  әрекет  тәсілдерін  жан-жақты  игеруінен  көрінетін  білім  нәтижесі.  Ақпараттық 
құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру 
және  ақпараттық – коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты  қолдану 
қабілеті. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты 
беру,  түрлендіру  және  оны  қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың  компьютерлік 
технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. 
Ақпаратты  қандай  да  арақашықтықта  тез  арада  жеткізу,  алыстағы  ақпарат  көздерін 
пайдалану  мүмкіндігі  интерактивтік  іздеу  жүйелері  мен  өз  бетімен  іздеу,  содай  ақ  алынған 
материалдарды  түрлі  тіл  тасушыларға  ауыстырып  салу  мен  т.б.сол  сияқты  интернеттің 
артықшылық  көздері  пайдаланылады.  Демек,  интернет  өзінің  барлық  мүмкіндіктері  және 
қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.  
Компьютер  және  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  процесі 
оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстар  мен 
заңдылықтарды  табуға  итеріп,  нәтижесінде – өздерінің  кәсіби  потенциалдарының  қалып-
тасуына жол ашуы керек. 
Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам  аймағындағы  оқушылардың  ойлау  қабілетін 
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын 
педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. 
Білімді  жобалап,  яғни  алдын-ала  анықтап,  балалардың  психикалық  дамуының  мүмкін 
болатын  бір  бағытын  таңдап  біз  фундаментальды  адамдық  қабілеттерді  өсіруге  саналы  түрде 

85 
 
бағытталуға  ұмтыламыз-өзіміздің  өмірлік  іс-әрекеттерімізді  өз  бетінше  құру  және  көркейту, 
оның субьектісі болу. Дәл осы қабілеттілік адамның өмірлік әлемде өзіндік анықталуына, бар 
іс-әрекеттерге  кіруіне,  жаңа  іс-әрекет  түрлерін  және  басқа  адамдармен  қарым-қатынас 
формаларын  жасауына мүмкіндік береді. 
Көрнекті  ғалымы,  профессор  С.М.Жақыпов  адамның  психикалық  дамуы  оқыту  процесі 
әсерінен  тыс  болмайды,  ол  үшін  оқытушы  мен  оқушы  арасында  нақты  байланыс,  оқытудың 
формасы мен мазмұны екі жақты біріккен іс-әрекетте орындалады деген 
4. 76 б.. 
Жаңа  инновациялық  оқыту  технологиясы  кәсіптік  қызметтің  ерекше  түрі  болып 
табылады.  Инновациялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін  педагогикалық  аса  зор 
тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының 
белгілі  іскерлік  қасиеті  бар  адамды  қажет ететін  жұмыс. Шындығында  да  әрбір  педагог  жаңа 
инновациялық  технологияны  меңгеру  барысында  өзін-өзі  дамытады  және  өзін-өзі  қалып-
тастырады. XXI ғасырда  болашақ  мамандарды  даярлау,  олардың  кәсіби  бейімделуін  қалып-
тастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-
психологтардың  жаңа  педагогикалық  инновациялық  технологияларды  қолдануға  даярлығын 
қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық  моделін  жасадық.  Болашақ  мамандардың  жаңа 
инновациялық  педагогикалық  технологияларды  қолдануға  даярлықты  қалыптастыру  мына 
көрсеткіштерді қамтиды: 
Мотивациялық  өлшемдеріне  танымдық  қызығуды  қалыптастыру  бейнесі  жатады.  Оған 
болашақ  мамандарды  қалыптастыру,  құндылық  қарым-қатынас,  болашақ  маманның  өзінің 
кәсіби  шеберлігін  дамытуға  талпынуы,  болашақ  мамандығын  ерекше  жақсы  көруі,  ұрпақ 
тәрбиесінде  ұстаздың  жетекші  орнын  сезінуі,  кәсіби  жеке  біліктілік  деңгейін  көтеруге  бағыт-
тылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді. 
Технологияның  өлшемдері  оқытудың  әдістемелік  мақсаттары,  оқыту  үрдісі,  оның 
міндетттерін  анықтай  алуы,  оқытудың  нәтижесін  болжай  алуы  және  психологиялық  –педа-
гогикалық  білімдерді  меңгерумен  анықталады.  Оған  болашақ  маманның  біртұтас  оқу-  тәрбие 
үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты 
жүзеге  асыра  алуы,  біртұтас  педагогикалық  үрдісті  диагностикалай  алуы  және  сабақтың 
нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет. 
Баланың  келешегі  үшін  ең  қажетті  нәрсе  білім  емес,  алдымен  оның  ой-өрісін,  ақылын 
дамыту  болып  табылады;  егер  баланың  ұғымталдығы,  ой-өрісі  ауқымды  дәрежеде  дамыған 
болса, ол кейін өз бетімен кітаптағы мазмұнды түсініп, соған мол ие бола алады[5]. 
Демек,  білімді  тиісті  жағдайда  қолдану  оқытудың  көздейтін  мақсаттарының  бірі  болып 
табылады.Бастауыш  мектептегі  сабақта  оқу  міндетін  ұйымдастыру  эксперименттері 
нәтижесінде дәлелденген нәрсе, ең алғашқы балалық сұраулар мен гипотезалар қарастырылып 
отырған мәселе бойынша олардың үлкендермен емес, өзінің құрбы-құрдастарымен пікір-талас 
жүрген кезде анағұрлым сапалы келетіндігі.  
Сонымен  оқыту  міндетінің  мақсаты: - жалпы  әрекет  ету  тәсілдерін  іздестіруді  ұйым-
дастыру  арқылы,  үлкендер  балалардағы  белгіліден  белгісіздікті  айыру  және  сол  белгісіздік 
туралы  сұрақтар  мен  болжамдар  құрастыра  алу  қасиетінің  дамуына  жағдай  жасайды.  Осы 
қасиеттердің  негізі – анықтаушы  рефлексия  болып  табылады.  Оқытудың  дамытушы  түрін 
жүзеге  асыру  үшін  оқу  процесін  арнайы  түрде  ұйымдастыру  керек.  Бұл  үшін  мектеп  бағдар-
ламасын  біліп  қана  қою  аз,  сонымен  қоса  оқу  іс-әрекетін  мақсатқа  сай  қалыптастыруға, 
оқушылардың  мақсатқа  сай  даму  заңдылықтарын,  олардың  жас  ерекшелік  және  инди-
видуалдық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік беретін психологиялық білімді меңгеру қажет. 
Сондықтан да бастауыш мектеп кезеңінде оқу іс-әрекетінде танымдық қызығушылықтар 
мен    бейімділіктерін  тиімді  дамыту,  тек  баланың  өзінің  жеке  басының  ерекшеліктеріне  ғана 
емес,  оқыту–тәрбие  жұмысын  негіздейтін  психолог-педагогтың  творчестволық  сипатына  да 
тәуелді болады. 
Қорытындылай келе, қоғамдық сананы қалыптастырудың бір құралы ретінде ақпараттық 
технологиялардың елдің интеллектуалды әлеуетін арттырудағы маңызы зор. Қоғамның барлық 
салаларында қолданыс табатын ақпараттық технологиялар арқылы елімізде орын алып отырған 
маңызды  өзгерістер,  жаңа  бастамалар,  халықтың  ой-өрісін  дамытуға  бағытталған 
бағдарламалар қоғам санасына белгілі бір деңгейде еніп жатыр. Бұл әрине қазіргі ақпараттық 
заманға  тән  қалыпты  жағдайдың  бірі.Ақпараттық-коммуникативті  технология  құралдарды 
орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. 
 

86 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы дамыған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
Қазақстан халқына Жолдауы -Егемен Қазақстан, 2012 жыл 17 қаңтар 
2. Леонтьев Д.А., Рассказова Е.И. Изучение личностного профиля успешных предпри-нимателей в 
области высоких технологий // Отчет овы- полнении научно-исследовательской работы. 2008. 8 с.   
3. Раджерс Э. «Инновация туралы тұсінік, «Қазақстан мектебі», №4. 2006 
4. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения: - Алматы: Қазақ университеті, 
2004. – 312 с. 
5. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт теоретического и экспери-ментального 
исследования.- 2-изд.М.: Педагогика, 2003.- 240 с. 
 
 
 
Жұмажанова Ф.Т., Мустафаева А.А. 
 
АРАБ ТІЛІН ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ НЕГІЗІНДЕ  
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
           
Аннотация.  В  статье  рассматривается  использование  Интернет  технологий  в  обучении 
иностранному  языку  в  современном  мире,  его  полезность  и  эффективность.  Оно  проявляет 
большой интерес учащихся к обучению языку.  
Ключевые слова: Интернет технология, компьютер технология, информационная техно-
логия, иностранный язык.  
Summary. This article is considered Internet system in teaching foreign language in modern 
world, its usefulness and effectiveness. It considers effective ways of teaching language at the  lesson. 
Key words: Internet system, computer technology, information technology , foreign language.  
Қазіргі  уақытта  жоғарғы  оқу  орындарында  шет  тілін  үйретуде  жаңа  технологиялар 
пайдаланылып,  интернет  ресурстарын    қолдану    кеңінен  таралуда.  Бұл  тек  қана  жаңа 
техникалық  тәсілдер  ғана  емес,  сондай-ақ  шет  тілін  үйретудің  жаңа  формалары  мен  әдістері. 
Кез  –келген  шет  тілін,  оның  ішінде  араб  тілін  оқытудың  негізгі  мақсаты  студенттің  жан-
жақтылығын  және  шет  тілін  практика  жүзінде  меңгеру  шеберлігін  дамыту.  Ал,  шет  тілін 
оқытушы  ұстаздың  міндеті  студенттердің    тілді  барынша  жеңіл  тәсілмен  меңгеруге  қолайлы 
жағдайды  туғызу.  Бұл  жағдайда  студенттің  шығармашылық  белсенділігін  көрсете  алатын 
оқытудың  оңай  тәсілін  қолдану.  Ол  дегеніміз  заманауи  педагогикалық  әдістер  мен  жобалық 
әдіс  немесе  жаңа  информациялық  техниканы  қолдану  әдістері  болып  табылдады.  Шет  тілін 
үйретуде  интернет  ресурстарымен  жұмыс  істеген  ең  тиімді  әдістердің  бірі.  Интернет  ресурс-
тары  ол  студенттердің  дағдыларын  ескере  отырып  олардың  индивидуалдық  ерекшеліктерін 
анықтауға  көмектеседі.  Араб  тілі  сабағында  интернет-ресурстары  негізінде  жұмыс  істеуде 
компьютерді  қолдану  формалары:  жаңа  лексиканы  меңгеру,  сөйлеу  дағдыларын  дамыту, 
диалогты  және  монолгты  дамыту,  жоба  жұмысына  үйрету,  граматтиканы  түсіндіру.  Мысалы, 
http://learning.aljazeera.net/arabic[1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет