46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы


Дәрілік өсімдіктердің морфологиясының ерекшеліктері



бет14/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
66.Дәрілік өсімдіктердің морфологиясының ерекшеліктері.
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
67.Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің өсінділерінің құрылысы.
Қосжарнақты тұқымның құрылысы. Қосжарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді. Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.
Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қосжарнақтылар деп аталады. Қосжарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.
Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет