5- тақырып: Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері Жоспары


Болжау зерттеушінің қатынасынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Ұқсастыру (аналогия



бет6/7
Дата27.02.2023
өлшемі112,73 Kb.
#70046
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Педагогика -5

Болжау зерттеушінің қатынасынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.
Ұқсастыру (аналогия) объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі. Басқаша айтқанда, аналогия ғылымның бір саласындағы қатынастардың оның екінші саласына транспозициялануы.
Эксперименттік-эмпирикалық зерттеу (грек сөзі «empeiria» – тәжірибе) дегеніміз педагогикалық заңдылықтарды тәжірибеде, іс жүзінде қолдану.
Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері:
- Бақылау-зерттеу: тікелей, жанама, тұтас, ашық, жабық, үзік, үздіксіз, дискретті, моногрфиялық, бір бағытты;
- Сұрақ-жауап әдістері: әңгіме-сұхбат, сұхбат-әңгіме, сауалнама (анкета); интервью; тест жүргізу; педагогикалық құжаттармен танысу; оқушылардың жазбаша, шығармашылық, графикалық жұмыстарын тексеру.
- Өлшеу әдістері: шкалалау, кесінділер алу, тест алу.
- Мәліметтерді өңдеу әдістері: математикалық, статистикалық, графикалық, таблицалық.
- Бағалау әдістері: рейтинг, педагогикалық консилиум.
- Практикаға нәтижені ендіру әдістері: эксперимент, тәжірибелік оқыту, жаппай ендіру .
Нақты мәліметтерді жинақтау әдістері:
- Бақылау заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.
 
Сұхбат-әңгіме. Сұхбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және жеткілікті тәжірибесін қажет етеді. Сұхбаттың мақсаты – сұхбаттасушылардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу.
Сауалнама жүргізу. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал логикалық құрылысы, сауалнама құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады.
Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет