5-дәріс. Ұлы ғалым Ньютонның және оның ғылыми жолы


Ломоносов Михаил Васильевич



бет26/64
Дата27.11.2023
өлшемі12,34 Mb.
#128684
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Байланысты:
Дәрістер ФИЗИКА тарихы

Ломоносов Михаил Васильевич (19.11.1711-15.04.1765) (35-сурет) – орыс ғалым-энциклопедисті. Архангельск губерниясының Денисовка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1731-1735 жж. - Мәскеудегі славян-грек-латын академиясында, 1735-1736 жж. - Петербург Ғылым Академиясына (ҒА) қарасты университетте, 1736-11741 жж. – шет елде Марбургте және Фрейбергте білім алған. 1742 жылдан бастап - адьюнкт, ал 1745 жылдан бастап – Петербург ҒА академигі атанады.




35 сурет.-Л.М. Ломоносов



Физика, химия, астрономия, тау iсі, металлургия және т.б. облыстарында жұмыс істеген. 1774 жылы А. Лавуазье нақты дәлелдеп шыққан заттың сақталу заңын экспериментті түрде дәлелдеген. Табиғатты бір бүтін деп елестетсек, онда бәрі бір-бірімен байланысты, ештеңе себепсіз жоғалып кетпейді (Ломоносовтың материя және қозғалыс сақталу заңы).
Химияда физикалық әдістерді еңгізудің негізін салған, әр түрлі аспаптардың (100 жуық) құрылыстарын өңдеп шыққан.
Ломоносовтың ғылымға, білім мен мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан, ол Ресейдегі жаратылыстану негізін салған. 1755 жылы оның бастауымен және

жобасымен қазіргі уақытта Ломоносовтың есімімен аталатын Мәскеу университеті ашылған.
Ломносов молекула-кинетикалық теория негіздерін қалағанымен, ол молекулаларды шарлар түрінде деп түсінген, өйткені оның түсінігі бойынша олардың арасында серпімді соқтығысулар болмайды.
XIX ғасырда жылу туралы оқу дами бастады және термодинамика мен молекула-кинетикалық теорияның негізгі жағдайлары тұжырымдалды. XVIII ғасырдың басы XIX ғасырдың аяғында денлердің жылулық ұлғаюына көптеген зерттеулер жүргізілген. Оның теңөлшемділігіне аса зор мән беріліп, қатты және сұйық денелер үшін бірқатар аномалиялар анықталған: кристаллдардың ұлғаюының анизотропиясы, судың максимум тығыздығы 40 С температурада болатындығы, 100 С -ден 700 С-ге дейінгі қыздыруда иодты күмістің сығылуы және т.б. Ауаның жылулық ұлғаюы үшін Вольта 1793 жылы ұлғаюлардың бірөлшемділігін бекітті, ал 1802 жылы француз физигі және химигі Жозеф Луи Гей-Люссак (1778-1850) өз эксперименттері және өзінің отандасы Жак Шарльдің (1746-1823) зерттеулері негізінде барлық газдар бірдей және бірөлшемді ұлғаяды деген заңды тұжырымдады және ұлғаю коэффициентін есептеген. 1802 жылы Дальтон өзінің парциаль қысымдар туралы заңын тұжырымдайды.
Дальтон Джон (06.09.1766–27.07.1844) (36-сурет) – ағылшын химигі және физигі, Лондон королдық қоғамының, Париж ҒА мүшесі. Иглсфилдте кедей отбасында дүниеге келген. Білімін өз бетімен жетілдірген. Манчестерде математика мұғалімы болған, ал 1799 жылдан бастап жеке дәрістер оқи бастаған.


36 сурет. -Дальтон Джон





Молекулалық физика облысындағы зерттеулері: адиабаталық сығылу және ұлғаю, қаныққан және аса қаныққан бу, газ ерітіндісінің оның парциаль қысымдарына тәуелділігі.
Химияда атом туралы түсініктердің негізін алғаш салғандардың бірі, қысқа қатынастар заңын ашқан, атомдық салмақ түсінігін енгізген және алғаш элементтердің атомдық салмақтарының кестесін құрған. 1794 жылы физиологиялық зерттеулер жүргізіп, жеке түстерге деген соқырлықты (дальтонизм) ашқан.
Саны көп жұмыстар тұрақты қысым мен көлемде ауаның жылусыйымдылықтарының айырмашылықтары туралы тоқтамға әкелді.

Бұл айырмашылыққа Лаплас көңіл аударды да, 1816 жылы ол ауаның сығылуы мен сиретілуі кезектескендегі температура өзгерісімен Ньютонның теориясынан алынған ауадағы дыбыстың жылдамдығының эксперименттік мәнімен сәйкессіздігін түсіндіріп берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет