5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет261/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Тараудың қорытындысы 


167
167
Абыз
– ертеде елдің салт-дәстүрі бойынша жо-
ралғыларына басшылық жасайтын, болжам жа-
сап, жорамал айтатын жəне ежелден қалыптасқан
əлеуметтік тəртіптің ережелерін жетік меңгерген 
беделді тұлға.
Айырбас 
– мүлікті, малды баспа-бас айырбастау. 
Бұл сауда жасау немесе пайда табу мақсатында 
емес, керісінше тұрмыс қажеттіліктерін өтеу үшін 
жүргізіліп отырған әрекет.
Ақинақ
– көне скиф-сақ-сармат жауынгерлері 
қолданған қысқа семсер. Оның ұзындығы – 40–50 
см болған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекей-
ленген. 
Ақсүйек
– дәстүр негізінде «қара халыққа» 
үстемдік етуші таңдаулы, үстем әулеттердің өкілі. 
Ақсүйектердің бұқара халықтан бөлек айрықша 
құқықтары мен артықшылықтары болған.
Андроновтық тұрпат
– Солтүстік, Орталық және 
Шығыс Қазақстан аумақтарынан табылған бас сүй-
ектерді зерттеген кезде анықталған қола дәуірі 
адамдарының тұрпаты.
Анимизм
(лат. 
anima
– рух, жан) – заттық дү-
ние құбылыстарының жаны бар екенін бiлдiретiн 
термин. Анимизм, тар мағынасында, жан туралы 
ұғымдар жөніндегі ғылым, ал кең мағынасында
барлық жанды заттар туралы ғылым болып табы-
лады.
Антика жазбалары
– ежелгі грек және рим 
автор лары ның жазбалары.
Антропология
– адамның шығу тегі мен эволю-
циялық дамуын зерттейтін ғылым.
Аң стилі
– ерте темір дәуірінде Еуразия далалы 
аймақтарын мекендеген тайпалардың қолданбалы 
өнер туындыларында аңдарды бейнелеуі.
Аңшылық
– алғашқы адамдардың негізгі кәсіп-
терінің бірі; жабайы жануарларды аулау.
Артефакт
(лат.
arte/actum
– жасанды істелген)- 
табиғилықтан тыс қолдан жасалған зат, мәдениет-
тің жемісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет