54. Юпитер Юпитер


Жұлдыздардың Галактикада орналасуы. Жұлдызды статистиканың әдістері. Галактикада Күннің орналасуы



бет19/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
71.Жұлдыздардың Галактикада орналасуы. Жұлдызды статистиканың әдістері. Галактикада Күннің орналасуы.
Күн маңындағы жұлдыздардың координаталарын және спектрлерін ені бойы зерттеу арқылы олардың кеңістікте қозғалатындығын анықтауға болады. Әр жұлдыз Күнмен салыстырғанда кеңістікте жылдамдықпен қозғалады. Жұлдыз жалдамдығының аспан сферасына проекциясы тангенциаль жұлдыз жылдамдығы деп аталады (2-сурет), жыл бойы аспан сферасындағы бүрыштық орын ауыстыруы /өзіндік қозғалыс/ мен төменгі өрнекпен жылдық параллакс арқылы анықталады:

Жұлдыз жылдамдығының бақылау сәулесіне проекциясы сәулелік жылдамдық деп белгіленеді, ол Допплер ығысуы арқылы есептелінеді:

Жылдамдықтардың екі проекцияларының көмегімен жұлдыздардың кеңістіктегі жылдамдықтарын анықтап, олардың Галактикадағы қозғалыстары туралы деректер алуға болады. Күнге жақын және одан әдеуір қашықтықтағы көптеген жұлдыздардың өзіндік қозғалыстары және сәулелік жылдамдықтары арқылы олардың Галактика центрінің айнала қозғалыстарын анықтайды.


а)

б)

2-сурет. Күн маңайындағы жұлдыздардың сәулелік жылдамдықтары

Галактика центрінен қашығырақ орналасқан жұлдыздардың сызықтық жылдамдықтары азырақ деп ұйғарып, Күнге салыстырғандағы сәулелік жылдамдықтарды талдайық.


2 а) және б) суреттерде Күннің орны және Галактика центрінің бағыты көрсетілген және Күн маңындағы жұлдыздардың кеңістіктік /а/ және сәулелік /б/ жылдамдықтары кескінделген. Центрге жақын жұлдыздардың жылдамдықтары артығырақ, ал Күннен алыстау орналасқан жұлдыздардың қозғалысы баяу болады. Осы жұлдыздардың сәулелік жалдамдықтары 2-суретте келтірілген. Күнмен бірге қозғалған бақылаушыға қозғалыс бағыты мен оған перпендикуляр бағыттағы жұлдыздардың сәулелік жылдамдығы нөлге тең болады (2-сурет). Басқа бағыттарда сәулелік жылдамдықтардың шамасы әртүрлі, бірақ көрсетілген екі бағытқа 450 бұрыш жасайтын бағыттарда сәулелік жылдамдықтар максимал болады. Алыс объектілердің сәулелік жылдамдықтары артады. Жүргізілген зерттеулер сәулелік жылдамдықтардың өзгеруі осыған ұқсас екендігін көрсетеді. Осыдан барлық жұлдыздар Галактика центрін айналатындығын және олардың жылдамдықтары түрліше болатындығы анықталды. Сонымен, жүргізілген бақылаулар және талдаулар нәтижесі Галактиканың айналысы туралы төменгі заңдылықтарды берді:
1. Галактиканың солтүстік полюсінен қарағанда айналу сағат тілімен бағыттас болады.
2. Галактиканың центрінен алыстағанда бұрыштық жылдамдық кемиді, бірақ Кеплер заңдарындағыдан баяуырақ кемиді.
3. Центрден алыстағанда сызықты жылдамдық артып. Күн маңында өзінің максимал 250 км/с-ке тең мәніне жетеді, одан кейін қашықтықпен кемиді.
4. Күн және оның маңындағы жұлдыздар Галактиның центрін 240-250 миллион жылда бір айналады. Осы уақыт аралығы галактикалық жыл деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет