Лимон қышқылы құрамында 99,5% қышқыл бар түссіз немесе сәл сары
кристалл. Оны биохимиялық жолмен қанттың лимон қышқылды ашуынан
алады.
Ас тұзы –97-99%-ы натрий хлориді мен аз мөлшерде басқа минералды
тұздардан тұратын табиғи кристалды зат. Адамның тәуліктік тқз нормасы – 5-
6г. Тұз осмостық қысымды, су алмасуды реттейді, асқазан сөлінде тұз
қышқылының түзілуіне қатысады, ферменттердің қызметін күшейтеді,
консервант ретінде қолданады.
Шығу тегі және алу жолы бойынша тұз тас (жерде алынған), қайнатылған (табиғи немесе жасанды тұздықтан буландырып алынған), өздігінен тұнған (тұзды көлдің түбінен алынған) және тұнған (теіңздер мен мұхиттардан
алынған) болады.
Өңдеу әдісі бойынша майда кристалды, ұнтақталған, йодталған және фторланған болады.
Сапасы бойынша ас тұзының экстра, жоғары, 1-ші және 2-ші сұрыптарын
ажыратады. Экстра тқзында 99,7% дейін натрий хлориді, ал қалған сұрыптарда
- 97,0-98,4% болу керек. Олардың ылғалдылығы 0,1-6% болу керек.
Тұзды 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында құрғақ бөлмелерде
сақтайды, йодталған тұзды 6 ай сақтайды.
Натрий глютоматы– глютамин қышқылдарының бір орынбасқан тұзы.
Тағамның дәмін айқын шығарады. Аспаздықта, консервілеуде (ет, балық,
көкөніс) қолданады. Натрий глютоматын қант өндірісінің қалдықтарынан,
казеиннен, бидай желімтексынан алады.
60.Ас тұзы.Ас тұзының жіктелуі. Ас тұзы –97-99%-ы натрий хлориді мен аз мөлшерде басқа минералды