Кіріспе Бұл пәннің мақсаты тарихи үдерістерді, XVIII – ХХ ғасырлар
аралығындағы оқиғаларды тарих ғылымындағы қазіргі замандағы әдістемелік
тұрғы контексінде көрші елдер халықтарының тарихымен өзара байланыста
және өзара әрекетте ашып көрсету болып табылады.
Бұл пәнді үйрену объектісі қазақ көшпелі қоғамының Ресей империясының
жүйесіне, жаңа тарихи шындыққа олардың интеграциялану үдерісінде болған
саяси, әлеуметтік-мәдени және экономикалық өзгерістерге ыңғайлануы болып
табылады. Қазақ даласындағы империялық тәжірибені зерттеу әдістері Ресей
империясының аймақтарында да (Кавказ, Украина, Сібір, Финляндия, Орта Азия
және т.б.), империя саястатының тарихын (Ресейлік, Британдық, Османдық,
Австро-Венгрлік және т.б.) салыстырмалы түрде жүргізіледі. Бұл студенттерге өз
елінің тарихын дүние жүзілік масштабтағы орнын сезінуге, «Қазақстанның жаңа
заман тарихының» гуманитарлық пәндер жүйесіндегі рөлі мен орнын білуге
мүмкіндік береді.
Аталмыш пәннің міндеттері мынандай болып табылады:
-
ХVIII-XX ғғ. басындағы қазақ халқы тарихының негізгі мәселелері
бойынша жүйелі білім алу;
-
теориялық-әдістемелік тәсілдер, тұжырымдар мен олардың эволюциясын
Қазақстанның жаңа заман тарихын үйренуде түсіну;
-
Қазақстанның жаңа заман тарихының негізгі деректері туралы білім алу;
-
проблемалық дәрістер әдістерін қолдану арқылы студенттердің
шығармашылық ойлауын қалыптастыру;
-
ұлттық тарихты құрметтеуді дамыту және Қазақстанның дамуының
тарихи кезеңдерінің тұтас сипаттамасын қалыптастыру.
Қазақстанның жаңа заманғы тарихының кезеңдері: Ресей империясының
құрамындағы Қазақстан тарихын оқып үйренуде теориялық-әдістемелік тәсілдер
эволюциясын және пікір-талас тудыратын мәселелер бойынша талдай отырып,
тарихи деректер арқылы Қазақстанның жаңа заман тарихының негізгі
проблемаларын түсіндіру. Сонымен бірге, «Жаңа империялық тарих» ұғымын
жан-жақты ашып көрсету.