Декабристер – 1825 жылы Петербургтағы Сенат алаңында болған көтеріліске қатысушылар.
Декларация (лат. жариялау) – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялармен
халықаралық ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме.
Декрет (лат. қаулы) – мемлекеттік жоғарғы органдардың заңдық күші бар құжаты (мысалы, Бітім туралы
декрет, Жер туралы декрет – 1917 жылы 27 қазанға (9 қарашаға) қараған түні Кеңестердің ІІ съезінде
қабылданды).
Делегация – мемлекеттің өкілетті-құқықты өкілдігі.
Демобилизация – әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату не отставкаға, резервке шығару.
Достарыңызбен бөлісу: