6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Ресурс – қор, елдің сарқылмас қоры.  Ресурстар



Pdf көрінісі
бет276/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   305
Ресурс – қор, елдің сарқылмас қоры. 
Ресурстар – кез-келген заттың қоры, қайнар көзі. 
Ретушь – араның жүзі сияқты кертіктермен тастарды түзету арқылы өткірлейтін тас өңдеу әдісінің жетілген 
түрі. Ретушьтік әдіс арқылы екі жағында пайдаланатын құралдар жасалған. 
Референдум – аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша жалпы халықтық дауыс беру; мемлекеттік құқықта 
сайлаушылар корпусының конституциялық, заңдық түпкілікті шешім қабылдауы. 
Реформа – қайта құру, өзгерту, қайта жасау. 
Ру – өзінің шығу тегін бір желіден (аналық немесе аталық) алатын, көбінесе өздерін бір атаның ұрпағымыз деп 
сезінетін, ортақ рулық атты алып жүретін, қандас туысқандар тобы. 
Рубасы – ру билігін жүргізетін адам. 
Руна жазуы – түркілердің көне жазуы. 
Саба – қымыз ашытуға арнап жылқы терісінен жасалатын сыйымдылығы мол ыдыс 
Сабау – жүнді сабап қопсытуға арналған таяқшалар.
Саботаж – өндірістік жұмысқа әдейі кедергі келтіру. 
Сағанатам – діни құрылыс, төрт құлақты етіп тұрғызылатын мазардың бір түрі. 
Садақ – жебе ататын қару. Оның адырнасы мықты қайыстан жасалып, жағына керіледі. 
Сайлау құқығы – азаматтардың өкіметтің органдарын сайлау және оларға сайлану құқығы. 
Салжұқтар – түрік-оғыздардың үрім-бұтағы. Оғыз тайпалық одағынан бөлініп шыққан кездегі басшы көсемі. 
Салжұқтардың атымен аталған. 
Сал-серілер – ақындық пен әншілік бойына туа дарыған өнер иесі. 
Самодержавие – революцияға дейінгі Ресейдегі патшаның шектеусіз жоғарғы билігі мен осындай билікке 
негізделген басқару жүйесі. 
Саналы адам – ақыл-ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жартылысынан әлдеқайда жетілген 
адам. «Саналы адамның» түр-тұлғасы мен ойлау дәрежесі бүгінгі адамдармен теңдес келеді. 
Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы. 
Сардарбек – сарбаздардың басшысы, қолбасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет