57. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы.
Қайта өрлеу дәуірінде саяси және әлеуметтік мәселелер бірінші орынға шықты. Мемлекеттер арасындағы соғыстар мен шекаралық мәселелердің кесірінен Еуропа елдерінің халықтары түрлі езгегі түскен болатын. Олардың бар қалағаны тыныштықпен бейбіт өмір болатын. Ал бұл жағдайды ашық саясат көмегімен ғана орнатуға болатыны анық байқалған болатын тұғын. Сондықтан, ашынған Еуропа мемлекеттері бұрыннан қалыптасқан канондық тұжырымдарға қарсы болып, адамның айналасынан бөлектенуіне және дінге сенімдерін төмендеткен болатын.
Никколо ди Бернардо Макиавелли (1469-1527 жж.) – өз уақытының гуманистері секілді классикалық білім алмаған, Флоренция қаласының өз дарынымен көзге түскен және туған қаласының түрлі әлеуметтік және саяси мәселелеріне ұтымды жауапты өзінің бойындағы ұйымдастырушылық қасиеттермен саяси және дипломатиялық кездесулер арқылы тапқан философ. Мемлекеттік істерді аяқтағаннан соң, ол өзінің еңбектерін жазды. Олар «Флоренция тарихы», «Патша», «Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде». «Басқарушы», «Флоренциялық жылнамалар» трактатында мемлекеттің және құқықтың антиклерикалық тұжырымдамаларын қозғаған. Жиі кездесетіндей, оның көзі тірісінде еңбектері ақталмай, 1513-1515 жж. жазылған «Патша» еңбегі тек ол қайтыс болғаннан кейін ғана басылып шыққан болатын. Макиавелли автономды мемлекеттің қайраткерлік қызметін саяси көзқараспен түсіндірді. Бұл тіл табысушылықты ол «саяси реализм» деп атады. «Патша» еңбегінде қолданған «мақсат нәрсені ақтайды» деген тезисі шынымен де иезуит Эскобардыкі және оның ұраны екен. Макиавелли бұл тәсілді саясатта қолдану керек, идеалдың бір түрі деп қарау керек дейді. Оның баға жетпес еңбегі деп мемлекеттік құрал ретінде керемет мифте саясатты қолжетімсіз анализге айналдыра отырып, оны ғылыми дәрежеге көтеруі. Адал, үлгілі басқарушының қасиеттерін қарастыра отырып, Макиавелли тарихта алғаш рет мемлекеттің экономикасын ең маңызды фактор деп тапты. Қарапайымдылықты адамның арқауы деп тауып, салықты ауқымды мемлекет көтере алмайды дейді. Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Адам іс-әрекетінің терең түрткісі – ол оның мүддесі деген тұжырымға келген. Макиавелли патшаны адал, ақкөңіл бола алмайды, болса тек бөтендердің тарапынан болады деп пайымдайды. Мемлекеттік мәселелерді шешуге келгенде басқарушы арыстандай ер жүрек, түлкідей қу болуы керек дейді: «аңдардың ішінен патша екі жануарға ұқсап бақсын: арыстан, түлкі». «Патша» деген еңбегінде: «Адамдар өз меншігінен айырылғаннан гөрі әкесін өлтірген адамды кешіруге дайын» - деген болатын. Меншік жөніндегі мүддеден кейін ғана абырой және сый-сияпат келеді. Макиавелли бірнеше жылдар бойы шешімі таба алмай жүрген саясаттың адамгершілікпен жібін үзді. Оның ойынша, саясатты ғылыми зерттеу абстрактылы морализациядан босатылуы қажет. Осы орайда, Ф.Бэкон: «Макиавеллиге айтар алғысымыз шексіз, себебі ол адамдардың іс-әрекеттерін ашық та тура, еш бұрмалаусыз жеткізді» дейді. Флоренциялық дипломат, ойшыл саясаткерді әлемтануда адамның сенім символы деп қарады.
Қорытындылай келе, Макиавелизм – соңғы Қайта өрлеу дәуірінің «таңғажайып» пен «сұмдықтың» арасындағы капитализмді танытушы өтпелі кезеңі. «Патша» авторының мақсаты гуманды еді, бірақ адами емес. Осыдан ренесанстың екіжақтылығы байқалады. Осы заманның өкілдері еркін түрде олардың бойындағы жақсылық пен жамандықтың себептерін түсіндіре алмады, себебі олардың жанында Құдайға деген сенім сезімі жоқ еді. Адамзат тарихының ең басты трагедиясы осы тақырыптың аясында болды және де болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |