8 дәріс мазмұны тақырып. Этнос және ұлт әлеуметтануы


Лекция №6 Өзіндік жұмыстарды инновациялық оқу-әдістемелік орталықта ұйымдастыру тиімділігі



бет11/16
Дата19.05.2023
өлшемі71,77 Kb.
#94928
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
қысқаша конспект

Лекция №6 Өзіндік жұмыстарды инновациялық оқу-әдістемелік орталықта ұйымдастыру тиімділігі
Жоспар:

  1. Оқу-әдістемелік кабинетте жұмыс жасау ережесі

  2. Ғылыми-зерттеу жұмысына дайындық компоненттері

ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан жоғары оқу орындарының (ЖОО) материалдық-техникалық қорлармен жаңартылу деңгейі әлі де жеткіліксіз екендігі атап өтілген. Еліміздің индустриалды-инновациялық даму міндеттеріне және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибеге сай, еңбек нарығының сұраныстарына жауап бере алатын жоғары сапалы білім беруге қол жеткізу, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру – инновациялық оқу-әдістемелік кабинетінің жабдықталуы мен ұйымдастырылуын талап етеді.
Бүгінгі таңда барлық арнайы кафедралар базасында инновациялық оқу-әдістемелік кабинеттердің қызмет атқаруы өзекті мәселеге айналып отыр. Заманауи кабинет студенттердің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі дамыту мен бағалауды жетілдіруге ықпал етеді.
Инновациялық оқу-әдістемелік кабинет – бұл жиһаз, оқу жабдықтары (оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік нұсқаулары, дидактикалық материалдар, өзіндік, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар, оқу-әдістемелік кешендер), білім берудің техникалық құралдары, пайдаланылатын құрылғылар, экспозициялық материалдар сақталатын күрделі жүйе.
Студенттердің оқудағы белгілі бір білім жүйесін меңгеруі білім беру кеңістігінің әлеуетіне тәуелді болады. Оның жеке-дара қалыптасуына субъективті және объективті қиындықтар әсер ететіндігі белгілі. Олай болса бұл қарама-қайшы себептер оның даму тенденциясына әсер етеді. Сондықтан жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысының өзегі ретінде осы қайшылықтарды шешу мен себебін анықтау өзіндік жұмыстардың психологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.
Қазіргі кезде, ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты студенттердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып үйренуі өте маңызды болып отыр.
Зертханалық сабақтар студенттердің теориялық-әдістемелік білімі мен оқу-зерттеу сипатындағы қызметінің біртұтас процесіндегі практикалық білігі мен үйлестіруге ықпалдастыруға мүмкіндік жасайды. Олардың ролінің артуы – эксперименттің қазіргі нысанында тез дамуына байланысты, соның нәтижесінде іс жүзінде жоғары оқу орындарын бітірушілердің барлығы да зерттеу жұмыстарына даяр болуға тиіс. «Зертхана» деген сөздің мағынасы (латынша labor – ебек, жұмыс, қиындық) туындаған ғылыми және өмірлік маңызы бар міндеттерді ой және дене еңбегін қолданып, шешумен байланысты, ежелден қалыптасқан ұғым екендігін білідреді. «Практикум» сөзі де сол ойды білдіреді: грекше practices «әрекетті» білдіреді, осыған орай, студенттерден қажырлы іс-әрекетті талап ететін оқу сабақтарының түрін білдіреді. Зертханалық жұмыстардың нақты оқу мамандығына байланысты айрықша айқын көрінетін ерекшеліктері болады.
Сондықтан бұл жағдайда жалпы педаогикалық ұсыныстарға қарағанда, жеке ұсыныстар орындылау. Зертханалық сабақтарда жұмыстың тиімді нысандарының бірі бірлескен топтық жұмыс болып табылады. Оның нақты бағыты оқытушылардан көп жұмысты талап етеді.
Практикалық сабақтарды, оларды студенттерді практикалық жұмыстардың әдістерімен қаруландыратындай, олардың ойлау қызметін жандандыратындай, алдағы уақытта тереңдетілген өз бетінше істелетін жұмысқа әкелетіндей етіп өткізу маңызды саналады.
Жаттығулар – практикалық сабақтардың маңызды бөлігі. Жаттығудың негізі – лекцияда теория тұрғысынан талданып дамытылған мысал. Әдетте, нақты біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға баса назар аударылады, бұл студенттер қызметтерінің мазмұнын – міндеттерін шешуді, графикалық жұмыстарды, дұрыс ойлау мен сөз сөйлеудің алғы шарты болып табылатын ғылымның категориясы мен ұғымын нақтылауды айқындайды.
Өз бетінше іздену арқылы кәсіби қалыптасуға да мүмкіндік беретін ресурстар өте көп. Өзіндік жұмыспен айналысу кезінде қолданыста жүрген ресурс – интернет кеңістігі. Студенттердің өздік жұмысының процесін шығармашылық процеске айналдыру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету. Оқу орынның кітапханаларында қажетті оқу әдебиеттерінің қорының, электрондық оқу құралдары мен электронды оқыту бағдарламасының және қазіргі таңдағы мықты ақпарат көздерінің бірі – интернеттің болуы. Оқу процесінің компьютерленуі студенттің өздігінен білім алуына және ақпарат көздерімен жұмыс жасауына, өзіндік бақылау жасауына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады. Сондықтан өздік жұмысты тиімді қолдануда мазмұнды динамикалық түрде өзгертуге және соңғы ғылыми жаңалықтармен жаңартуға болатын, әрі қолданысқа икемді электронды оқулықтардың маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет