8 дәріс мазмұны тақырып. Этнос және ұлт әлеуметтануы


Лекция № 7 Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру



бет12/16
Дата19.05.2023
өлшемі71,77 Kb.
#94928
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
қысқаша конспект

Лекция № 7 Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру
Жоспар:
1. Ғылыми зерттеу әдістері
2. Теориялық зерттеу әдістері
3. Ғылыми зерттеулердің эмпирикалық әдістері
Зерттеудің нәтижеге жетуі оның ғылыми кұралдарды дұрыс анықтап алып, әдіснама қорынан түрлі тәсілдерді таңдай білуімен тікелей байланысты «Әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни әдіснама мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зертгеу әдістерін жасайды. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оку-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Әдістердің тұтастай бір бірлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің ерекшелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жӛніндегі гылыми ақпараттарды жинақтап, зандылыкты байланыстар қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан килы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топка ажыратылады: 1) Педагогикалык тәжірибені зерттеу әдістері; 2) Теориялық зерттеу әдістері; 3) Математикалық әдістер.
Педагогикалык тәжірибені зерттеу әдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен катардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болган не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер коғаданылады: бақылау, әңгімелеу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден откеру, педагогикалық кұжаттармен танысу.
Бақылау әдісі — зерттеу барысында накты дерек материал жинақтау максатымен қандай да педагогикалык құбылыстың назарға алынуы. Бакыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанамен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезендерге бӛлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын тандастыру; 3) бакылау және оның барысында ақпарат топтастыруга оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды ӛндеу және дәйектеу. Бақылау түрлері: Араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде катысады; Сырттай бақылау - зерттеуші ізденіс жүмыстарына тікелей араласпайды; Ашык және жасырын бакылау; Тұтастай және тандамалы бақылау. Бакылау - орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірак өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық-әлеуметтік жеке дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның кандай да шынайылықтан ауыткуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат әдісі - кажетті акпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес немесе косымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген - интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеталау - ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ-жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет әңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу - сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының ұсынылуы дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет