сатып алды (орындар бір қатарда және қатарынан орналасқан). Егер үш қыз бірге отырғылары келсе, онда олар неше тәсілмен орындарға отыра алады? А) 120 В) 720. С) 7. D) 49. Е) 5040 Шешуі: Қыз бірге отырғылары келсе, оларды бірге 1 элемент деп есептейміз және олар 4 жігітпен бесеу болады. Бес элементті 5!=120 тәсілмен алмастыра аламыз. Үш қыз 3! = 6тәсілмен отырады. Онда олар 120 ∙ 6 = 720 тәсілмен орындарға отыра алады. Жауабы: 720 vk.com/dostykteam Кітап сөресінде 8 кітап, олардың 3-уі бір автордікі. Бір автордың кітаптары қатарынан тұру керек болса, онда кітаптарды неше тәсілмен сөреге қоя алады? А) 121. В) 60. С) 120. D) 4320. Е) 11. Шешуі: Автордың үш кітабын бірге байлап, 1 кітап деп есептейміз және олар 5 кітаппен алтау болады. Алты элементті 6! = 720 тәсілмен алмастыра аламыз. Үш кітапты 3!= 6 тәсілмен орындарын ауыстырамыз. Онда 8 кітап 720 ∙ 6 = 4320 тәсілмен сөреге қойылады Жауабы: 4320 vk.com/dostykteam 3, 4, 5, 6, 7 цифрларынан санда цифрлар қайталанбайтындай неше жұп үш таңбалы сан құрауға болады? А) 216 В) 60. С) 120. D) 24 Е) 30. Шешуі: Сан жұп болуы үшін бірлігі жұп сан болу керек. Барлығы 5 цифр, олардың екеуі жұп сан. Үш таңбалы санның бірлігін 2 тәсілмен, жүздігін 4, ондығын 3 тәсілмен таңдаймыз. Берілген цифрлардан 2 ∙ 4 ∙ 3 = 24 жұп үш таңбалы сан құраймыз. Жауабы: 24 Дүкеннің шығыны мен табысының кестесі бойынша үш аптада түскен пайда қанша теңге болды? А) 85 000 В) 120 800 С) 120 000