201
Оқушылардың шығарманың кӛркем компоненттерімен жүргізетін
жұмыстарын жүйелі танымдық үдеріске ұластыру әдеби білімді тереңдетуге
бірден-бір септігін тиігізері анық. Шығарманың кӛркем
компоненттерін
топтық, жұптық жұмыстарға, оқушылардың ӛздік жұмыстарына бағыттау
бірден бір тиімді жол екені тәжірибеден анықталып келеді.
Мектеп практикасында кӛбіне кӛркем туындыны түр
мен мазмұн
бірлігінде талдау жағы кемшін соғып жатады. Кӛркем шығарманы орта
мектепте оқып-үйренудің ғылыми-әдістемелік жүйесін тұтастықта қарастыр-
ғанда ғана оқушылардың әдеби білім мазмұны байи түседі.
Жоғары сыныптарда әдеби шығарманы оқыту мәселелері әлі де толық
шешімін таппай келеді. Оның ӛзіндік себебі де жоқ емес. Жоғары
сыныптарда әдеби шығарманы проблемалық
мәселелері жағынан талдау,
әдеби деталь арқылы шығарманың идеялық ӛзегіне жол салу, әдеби
туындыдағы образ, кейіпкерлер жүйесі, кӛркем
бейнелердің мінез-құлық
әлемі, сюжеттік оқиғалар желісі, композициялық құрылым секілді мәселе-
лерін талдаудың әдістемелік жолдары арнайы зерттелмей келеді.
202
Оқушылардың ойлау белсенділігін
арттыруға жетелеу, нәтижеге
бағытталған іс-әрекеттер жасау тікелей талдаумен байланысты екені анық.
Осыдан талдаудың әдістемелік жүйесін бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік
сұраным-талаптарына сәйкес жетілдіру қажет екені туындайды. Сол себепті,
мәселені
тиімді шешу, талдаудың ұтымды да оңтайлы жаңа жолдарын табу
айқын міндет. Сонда мұғалім шәкірттерін шығарма әлеміне еркін бойлатып,
ізденушілік бағыт, бағдар бере алады. Пәннің оқытылу мақсат-міндеті
орындалады, білімнің сапасы артады.
Достарыңызбен бөлісу: