А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Әдебиет пәнін оқытуда қалыптасқан әдіс-тәсілдер жүйесі



Pdf көрінісі
бет38/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102
Әдебиет пәнін оқытуда қалыптасқан әдіс-тәсілдер жүйесі. Әдебиет 
пәнін оқытуда алғаш әдіс-тәсілдер жіктемесінің ӛзгеше құрылымын ұсынған 
ғалым – Н.Кудрящев.
2
Ол әдістерді ішінара үйлестіре қолдану арқылы оқу-
таным әрекеттерін белсенді етуді кӛздейді. Әдіскер-ғалым М.Н.Скаткиннің, 
И.Я.Ларнердің әдістер жүйесіндегі еңбектеріне сүйене отырып, бірнеше әдіс-
тәсілдерді жіктейді. Оқытушы мен оқушының оқу әрекетіне қарай: 
1.Түсіндірмелі-иллюстративті; 
2.Ақрапатты; 
3.Репродуктивті; 
4.Проблемалық баяндау әдісі; 
5.Эвристкалық әдіс немесе ішінара ізденіс әдісі; 
6.Зерттеу әдісі. 
Кӛп жылғы әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тәжірибесіне сүйене 
отырып, әдебиет пәнін оқытуды ӛзіне тән әдістер жүйесінің қалыптасқанын 
кӛруге болады.
Оқыту әдістері туралы В.В.Голубков «Оқыту әдісі жүйелі қолданы-
лытын педагогикалық еңбекке үлкен ықпалы бар оқыту түрі» деген тұжы-
рым білдіреді. Ол әдебиет пәніне тән әдістер жүйесін былайша топтайды: 
1.Лекция әдісін кең кӛлемде қабылданатын негізгі әдістің бірі ретінде 
жаңа оқу материалын түсіндіруде, мұғалімнің әңгімесі түрінде түсінік бере 
отырып оқу түрінде қолданылатынын айтады. Оқу материалын мәнерлеп оқи 
отырып тыңдаушыға жеткізетін, жаңа оқу материалын баяндайтын лекция-
лық әдіс деп түйеді. 
2.Әдеби-сұхбат әдісі.
3.Оқушылардың ӛздік жұмыс әдісі деп оған шығарма, баяндама, 
ауызша баяндама, жазба жұмыс түрлерін жатқызады. Яғни, оқушының ауыз-
ша, жазбаша баяндамасы және шығармасына бағытталған ӛздік жұмыс әдісі. 
Сонымен қатар В.В.Голубков жұмысты ұйымдастырудың формасы мен 
тәсілі туралы айта келіп, әдіске қарағанда тәсіл ұғымының ауқымы 
тарлығын, әдістің құрамды бӛлігіне жататынын білдіреді.
Әдебиеттік оқу сыныптарының әдістемелік жүйесін қалыптастырудағы 
еңбегімен еленетін әдіскер– М.А.Рыбникова. Әдіскер кӛптеген әдіс-тәсіл-
дердің түрлері мен қоданылу ерекшелікетерін топтастырған. Оның еңбек-
терінде лекция әдісі, әңгіме әдісі, оқушылардың ӛзіндік шығармашылық жұ-
мыс тәсілдері, түрлі түсініктемелер, мәнерлеп оқу, әдеби кӛрме ойындары,
сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар т.б. кӛптеген әдістемелік нұсқаулар 
беріледі.
1
Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Білім 2009. 
2
Кудрящев Н.И. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы, -М., 1981.


81 
Ал әдіскер-ғалым Н.И.Кудряшев әдебиет пәнінен оқу-танымдық жұ-
мыстарды ұйымдастырудың тұтас құрылым жүйесін ойластырады. Ғалым 
бірнеше әдістерді ұсынады. Олар: 
1.Шығармашылық оқу әдісі; 
2.Эвристикалық әдіс; 
3.Зерттеу әдісі; 
4.Репродуктивті әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет