А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет28/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   165
3.2. Сатып алушының сипаттамасы
Сатып алушы өз шешімін бос кеңістікте қабылдамайды. Оның 
тауарды сатып алуына мəдени, жеке əлеуметтік, психологиялық 
деңгейдегі факторлар үлкен əсер етеді (3.2.1. суретті қара). Бұл 
факторлар көбіне нарық қызметі тарапынан бақылауға көнбейді. 
Бірақ, оларды міндетті түрде есепке алу қажет. 
3.2.1. сурет. Сатып алушының мінез-құлқына əсер ететін факторлар
Мəдени деңгейдегі факторлар
Тұтынушының мінез-құлқына мəдени деңгейдегі факторлар 
аса күшті жəне терең əсер етеді. Сатып алушының мəдениеті, 
субмəдениеті жəне əлеуметтік жағдайының қандай рөл атқаратынын 
қарастырып көрелік.
Маркетингтің түрткі 
болу факторла-
ры жəне басқа да 
тітіркендіргіштер
Тұтынушының жау-
апты реакциялары
Сатып алушы 
санасының «қара 
жəшігі»
Мəдени деңгейдегі 
факторлар
Мəдениет
Субмəдениет
Əлеуметтік жағдай
Əлеуметтік факторлар
Референттік топтар
Отбасы
Рөлдері жəне мəртебелері
Жеке факторлар
Отбасының өмір циклының 
жасы жəне кезеңі
Жұмыс түрі
Экономикалық жағдайы
Өмір салты
Тұлғаның түрі жəне өзі 
туралы түсінігі
Психологиялық 
факторлар
Себебі 
Қабылдау
Меңгеру
Сенім жəне қарым-қатынас
Сатып алушы


48
49
МƏДЕНИЕТ. Мəдениет — адамның қажеттіліктері мен мінез-
құлқын анықтайтын бірінші негізгі себеп болып табылады. Адам-
ның мінез-құлқы — негізінен жағымды нəрсе. Бала өзінің отбасына 
жəне қоғамның негізгі институттарына тəн құндылықтар, түсінік-
тер, əдеттер мен əрекеттердің базалық жиынтығын меңгереді. 
Айталық, Америкада өскен бала келесі құндылық түсініктермен 
бетпе-бет келеді: жетістік, белсенділік, жұмысқа қабілеттілік, іскер-лік, 
алға ұмтылу, материалдық жабдықталғандық, дарашылдық, еркіндік, 
сырттай жабдықталғандық, мейірбандық, өз жасынан кіші көріну.
СУБМƏДЕНИЕТ. Кез келген мəдениет айтарлықтай ұсақ құ-
рамдас бөліктерді немесе субмəдениеттерді біріктіреді. Ол өз 
мүшелеріне анағұрлым нақтырақ теңесуге жəне өзі секілділермен 
қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ірі қоғамдастықтарда 
айқын этникалық талғам құштарлықтары мен қызығушылықтарды 
білдіретін бір ұлттағы топтар, мəселен ирландықтардың, поляк-
тардың, итальяндықтардың немесе пуэрторикандықтардың топ-
тары кездеседі. Жекелеген субмəдениеттер өзерінің талғамдық 
құштарлықтарымен жəне тыйымдарымен діни топтарды құрайды. 
Мысалы, католиктер, мормондар, пресвитериандар, иудейлер.
ƏЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ. Əрбір қоғамда түрлі қоғамдық таптар 
болады. Оларды келесідей анықтауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет