2.1. Қазақ коғамының саяси және элеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
81
өте жоғары болды. Бұл барып, түрлі әлеуметтік топтардың ішінен
батырлардын, бірте-бірте институциялануына алып келді. Батыр-
лардың әлеуметтік сипатындағы ерекшелік осында. Мәселен, би
төре, төре би бола алмайды. Бірақ, екеуі де жаужүректілігімен ко
са ақылдылығымен батыр атана алды жэне айырыкша құрметке
бөлене түсті», - деп тұжырым жасайды240
Осылайша XVII-XVIII ғасырлардағы ішкі және сыртқы фак-
торлар қазақ қоғамындағы батырлардың саяси, әлеуметтік ста-
тусқа ие болуына қолайлы жағдай туғызғаны туралы тұжырым
жасаймыз. Сондықтан ел басына күн түскен сәтте саяси басым-
дылық батырлар қолына өтті. Бұл туралы зерттеуші Н.Г. Апол-
лова: «XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы батырлар тек қа-
на әскери жорықтарда маңызды рөл атқарған жоқ. Олар эртүрлі
дипломатиялық тапсырмаларды орындайтын елшілер ретінде де
белсенділік танытады. Ақсақалдар кеңесіне де құлшына араласа-
ды. 30 жылдардағы феодалдық күрес кезінде берік топты кұраған
Бөкенбайдың басқаруындағы батырлар қазақтардың Ресейдің қа-
рамағына өтуіне шешуші күш болған», - деп жазды241. Сыртқы
жаудан қорғану, елдің ішкі бірлігін сақтау сияқты күрделі мәсе-
лелерде батырлардың рөлі жоғары болды. Батыр атағьш ақсүйек
жэне қарасүйек өкілдері де қоғамдық дәрежесіне қарамастан бір-
дей иелене алатын, эрі батырлар XVII-XVIII ғасырлардағы сырт-
қы фактордың күштілігінен қоғамдық қатынастарда басымды-
лыққа ие болды.
Ендігі жерде батырлар институтының атқарған қызметі мен
оны реттейтін ережелердің мазмұнын жэне қалыптасуын толы-
ғырақ ашып көрелік. Ол үшін бұл мәселені батырлардың элеу-
меттік-экономикалық жэне ішкі саяси қызметі деп бөліп қарас-
тырғанымыз жөн. Алдымен қарастырылып отырған институттың
элеуметтік-экономикалық қызметіне тоқталсақ.
Достарыңызбен бөлісу: