А. К. Жундибаева Алматы «Атамұра» 2018 А. С. АҚтанова, А. К. Жундибаева, Л. К. ЖҰмекенова жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8сыныбына арналған оқулық



бет20/86
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#141832
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
2-тапсырма. Ақтамберді Сарыұлын неге жырау деп атаған? Мұғалімнің
кеңесімен өз білгендеріңді толықтырып, баяндап беріңдер.
3-тапсырма. Толғау дегеніміз қандай жанр? Толғауда не туралы айты
лады?
4-тапсырма. Толғаудың бейнелеу тәсілі неге құрылады? Толғау туралы
ізденіп, зерттеушілер пікірлерін дәптерлеріңе жазып, жанр тарихына на
зар аударыңдар.
5-тапсырма. Толғауда қандай әлеуметтік мәселелер көтеріледі? Тол
ғаудың негізгі идеясы нені қамтиды? Білгендеріңді бірбіріңе тү
сіндіріп беріңдер.
6-тапсырма. Мұғалімнің кеңесін негізге ала отырып, Ақтамберді
жыраудың шығармаларының сөз тізбегін құрас тырыңдар.
7-тапсырма. Тарихтағы ерлігі туралы іздене отырып, білгендеріңді баян
дап беріңдер.
8-тапсырма. Ақтамберді жырау қай жылы қайтыс болды? Қай жерге
қо й ылған? Ақтамберді батыр өмір сүрген тарихи кезеңге сипаттама жа
зыңдар.
9-тапсырма. Ақтамберді жыраудың толғауларындағы материалдық және
рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, тарихи және
көркемдік құндылығын бағалап, талдау жасаңдар.
10-тапсырма. Ақтамберді жыраудың тарихтағы орнын бағалап, жырла
рының тақырыбы мен идеясына мән бере отырып, эссе жазыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


36
Күлдір-күлдір кісінетіп


Күлдіркүлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз,
Күдеріден* бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз?!
Өзенге бие байлатып,
Төскейге орда орнатып,
Төрткілдеп ошақ қаздырып,
Төбел бие сойғызып,
Төменде бидің кеңесін
Біз де бір құрар ма екеміз?!
Құлаты тауға қол салып,
Садақтың оғын мол салып,
Бетпақтың он бір шөлінен
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екеміз?!
Майданды дабыл қақтырып,
Ерлердің жолын аштырып,
Атасы басқа қалмақты
Жұртынан шауып бостырып,
Түйедегі наршасын,
Әлпештеген ханшасын
Ат артына мінгізіп,
Тегін бір олжа қылар ма екеміз?!
Кеуде бір жерді жол қылсам,
Шөлең бір жерді көл қылсам,
Құрап жанды көп жиып,
Өз алдыма ел қылсам!
Асқар бір тауды жайласам,
Желілеп бие байласам,
Күнде жиын, күнде той,
Қызбозбала ойнатсам,
Тентегін түзеп байқа деп,
Ішінен биді сайлатсам,
Құлым бір ұлдай киінсе,
Көркемін көрген сүйінсе,
Атымтай жомарт секілді
Атағым жұртқа білінсе!
Өзім бір бөлек жайласам,
Жігіттен нөкер сайласам,
Ойпаң жерге он отау,
Қыраң жерге қырық шатыр тігіп,
Қонағымды жайғасам!
Пышақтан малым кетпесе,
Қазаным оттан түспесе,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе.
Май жемесе қонағым,
Қан жемесе барағым,
Он кісіге жараса
Бір кісіге арнап тартқан табағым!
Халыққа атым білініп,
Шүленгір* мырза атанар ма екеміз?!
Төскейде кеңес топтанып,
Жақсылар үйде баптанып,
Нөкерлер жүрсе сап түзеп,
Қосқосымен шаттанып.
Қиуадан ақыл алатын,
Қияннан айла табатын
Ерлерден салсам нөкерді
Дұшпаннан кекті алатын!
Жоны бір жалпақ жотадай,
Мойны бір жалпақ бұқадай,
Балуаннан нөкер барлатып,
Күреске салар ма екеміз?!
Артықша көзге көрініп,
Балуаным жықса таңлатып.
Алмасын арнап суарып,
Ақ сауыт соқса зергерім,
Таудағы сала бұғыны
Аңдып бір атса мергенім!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


37
Көгорай көктем болғанда


Дауысы бар азандай,
Желіні бар қазандай,
Жаралы қудай ыңырантып,
Жарылған мұздай күңірентіп,
Қайрауықтың ащы күйіндей
Қайырып боздап күйлентіп,
Боталаған боз іңген
Азанқазан, удашу
О да бір алса мазамдыай!
Алғайдың құба жонына
Жайылған қойым сыймаса,
Жүз бүркеншек, жүз қоспен
Қатар жүріп жинаса!
Көк алалы көп жылқы
Көлге бір түссе көз жетпей,
Санап санын алуға
Есебіне жан жетпей...
Беглерім мінсе шұбарын
Жұлындай қылып жаратып.
Елден елді аралап,
Тектіден текті саралап,
Беглердің қызын айттырсам,
Нұсқасын байқап шамалап.
Сынға толса сияғы,
Әлбеті шамның шырағы,
Мұхиттан сүзіп шығарған
Қымбатты гауһар бағасы.
Жүз нарға кілем жаптырып,
Қазақтан сәнін арттырып,
Ұзатып алсам сәнменен
Көңілімді хош таптырып.
Бала берсе тезінен,
Пірлердің* бітсе демінен,
Шілтеннің* тиіп шылауы
Артылып туса өзімнен!
Осындай берген дәулетті
Көтеріп тұра алар ма екеміз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет