А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет112/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
Африкада ең алғаш тәуелсіздігін алған мемлекеттерді 
атаңыз. 
2.
Магриб елдерін атаңыз және қай державаның отары 
болды? 
3.
Конгодағы Патрис Лумумбаның тәуелсіздік үшін 
күресі. 
4.
1960-шы жыл неге «Африка жылы» деп аталады? 
 
 
§ 21. Оңтҥстік Африка Республикасы 
 
ХҮІІ ғасырдың ӛзінде португалдықтардың артынша 
Оңтүстік Африкаға голландықтар келіп, 1652 жылы Кейптаун 
қаласының іргесін қалады. Банту халқы Африканың оңтүстігіне 
ХҮІІІ ғасырда келген болғандықтан, бастапқы кезде голландық-
тарға тек готтентоттар қарсы тұрды. Ол кезде әр текті нәсіл-
дердің араласып тұруына жол берілген жоқ, Африкаға арнайы 
түрде Голландияның жетімдер үйінен қыздар алып келді. 
Голландықтардың ізінше мұндағы жергілікті харық енді 
Францияға да тәуелді болуларына тура келді. Сосын оларды 
ағылшын отаршылдары қыспаққа ала бастады. 1930 жылдары 
голландық қоныстанушылар Солтүстікке орналасып, Оранжевая 
және Вааль ӛзендері аралығындағы аудандарда екі республика 
құрды.


188 
ХІХ ғасырдың ортасында ағылшындар Кап және Нетал 
отарларына қоныс тебе бастады, ал Оңтүстік Африкада алмаз 
жаңа кен орны ашылған соң олар бурлардың иелігіне қарай 
жылжиды. 1880-ші жылдары осы жерде алтын кен орны ашыл-
ған соң бұл жерге ағылшындар одан әрі баса кӛктеп кіреді. Нә-
тижесінде бурлармен арадағы үнемі шиеліністің соңы 1899-
1901 жылдардағы ағылшын-бур соғысына алып келді, яғни мұн-
да Англия жеңіске жетеді, алайда 1906-1908 жылдары бурлар 
республикасына ӛзін-ӛзі басқару құқығын және тіпті ӛз парла-
менттерін құруға амалсыздан кӛнді. 
1910 жылы екі бурлар республикасы және екі ағылшындар 
отарында (Наталь және Кап) тәуелсіз доминион - Оңтүстік 
Африка Одағы (ОАО) құрылды. Дегенмен бурлар мен ағылшын-
дар арасында қайшылық тоқтаған жоқ, бұрынғыдай британдық 
мәдениет пен тілді таратуға қарсылық жалғаса берді. Әсіресе 
оларды ағылшындардың жергілікті африкалық халыққа түзу 
ниетті қатынасы ызаларына тиді. Ӛз отарларында Англия
1863 жылдың ӛзінде-ақ, аралас некеден туғандарды ақ нәсілді-
лермен бірге сайлауға қатысу құқығын берді; бурлар 
республикасындағы парламентке тек ақ нәсілділерге ғана құқық 
берілді. Бурлар мен ағылшындар арасындағы шиеленіс ХХ ға-
сырдың бірінші жартысын түгел қамтыды. Ол кездері жергілікті 
африкалық халықтарды ақ нәсілділер тек арзан жұмыс күші 
ретінде ғана қабылдады. Қара халық саны ақтардан 3 есе кӛп 
болатын. 1912 жылы Оңтүстік-Африкадағы жергілікті ұлттық 
Конгрестің негізі қаланды, ал кейін ол Африкалық Ұлттық 
Конгрес (АҰК) деп аталды. Оның басшылары қара нәсілділердің 
қоғамдық құрылыстағы орнын табуға талпыныс жасады, сон-
дықтан бастапқы кезде күш кӛрсетпеу әдісі қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет