А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет118/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Әлеуметтік реформа 
– қалыптасқан әлеуметтік құры-
лысты сақтай отырып, халықтың тұрмысын жақсарту үшін бел-
гілі бір дәрежеде ӛзгерістер жасау. 
Әмір 
– Орта Азия және Ауғанстандағы билеушілердің ти-
тулы.
 
Байкот 
– (иелікті басқарушы ағылшын Ч.К.Бойкот есімі-
мен байланысты, бұл шараны алғаш рет 1880 жылы ирландия-
лық жалға алушылар аталған адамға қатысты қолданған) – же-
келеген адаммен, ұйымдар мен мемлекетпен қарым-қатынасты 
толықтай немесе бӛліктей тоқтатыла тұратын саяси және эконо-
микалық күрестің құралы. 
Бейтараптылық 
– бейбіт уақытта әскери одақтасуға қо-
сылмау және соғыс кезінде соғысушы жақтардың ешқайсысын 
қолдамау статусы. 
Бей 
– бек, бег, мырза, князь, ислам мемлекеттерінде бей 
титулын алғашқы кезде патша әулетінің мүшелері ғана иемден-
ді. Ал кейін Иранда (Парсы) және Түркияда (Осман империясы) 
бұл титул әскери және азаматтық шендегілерге де беріле бас-
тады.
Буддизм 
– әлемдік үш діннің бірі, б.д.б. І-мыңжылдық-
тың ортасында Үндістанда пайда болып, Оңтүстік-Шығыс және 
Орталық Азияда, Қиыр Шығысқа тарады. Гаутама ханзадасы 
Будда Шакья-Муни негізін қалаған. 
Бурлар 
– африкалықтар, ХҮІІ ғасырда Оңтүстік Африка-
дағы Қайырлы Үміт мүйісіне қоныстанған еуропалықтар (фран-
цуз, голландықтар), тарихи отандарынан байланыстарын мүл-
дем үзіп, бурлар мемлекетін құрды. 
Вали 
– Иран және Осман империясындағы генерал-гу-
бернаторлар. 
Брифинг 
(
ағыл.
Briefing – қысқаша нұсқау) - сыртқы сая-
си ведомстволар ӛкілдерінің және басқа мемлекеттік органдар-
дың, халықаралық және де ӛзге ұйымдардың баспа, радио, те-
ледидар ӛкілдерімен жүргізетін кездесулері мен әңгімелері
оларға маңызды оқиғалар туралы, халықаралық келісімдердің, 
конференциялардың, симпозиумдардың, кеңестердің жүру ба-
рысы жайында, қатысушылардың кӛзқарастары мен позицияла-


198 
ры және жеткізілген нәтижелер жайлы мәлімет беру мақсатын 
кӛздейді. Брифингтер, пресс-конференциялардан ӛзінің қысқа-
лығымен ерекшеленді, олар ресмилігі жағынан кемірек және 
журналистер ақпаратының сипатында болады. 
Геосаясат 
– мемлекеттің георгафиялық орналасу жағы-
ның оның сыртқы саясатына және халықаралық қатынастарға 
әсерін сипаттайтын түсінік. 
Гоминьдан 
– Қытайдағы ұлттық партия, «Біріккен одақ» 
аясында 1912 Сунь Ятсен құрып, 1911-1913 жж. Синьхай рево-
люциясына белсенді қатысты. 1927 жылға дейін Қытайдағы ең 
қӛрнекті партия демократиялық республика үшін күресті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет