А. М. Спанова, К. Б. Магазова, А. Е. Ермек Ғылыми жетекші: М. Н. Шаяхметова



бет2/2
Дата26.03.2023
өлшемі25,03 Kb.
#76259
1   2
Байланысты:
А.М.Спанова, К.Б.Магазова, А.Е.Ермек мақала

Шоқан Уәлихановтың еңбектері көп салалы. Дарынды ғалым ретінде ол тарихқа, этнографияға, географияға, заңға, философияға ғана емес, сонымен бірге экономикалық ғылымға да үлкен үлес қосты. Оның барлық еңбектері-шаруашылық-экономикалық мәселелерге, қоғам проблемаларына арналған зерттеулер. Оларға «Қазақтардың қоныстануы туралы», «Мал шаруашылығы – халықтың байлығы», «Өнеркәсіп және сауда» және басқа да еңбектер жатады. Қазақ халқының экономикалық дамуы Шоқанның басты арманы болды, бірақ оның арманын жүзеге асыру біздің заманымызда ғана мүмкін болды.


Ш.Уәлихановтың экономикалық ой-пікірінің өзектілігі, өз өмірінде көргендері жағдаяттар негізінде қалыптасып отырды. Ол халық шаруашылығының жекелеген салаларын экономикалық талдауға ерекше көңіл бөлді, көшпелі халықтардың шаруашылығын жүргізудің нысандары мен әдістері бойынша практикалық кеңестер беруге ұмтылды.
Ғалымның экономикалық пайымдаулары мал жаю, қазақ халқының көшпелі өмірі және оның рөлі, егіншілік, сауда, салық саясаты, халықтың орналасу жағдайы және т.б. мәселелерге бағытталды.
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы. Алтынсарин мектепте берілген экономикалық тәрбие мен дағдыларды халыққа пайда әкелетін қару ретінде бағалады. Ағартушының танымдық көзқарасы бойынша, экономикалық жетістік, ел мен адамның байлығы әр адамның белсенді жұмыс арқылы бақытты өмір сүруге деген ұмтылысына байланысты. Мәселен, оның «Бай балаcы мен жарлы балаcы», «Бір уыc мақта», «Өрмекші, құмырcқа, қарлығаш», «Дүние қалай етcең табылады», «Cараңдық пен жинақылық» және т.б. әлеуметтік-экономикалық шығармалары жастарды сабырлылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрете отырып тәрбиелеуге шақырылғанын көреміз.
Қазақстандағы экономикалық ой дамуының революциялық-демократиялық кезеңін қазақ халқының ағартушы ақыны С.Торайғыров әлеуметтік тұрғыдан атап өтті. Ағартушы өзінің жұмысының бастапқы кезеңінде халықты қанаушы тап бұқараның надандықтың торында шырмауықты қолданғанын пайдаланды деп сенді: ақын зұлымдық пен қараңғылықты тудыратын себептердің тамырын нақты болжай алмайды, оған ықпал ететін жағымсыз құбылыстармен күреседі және бай немесе кедей болу өзіне байланысты деп санайды.
Кейінірек С.Торайғыров халықтың қайғы-қасіреті мен бақытсыздығының себебін ашуға ұмтылды. Ағартушы мұның себебі-оның алдындағы адамдар «жер бетінде бірлік пен әділеттіліктің қанат жаймауынан» деп болжаған ғылым-білімнің дамуы мен жердің тозуы деп санайды. Адамды адамның қанауына негізделген өндіріс құралдарына жеке меншік құқығын ескермеген.
Cұлтанмахмұт Торайғыров «Кедей», «Адаcқан өмір» поэмалары мен «Кім жазықты?» романы тәрізді туындыларында туған өлкеcінің хал-ахуалын талдай отырып, капиталиcтік қанаушылық пен феодалдық-патриархалдық құрылымды жан-жақты әрі терең айқындап ашып береді, ауыл шаруашылығындағы баcты өнім өндірушінің – шаруаның кедейленуі мен әлеуметтік теңcіздігін көрcетеді.
Белгілі жазушы-ғалым Жүсіпбек Аймауытов қазақ жастарын жерді игеруге, сауда-саттықпен, бизнеспен айналысуға, өз шаруашылығын жақсартуға, өз денсаулығына ұқыпты қарауға, газет, журналдар мен кітаптарды тұрақты оқуға үйретуге, түрлі өнерді игеруге ұмтылуға және өзін мәдени тұлға ретінде танытуға шақырады. «Егер бәрі губернатор немесе комиссар болғысы келсе, онда бұл мәселемен кім айналысады?»- дейді ол. 1926 жылы жазылған «Жан жүйесі және өнерді таңдау» атты еңбегінде Жүсіпбек Аймауытов жастарға өз мамандығын таңдауда байсалды шешім қабылдауға кеңес береді .
Сол сияқты, ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынов «Қазақ жерін зерттеу» еңбектері баспадан шықты. Бұл шығармада қазақ өткір саяси-әлеуметтік, экономикалық сұрақтар көтерілген.
М.Дулатовтың «Есеп құралы» атты есеп жинағында балалардың экономикалық ойлауын дамытатын экономикалық мазмұнды ауызша халық есептері жинақталған.
Қазақ халқының берері мол берекелі мұраларының бірі - мақал-мәтелдерді де жастарға экономикалық тәлім-тәрбие беруде тиімді қолдануға болады: Мәслен:
Еңбек етсең - емерсің, еңбегі аздың өнбегі аз.
Қарызға алған - айлакер, қарызға берген -пайдакер.
Бес тиындық қоян, он тиындық зиян.
Нарқын танымаған сөз құлазиды.
Ағаш кессең, ұзын кес - қысқартуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес -ұзартуың оңай.
Ұқыптының тоны тозбас,
Ұқыпсыздың ісі оңбас.
Жалғыз тауыққа да жем керек.
Жастарды халқымыздың мақал-мәтелдері арқылы қазіргі таңға тән «нарық», «артық», «қымбат», «қазына», «пайдакер», «айлакер», «шығын», «жоспар», «ұқыпты», «зиян» және тағы сол сияқты ұғымдарды жете түсініп, олардың дүние танымын байытып, ойының ұшқырлануымен қатар экономикалық білімдерін жетілдіре түседі.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінің мазмұнына тереңірек үңіле түссек, халқымыздың қадым замандардан-ақ жас баланың жалпы ақыл-ой тәрбиесіне ғана емес сонымен бірге қарапайым өмірге қажетті экономикалық және математикалық білім түсініктерді қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлгендігі бізге аян. Ата-бабаларымыз есепке байырғыдан жүйрік болған, күнделікті тұрмысқа қажетті есептеулерді жүйелі де орынды қолдана білген. Жастарға түрмыстық және экономикалық білім берудің қызықты бір саласы -қазақ халқының ауызша есептерін шығару. Қазақ халқының ауызша есептері өзінің білімдік және тәрбиелік сипаты, қарапайымдылығы және логикалық шымырлығы жағынан математиканың тәжірбиелік мәнін түсінікті, әрі бейнелі тілмен ашып көрсететін озық бір үлгісі. Мысалы, «қорада 100 қой мен ешкі. Олардың аяқ пен құлақтары қанша?».
Экономикалық тәрбие әдептілік тәрбиемен тығыз байланысты. Қазақ халқында «Ерулік», «Асар», «Жылу-жәрдем» сияқты жанашырлық және рақымдылық дәстүрлері бар. «Ерулік» - көшу кезінде көрсетілетін жәрдем мен қамқор. «Асар» - «бүкіл жұртпен» үй және малға арналған қора соғу, қой қырқу және басқа ауыл шаруашылық жұмыстар. «Жылу жәрдем»- аурудан, жұттан және т.б. апаттардан зардап шеккендерге киім, мал, тамақ жиналып, үй соғылады. «Тасаттық» - жылдың құрғақ кезінде ақсақалдар түйені құрбандық етіп, Жаратушыдан жауын сұрайтын.Жас ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық салт пен дәстүрлер, белгілердің біразы осындай.
Экономикалық мазмұны бар халық ертегілеріне «Қожанасырдың қарыз беріп, қарыз алуы» ертегісін жатқызуға болады.
Біз, зерттелген еңбектерге талдау жасай келе, экономикалық білім мен тәрбие беруге қатысты ғылыми еңбектер бірнеше бағытта қарастырылғанын көреміз. Десекте, қазіргі уақытта біздің экономикалық жағдайымыздың жақсаруын қамтамасыз ету үшін экономикалық білім беруді дамыту қажет. Бəсекелестік тек экономикалық сауаттылықты, еңбекті, білімді қажет етеді. Онсыз өмір сүру қиын, сондықтан оқушыларымызды бірінші сыныптан бастап еңбекке, еңбек арқылы экономикаға үйретіп, содан тəлім-тəрбие беріп, кешегі кеңестік принциптен өзіміз арылып, оқушыларымызды осы өмірге сай баулып өсіруіміз керек.

Әдебиет:
1.К.Ж.Аганина,С.Т.Ыбышова. Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру: Оқу – әдістемелік құрал.- Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2011. - 67 бет.


2.А.Ш.Досбенбетова, М.Б.Өтелова Модульдік технология бойынша бастауыш сынып
оқушыларына экономикалық тәрбие беру: Оқу-әдістемелік құрал. -Шымкент: ОҚМПИ, 2015. - 60 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет