А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


 Магмалық тау жыныстардың құрылымы мен түзілімі



Pdf көрінісі
бет22/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   145
1.5.1. Магмалық тау жыныстардың құрылымы мен түзілімі 
Құрылым  деп  тау  жыныстың  құрылысының  ерекшіліктерін  айтады,  олар 
кристаллдылықтың  дəрежесінен,  минералдардың  өзара  қарым-қатынасы,  пішіні 
мен мөлшерінен тəуелді болып келеді.   
Түзілім  деп  минералды  агрегаттардың  кеңістікте  таралуын,  яғни  тау 
жыныстын дене бітімін айтады. [2]  
  
 


30 
 
Интрузивті жыныстардың құрылымдары
1. Толық  кристаллды – ірі  түйіршікті,  орта  түйіршікті,  ұсақ  түйіршікті, 
біркелкі түйіршікті. 
2. Порфир тəрізді -  негізгі массаның арасында, көбінесе ұсақ түйіршікті, ірі 
минералдардың сеппелері шашыраңқы орналасуы, мысалы далалық шпат.   
3. Пегматитті – екі  минералдың  бір  уақытта  кристаллизацияланудың 
нəтижесінде пайда болады.   
Эффузивті жыныстардың құрылымдары: 
1. Жартылай кристаллды. 
2. Шынылы (гиалинді). 
3. Афанитті – аса  жіңішке  кристаллды  тығыз  жыныстар  жəне  олар 
кристаллды-түйіршікті құрылысқа ие.   
4. Порфирлі – сеппелер жасырын кристаллды немесе шынылы массалардың 
арасында шашыраңқы орналасады. 
5. Витрофирлі немесе шынылы – микролиттердің саны аз болған кезде жəне 
шынының  басым  болған  кезінде  пайда  болады.  Микролиттер  (минералдардың 
ұрықтары) шыныда əртүрлі санында кездеседі.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет