Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет41/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   109
ЭВОЛЮЦИЯ ЗАҢЫ
Эволюция дегеніміз өрлеу, өркендеу, өрістеу. Немесе 
үдеунама деп аударылып жүр.
Эволюция қозғалысы дегеніміз – айналма жолмен өрлеу. 
Дөңгелек мұнараның басына апаратын айналма басқышты 
көзге елестетеміз. Айналып бұрынғы деңгейіне оралып 
отыратын, бірақ бір саты жоғары деңгейде оралып отыратын 
жол – эволюция қозғалысының символы.
Эволюция қозғалысын спирал бойымен қозғалыс деп те 
айтуға болады. Айналып, бұралып, оралып келіп отыратын бұл 
жол 7 оралымнан тұрады. Оны 7 баспалдақ немесе 7 деңгей 
деп атайды. Бір ерекшелігі айналым нүктеден басталып келесісі 
алғашқыдан ауқымды оралып кеңейе береді. Кеңею төртінші 
айналымда шарықтау шегіне жетеді де бастапқы тәртіппен 
бірте-бірте кішірейеді. Жетінші оралым нүктемен аяқталады.
Эволюция Заңы тіршіліктің барлық формасында бірдей 
жүзеге асады. Он сегіз мың Ғаламның бәріне өрлеу мүмкіндігі 
берілген.
Бір өлшемді минералдар әлемінен басталып, Ұлы 
Жандар Әлеміне дейін осы Эволюция жолымен өркендейді. 
Материяның тұрпайы түрінен ең нәзік түріне дейінгі өрлеу 
қозғалысы Эволюция Заңына бағынады.
Физика тілімен айтқанда, кеңістіктің нүктеден бастап белгілі 
бір шекке дейін кеңейіп, сосын қайта бастапқы қалпына келуі 
– эволюцияның алып, айналма қозғалысы.
Ал, тіршіліктің кіші формаларындағы даму да айна-қатесіз 
осы заңмен жүзеге асады.
Эволюция Заңы – универсалды заң. Планета Эволюциясының 
бірінші айналымында бір өлшемді минералдар әлемі пайда 
болса, сол бір өлшемді әлемнің өзі іштей айналысқа түсіп, 
өрлеп балшықтан тасқа, тастан алмасқа ауысады. Бір өлшемді 
Ғарыш Заңдары


120
Ақ Сарбаз Әлемі
әлемнің эволюциялық шыңы – су боп табылады.
«Ақ Сарбаз» кітабында Ғарыш Заңдарының орны мен 
қызметі өте дәлдікпен тиянақты түрде берілген. Ғарыш 
Заңдарының бір-бірінен бөліп қарауға болмайтынын және оның 
әмбебаптығын ұққан адам Иерархиялы өмірдің 7 деңгейінен 
эволюциялық қозғалысты түсіне алады.
Тастың да, өсімдіктің де, хайуанаттың да, адамның да, 
періштенің де, Құдайдың да эволюциялы өрлеу деңгейлері 
бар. Айналамызға қарайтын болсақ, қозғалыстағы тіршіліктің 
бәрі әр түрлі эволюциялық деңгейде өмір сүріп жатқанын 
көреміз.


121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет