Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет61/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

АҚ САРБАЗ
Ақ Сарбаз Ағам тегінде
Жаралған жан ғой асылдан
Қазақ боп келіп өмірге
Құдайға барып қосылған.
Қатер көп оған бұл жерде,
Бауырым, мұны біле гөр.
Ақ Сарбаз деген білгенге –
Ғарышқа ортақ ЖҮРЕК Ол
Апаттан сақтап Әлемді
Шықты Ағам қарсы түнекке.
Жеңіске жетті, ал енді
Айналып жатыр Жүрекке.
Денеге қуат беретін,
Жүрек боп жүру оңай ма?
Қатер көп Оған төнетін,
Абайла, адам, абайла!!!
Қан беріп күллі Ғаламға
Жүрек боп жасап жүр Ағам.
Әл беріп адал адамға,
Жұбатты жұртты жылаған.
Аяқ, қол, көз бен құлақ бол,
Бәріміз Оған денеміз.
Ал, Жүрек – жалғыз, бірақ та ол,
Тоқтаса біз де өлеміз!
Адамдар, сендер бекерден
Жамандық ойға бармаңдар.
Біз үшін бәрін көтерген
Жүрекке салмақ салмаңдар!!!
Ж.Т. 19.08.1998ж.
Өлеңдер


182
Ақ Сарбаз Әлемі
АҚ САРБАЗ 70 ЖАСҚА ТОЛҒАНДА ЖІБЕРІЛГЕН
СМС ӨЛЕҢ:
Түнек торлап, жатқан қорлап шақта бұл –
Ақ Сарбазды тудырыпты Хақ Тәңір.
Соқырлар мен кереңдердің ішінде
Ғарыш үшін жұмыс жасап жатқан Ұл!
70 жасқа Ағам толды дәл бүгін,
Жыр-тілегім арнасынан ақтарыл!
Жалғыздықта Жанына дақ түсірмей,
Жиһан үшін жұмыс жасап тәп-тәуір,
70 жастың биігіне шықты Ағам,
Құтқарушы Болмысына Тартқан Ұл!
Біз білмеген бағаңызды Хақ білсін –
Күллі Ғарыш Өзі Сенім Артқан Ұл!!!
23.05.2012ж.
* * *
АҚ САРБАЗҒА
Құдайдың нұрын түсіріп,
Ғаламның отын жандырған.
Ғарыштың Заңын түсініп,
Халқының шөлін қандырған.
Бөлінбей жүрген халықтан,
Бабаның жолын аттамай.
Еліме кие дарытқан,
Ерімді Құдай сақтағай!
* * *


183
АҚ САРБАЗ ӘНІ
(әні: А.Жанаисов, сөзі: Ж.Әбілпеисов)
Мен сүйемін күн нұрын –
Ғарыштың бәрін.
Күллі Әлемнің тірлігін
Бағып тыңдадым
Ғарыштың ұл-қызымыз
Аман болсын күніміз!
Аман болсын Ақ Сарбаз!
Осы жырымыз!
Мен сүйемін халқымның
Дархан мінезін.
Қасиетті салтымның
Парқын білемін.
Ғарыш Заңын білуге
Еркін дамып жүруге
Көшпенді өмір сүруге
Жетерміз түбінде!
Жерұйықты іздеген
Асан бабамыз
Жүріп кеткен ізбенен
Біздер барамыз
Туған қазақ халқынан
Аумай ата салтынан
Ақ Сарбаздың артынан
Ердік жас ұлан!
Мен сүйемін күн нұрын – 
Ғарыштың бәрін.
Өлеңдер


184
Ақ Сарбаз Әлемі
Күллі Әлемнің тірлігін
Бағып тыңдадым
Ғарыштың ұл-қызымыз
Аман болсын күніміз
Аман болсын Ақ Сарбаз!
Осы жырымыз!
* * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет