Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет82/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   109
ӨРЛЕУ МЕН ҚҰЛАУ
Африка – үшінші сатыдан қалған континент. Адамдары 
эволюцияның төртінші сатысында тұрғанымен ішінде магияға 
жақын үшінші саты адамдары да көп кездеседі.
Ішінара бесінші саты адамдары бар қытай халқы да 
эволюцияның төртінші сатысында тұр. «Екі млрд қытайдан 
бір де бір алтыншы саты адамы шықпауы оның эволюция 
тығырығына кеткенін көрсетеді» дейді Ақ Сарбаз.
Одақ ыдырап елімізге бесінші саты өркениетінің «игіліктері» 
кіре бастағанда бәріміз де Брюс Ли ойнаған қытай фильмдерін 
сүйіп көрдік.
Қытайдың у шу, кунг фу стиліндегі шығыс жекпе-жегі 
шеберлерінің өнеріне таңдай қақтық. Қытайлық у шу шебері, 
немесе Шаолин монастыры шеберлерінің өнері сол деңгейдегі 
адамдарға ғана әсері болатынын, қазақтың бес қаруды 
меңгерген батыры одан әлдеқайда үстем тұратынын Ұстаздан 
естігенде мен таң қалдым.
– Олар бойындағы ци энергияны бағыттауды үйренген 
адамдар емес пе? – деймін.
– Бұрын қазақта қамшыгерлер көп болған. Өйткені қамшы 
– қазақтың қол астындағы бірінші қаруы. Бойдағы энергияны 
қамшы арқылы бағыттай білген қазақтың қамшысы қылыштай 
тіліп түсетін. Сілтесе жауының басын қақ айыратын. Қабат-
қабат тулақты қамшымен ұрып, кім қанша қабатынан 
өткізетінін сынайтын сайыстар болып тұрған.
Қазақ пен қытайдың ұрыс өнеріндегі басты айырмашылық 
олардың энергияны қайдан алатындығында!
Қазақ ұрысқа аруаққа сыйынып шығады. Оған энергия 
жоғарыдан құйылып тұрады да әрдайым рухы биік, мысы 
басым болады.
Түрлі аң стилінде шайқасатын қытай шебері болса энергия-
ны төменнен алады. Ол адамдық деңгейден хайуандық 
Рухани ізденіс


252
Ақ Сарбаз Әлемі
деңгейге рухымен құлап, аң образына кіреді. Сөйтіп құлау 
энергиясын пайдаланып төбелеседі. Ал, адамның хайуан 
алдында әрдайым мысы басым екені белгілі. Өзін өлтіргісі 
келген жапондық джиу-джитса шебері Саракики Джиндофуды 
Қажымұқан палуан қаһарына мінгенде бас терісін сыпырып 
тастаған жоқ па? Басқа адам болса шоктан өліп қалар еді. 
Физикалық денесін сонша жетілдірген Саракики 6 ай өле 
алмай жатқан.
Шыңғысханның аздаған атты әскері қытайға жорық кезінде 
Шаолин монастырын бір шабуылмен талқандаған екен. 
Қарудың неше түрін қолдануды білетін монахтар бес қаруды 
ғана меңгерген көшпенділерден қирай жеңілуі – олардың 
эволюцияның төмен сатыда тұрғанының нәтижесі деді – Ұстаз.
Құлау да адамға энергия береді. Маймыл стилінде 
төбелесетін шеберді одан да төмен насеком – дәуіт боп 
төбелескен шебер жеңіп кетуі мүмкін. Мұндай құлаудың 
аяғы адам рухының азып-тозып, адам боп қайта тумастай 
құлдырауына алып келеді.
Ендеше, өзгеге еліктемей, ата-бабамыздың жолымен 
жүргенге не жетсін!


253
ОЯНУ
«Менің қаным тебіренсе тентек Каспий секілді
Ұйымайтұғын, Қинайтұғын, 
Арнасына симайтұғын қайтадан!» (Т. Досымов)
Алтыншы Сатыда адамдардың санасы дамып, рухы 
көтеріліп, жүрегі оянады. 
Дәл қазір елімізде осы ояну жүріп жатыр.
Егер сіз бір нәрсені оқып не айтып отырып, жүрегіңіз 
тебіреніп көзіңізден еріксіз жас шығып кетсе – ол сіздің борке-
мік жасықтығыңыз емес. Ол – жүрегіңіздің ояна бастағаны!
Осы уақытқа дейін қазақты оятқысы келіп талпынған 
қаншама асылдарымыз өтті. Оянудың уақыты келмеген еді.
Өйткені қазақ оянса жай оянбайды. Бойындағы бабаның 
қаны тасып оянады. Әділетсіздікті құртқалы, зұлымдықты 
жойғалы оянады!
Бір ғана 86-ның желтоқсанында қазақ халқы зұлымдық 
иелеріне өзінің кім екенін танытты.
Ақ Сарбаз ментал дүниесі арқылы, халқын барынша 
сабырлы, шыдамды болуға шақырып келді.
Өйткені алтыншы саты перзенттерінің қабырғасы қатып, 
бұғанасы беки қоймаған. Өзінің рухани күшіне толық ие 
болмай тұрып ояну – қазақ үшін қауіпті еді.
Түнек Күштері қазақты уақытынан бұрын оятуға барлық 
айла-шарғыны қолданып бақты.
Олар болашақ алтыншы саты халқына қорлық пен мазақтың 
көкесін көрсетсе де қазақ былқ етпей шыдап келді.
Бұл оның қорқақтығынан емес, Құдайға берілгендігінен, Ақ 
Сарбазға рухымен сенгендігінен еді.
Түн қараңғысы қанша қою болса да күн шыққанда жоқ 
болмас па!
Қазақ халқы рухымен оянған кезде оны қоршаған түнек өз-
өзінен сейіліп жоқ болмақ.
Рухани ізденіс


254
Ақ Сарбаз Әлемі
ҚАЙРАЛУ
«Қайтер дейсің қара бастың толғағы,
Тек жұртымыз күрсінбесе болғаны!» (Мұқағали)
Жеке басымыздың қайғысын көптің қайғысынан биік 
қоймайық. Жеке бастың жетпесі елдің жоғынан артық емес.
Өз халқын менсінбеген, айналасындағыларды аттап кеткен 
адам, ол – опасыз.
Қарға тамырлы қазақтың баяғы бауырмалдық қасиетін 
қайта қалпына келтірер күн туды.
Жоқтық желкеден бүріп, аштық алқымнан алса да біз құрып 
кетуге тиісті емеспіз.
Рухани азғындауға тиісті емеспіз.
Адам Атаның Әбілі жүрген көшпенді салтты ұстанған, 
Жақыптың жұрағаты емес пе едік?
Тәніміз топырақтан болғанымен жанымыз Жаратушыдан 
емес пе еді?
Ақ Сарбаздың артынан еріп, ақтық шайқасқа Тәңірі үшін 
тайсалмай шығатын да біз емес пе едік?
Арын таптатпайтын, асқақ рухын аяққа бастырмайтын, 
Аттан!-ға жиылатын, аруаққа сиынатын ел емес пе едік?!
«Қан майданда халық үшін, қолымнан найзам түспей өліп 
кетсем!» деп армандайтын атаның ұрпағы емес пе едік?!
Жасыма, жоғалтпа рухыңды!
Сенің сорлы болуың мүмкін емес!!!


255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет