Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет91/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   109
АУТОТРЕНИНГ
(Сананы шыңдау)
«Мен Құдайға қызмет етемін» (немесе «Құдайдың қалауы 
болсын»)
«Менің қолымнан келеді» (немесе «Мен жасай алам»)
«Мен өзімді өзім ұстаймын» (немесе «Сабырлымын, 
шыдаймын»)
Осы ойларды күн сайын тұрақты ойлап жүру керек. Бір 
ойдың қайталана беруінен ой кристалданады. (ой – материя) 
Санада бұған қарама-қарсы ойлардың пайда болуына жол 
бермеу керек. Ақырында сананың іші осы ойлармен түгел 
толысып, өзіндік күшке ие болады. 
Үш ойды бір-бірінен бөлуге болмайды. Олар бір дененің үш 
бөлігі сияқты. Бірінші ой – Сананы жоғарғы жақтан келетін 
Иерархиялық нұсқауды қабылдауға әзірлейді. Екінші ой – 
жеке сананы шыңдап, көлденең кедергілерге қарсы тұруға 
әзірлейді. Үшінші ой төменге бағытталған. Яғни, адамның өз 
кеудесіндегі дұрыс емес сезімдерді ауыздықтауға арналған. Өз 
көңілін бағындырған адам өзгелердің де көңіліне бағыт бере 
алады.
Кристалданған ой – әдет-құлыққа айналады. (Шартты 
рефлекс) Ол адамның астралды, менталды және қатты денесін 
автоматты түрде қозғалысқа келтіреді. 
Астралды дененің қасиеті – сезім.
Сезім ментал энергиясымен қоректенеді. Ойды астралға 
бермеу керек. Ойдан күш алмаған сезім бірте-бірте жойылып 
кетеді де адамды мазаламайды. Қорқыныш, күйініш, қызғаныш, 
нәпсі т.б сезімдер осылай ауыздықталады. 
Ментал денені Санамен басқару керек. Сананы Құдайға 
басқарту керек
Рухани ізденіс


284
Ақ Сарбаз Әлемі
ҮШ ДЕНЕ
Ментал дене ең ішкі дене болғанымен оның қамту аймағы 
орасан зор. Ментал денені қолданып Ғарышты тануға болады. 
Бәріне ой жіберіп, оймен баруға болады. 
Астрал дененің мүмкіндік аясы одан тарлау. Астралды дене 
бір бөлмедегі адамдардың пиғылын сезіп, анықтауға мүмкіндік 
береді. Болған жаманатты немесе қуанышты алыстан сезуге де 
қабылетті. 
Ең аясы тар дене – физикалық дене. Ол көзі жеткен жеріне 
дейін көреді, құлағы жеткен жеріне дейін естиді. Қолмен ұстап, 
ауызбен тістеп зерттеуге ғана қабылетті. 
Физикалық дененің бақыты – нәрлі тамақ, жылы киім, жайлы 
орын. 
Астралды дененің бақыты – шынайы сезім, адал махаббат. 
Менталды дененің бақыты – терең білім, үлкен ақыл.
Осы үшеуін САНА билейді. 
Қатты дене асқа тартады
Астрал той-думанға тартады
Ментал білімге тартады.
Менталға көбірек ықылас беріп, қалған екеуін тежеп ұстаған 
адам бақытсыздыққа ұшырамайды. 
«Ашу – астралдан
Ақыл – менталдан» (менің мақалым)
Көңіл бөлу, көңіл аулау дегеннің өзі сананың астралдық денеге 
байлануы. Арақ, темекі, карта, өсек-аяңның бәрі – астралды 
қанағаттандыру. Секс, бизнес, зорлық, ұрлық, қанышерлік те 
астралдың сыртқы денелерін қанағаттандырады.
Астралды дене жеті қабаттан тұрады. Ең ішкі 1-інші қабаты – 
шынайы махаббат, адал ниетке жауап береді. Жаман сезім, теріс 
әдет-құлық – астралдың сыртқы қабаттарын шынықтырады. 
«Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде
Содан тапқан шын асыл, тастай көрме» деп Абай астралды 
дененің бірінші қабатымен өмір сүруге шақырған. 
Қатты денені шынықтыру үшін біз жүгіреміз, турникке 


285
тартылып, гир көтереміз. Астралды дене де шынықтырмаса 
жетілмейді.
Көпшілігі астралды денесінің сыртқы қабаттарын жетілдіріп, 
бірінші түпкі қабатына мән бермейді. Шыныққан дене күшті 
болып ұзақ өмір сүретіні белгілі. Жаман сезім арқылы астралдың 
сыртқы қабаттарын шынықтырған адам өліп Астрал Дүниесіне 
барғанда, сыртқы жаман денеге сай жаман ортаға тап болады. 
(тозақ, тазартқыш)
Ол осы денесінің сыртқы қабаттары өліп, сыпырылып 
түскенше бұл ортадан құтыла алмайды. Физикалық дүниеде 
жүргенде астрал денесінің 1-інші қабатын шынықтырған адам, 
қайтыс болғанда астрал дүниесінің соған сай жайлы жерінде 
өмір сүретін болады. (Жұмақ қақпасы. Эдем)
Менталды дененің де жеті қабаты бар. Ол да шынықтыру 
арқылы өсіп жетіледі. Денені күйттеген ойлар, сезімді 
қанағаттандыруға арналған ойлар, жеке басқа арналған ойлар 
– ментал дененің сыртқы қабаттарын шынықтырады. Өзіне 
қатыссыз, сезімдік бояудан ада, Ғарыш жайлы, тіршілік жайлы, 
Құдай жайлы ойлар бірінші денені шынықтырады. 
Менталдың бірінші денесі шыныққанда Отты Денеге 
айналады. Отты Денесі жақсы жетілген жан физикалық, 
астралдық дүниеге қайтып оралмай, Ғарыш Шексіздігінде әрі 
қарай Эволюциялық өрлеуін жалғастыруға қабылетті. 
Сөз менталдан шығады. (Менталдық энергияның физикалық 
энергияға айналуы) Сөздегі дыбыс ырғағы – құштарлық, үрей, 
ашу т.б. астрал денеден қосылған бояу. Тіпті, жүріс-тұрыстағы 
қылтың-сылтың, көздің ойнақшығанында да астралдың әсері 
бар.
Астралды денесін ауыздықтап бағындырған адамның жүріс-
тұрысы салмақты, мінезі орнықты, байсалды. Сыртқа сыр 
бермейді.
Өзін-өзі ұстай білу дегеніміз – астралды бағындыру. 
Ой денемен жүру қалай жүзеге асады?
«Біреу бой денемен жүреді,
Біреу ой денемен жүреді»
Ой денесін дамытпағандар, өзгенің ой денесіне оңай 
бағынады. Тіліне ереді. Біреудің ойын талғап-екшемей, еріп жүре 
беретін адам немесе басына бірінші келген оймен қимылдайтын 
жанның ой денесі өсіп, шынықпаған сәби күйінде болады. 
Рухани ізденіс


286
Ақ Сарбаз Әлемі
САНА
Рухтың қасиеті – биік санасы
Менталды дененің қасиеті – терең ойы
Астралды дененің қасиеті – ыстық сезімі
Физикалық дененің қасиеті – күш-қайраты.
Рухтың ең жақын тірегі – сана 
Сананың қаруы – ой
Ойдың орындаушысы – физикалық дене.
Астралды дене екі ортада тұрып ойды өзіндегі сезім 
қозғалысына байлайды да ойға сезімдік сипат береді. Төмен 
сезімдер көп болса Сана уланады. Осыдан келіп адамда әдепсіз 
мінез-құлық пайда болады. Бұл – сезіммен уланған дұрыс емес 
ойлардың дене арқылы сыртқа шығуы.
Ойды төменге бағындырмау керек. Ойды тек қана жоғарыдан 
келетін нұсқауға бағындыру керек. Ой – санаға, сана – Тәңірге 
бағынуы тиіс.
Тәңірден бөлініп Сананы дамытуға болмайды.
Құдай – сенің бара жатқан жолың. Абсолютпен біріккен 
Сана ғана құдыретке ие болады.
Жеке басын күйттеген Сана – түнектің тұтқыны, астралдың 
құлы болады.
Азаттық алғың келсе ақыл тоқтат, Тәңірге талпын!
«Құдай деген құр қалмас» 
Санаң дұрыс болса ойың нақ болады. Сезімің ақ болады
«Аққа Құдай жақ» болады.


287


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет