А т. атахан 1, Б. т токарбаева



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата25.05.2023
өлшемі1,44 Mb.
#97641
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Негізгі бөлім
Стресс – «адам – адам» жүйесінің кәсіп-
терінің өкілдері арасында ең көп таралған 
және ең танымал. Көптеген зерттеушілер атап 
өткендей, стресс, қалыпты және жиі кездесетін 
құбылыс. Қысқа мерзімді, шағын стресстер 
күнделікті өмірде жиі кездеседі және олар зиян-
сыз. Ұзақ мерзімді немесе шектен тыс стресс – 
бұл адамдар мен ұйымдар үшін қиындықтар ту-
дыруы мүмкін. Стресс адам өмірінің ажырамас 
бөлігі болып табылады, бірақ стресс дәрежесі 
мен оның салдарын ажырата білу маңызды.
Қалыпты өмір жолын бұзатын кез келген 
күтпегендік, стресстің себебі болуы мүмкін.
Г. Селье стресстің туындауында адамға қатысты 
жағдайдың жағымды немесе жағымсыз бо-
луы маңызды емес екенін өз зерттеулерінде 
көрсетеді. Қайта құрылымдау немесе жеке 
бейімделу қажеттілігінің қарқындылығы маңыз-
ды. Мысалға, ғалым өз кітабында қызықты жағ - 
дайды көрсетеді: жалғыз ұлы шайқаста қайтыс 
болғаны туралы естіген ана қатты эмоциялық 
күйзелісті сезінеді. Егер көп жыл өткен соң, 
хабардың жалған екендігі анықталып, ұлы ке-
неттен бөлмеге жараланбаған, сау күйінде кірсе, 
анасы бұл сәтте үлкен қуаныш сезінеді. Екі 
оқиғаның нақты нәтижесі – қайғы мен қуаныш, 
эмоциялар басқа, тіпті бір-біріне қарама-қарсы, 
бірақ олардың стресстік әрекеті – адамның 
жаңа жағдайға бейімделуінің ерекше талаптары 
бірдей болуы мүмкін (Селье, 1979: 123).
Стресстік тұжырымдамаға сүйене отырып, 
адамның жеке басының стресске төзімділік 
тұжырымдамасын ажырату ұсынылады. Жеке 
адамның өмір сүру сапасы мен оның жұмысының 
маңызды факторы – бұл стресске төзімділік. 
Тұлғаның стресске төзімділігі – қиындықтарды 
еңсеру, эмоцияны басу, ұстамдылық пен сақтық 
көрсете білуге ептілік. Стресске төзімділіктің 
неғұрлым толық анықтамасын П.Б. Зильберман 
береді: стресске төзімділік – «күрделі эмотивтік 
жағдайда қызмет мақсатына оңтайлы табыс- 
ты қол жеткізуді қамтамасыз ететін адамның 
психикалық қызметінің эмоциялық, ерік-жігер, 
зияткерлік және мотивациялық компоненттерінің 
өзара әрекеттесуімен сипатталатын тұлғаның 
интегративті қасиеті» (Зильберман, 1974: 35).
Стресске төзімділік адамға кәсіптік қызметтің 
ерекшеліктеріне байланысты, басқаларға және 
олардың денсаулығына кері әсерін тигізбестен
маңызды интеллектуалды, ерікті және эмоциялық 
жүктемелерді алып жүруге мүмкіндік беретін 
жеке қасиеттер жиынтығымен анықталады.
Стресске төзімділіктің 8 негізгі құрылымдық 
компоненттері бар: 
– еріктік (өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқару, 
іс-әрекеттерді саналы түрде реттеу, олар-
ды жағдайдың талаптарына сәйкес келтіруде 
көрінеді); 
– интеллектуалдық (ойлау қабілеті мен ойлау 
түрін білдіреді); 
– коммуникативтік (қызметтің әлеуметтік-
психологиялық аспектісін, өзара әрекеттесуге 
дайындығын сипаттайды); 


37
А.Т. Атахан және т.б.
– мотивациялық (жеке тұлғаның алдына 
қойылған мақсаттарын орындауға ұмтылысын 
көрсетеді); 
– қозғалтқыш (әртүрлі құралдарды пайдала-
ну қызметінің тәсілдері мен әдістерін меңгеру-
ді, оларды қолдануда қажетті дағдылар мен 
қабілеттердің болуын қамтамасыз етеді); 
– танымдық (тапсырманы түсінуді сипаттайды); 
– физиологиялық (ағзаның энергетикалық 
мүмкіндіктерінің қорын анықтайды); 
– эмоционалдық (өзіне сену, тапсырма-
ларды орындау барысында ынта сезім мен 
қанағаттануды сезінуде көрінеді).
Психологиялық және әлеуметтік қорғаныс-
тың болуы, жоғары дүниетанымдық және педа - 
гог тұлғасының балаларға гуманистік бағыт-
тылығы және олармен өзара қарым-қатынас 
жасауға әзірлігі бар кәсіби деңгей – ақаулары 
бар баланың дамуының табысты түзету шарт - 
тарының бірі болып табылады. Демек, психо-
логиялық көмек көрсету және кәсіби мансапты 
қалыптастыру және іске асыру процесінде, ал 
кейбір жағдайларда дамуында ауытқуы бар ба-
лалармен жұмыс істейтін педагогтың тұлғасын 
қалпына келтіру кезінде мамандардың осы сана-
тын қолдау жүйесін әзірлеу өте қажет. 
Арнайы педагог, дефектолог, психолог ма-
мандары өздерінің кәсіби міндеттерін түрлі 
білім беру мекемелерінде арнайы және жалпы 
мақсаттағы, балалар үйлері мен мектеп-интер-
наттарда орындайды, үй жағдайында дамуын-
да ауытқулары бар балаларды жеке оқыту мен 
тәрбиелеуді жүзеге асырады. Арнайы білім беру 
жүйесінің педагогы келесі қасиеттерге ие болуы 
керек:
– эмпатия (өзге адамды түсіне білу, жағдайға 
сол адамның көзқарасымен қарай алу, қажетті 
жағдайда эмоционалды қолдау көрсету); 
– педагогикалық бағыттылық (дамуында 
ауытқуы бар балалармен жұмыс істеуге пси-
хологиялық қарым-қатынастар кешені, кәсіби 
мүдделер мен жеке қасиеттер, сондай-ақ кәсіби 
өзін-өзі дамыту);
– педагогикалық этика (педагогтың өзін-
өзі ұстай білуін, эмоцияларын басқара алуын, 
кез келген жағдайды этикаға сәйкес шешуін, өз 
қадір-қасиетін сақтай отыра, балалардың жеке 
басына, ата-аналарына, әріптестерге құрметпен 
қарауын кіріктіреді);
– педагогикалық ұстаным (педагогтың бала 
дамуындағы өзгерістерді анықтай алуы, бола-
шақта мүмкін нәтижелерді болжай білуі); 
– педагогикалық оптимизм (педагогтың әр 
бір ерекше қажеттіліктері бар баланың мүм-
кіндіктеріне, жүргізіліп жатқан түзету жұмы-
сының нәтижесіне сенуден тұрады); 
– педагогикалық рефлексия (жүргізілген 
жұмыс барысында алынған нәтижелерді, қо-
йылған мақсатпен сәйкестендіре тексеру, реф-
лексия жүргізу, педагогтың өзіне есеп бере алуы).
Арнайы педагогтар үшін әсіресе педа-
гогикалық шеберлікті арттыру мәселесі өзекті
болып табылады. Кәсіби біліксіздік педагоги-
калық процестің төмен сапасына әкеледі, 
қарапайым балалар үшін тиімсіз болып табыла-
ды, ал педагогикалық тұрғыдан асқынған, даму-
ында ауытқуы бар балаларда таным мен ілімнің 
демотивациясына, танымдық қызығушылық-
тың дамымауына, жалпы оқу іс-әрекетін орын-
дамауға әкеп соғады. Педагогикалық техника 
– педа гогикалық шеберліктің қажетті құрамдас
бөлігі.
Психолог балаларды түзету мекемесінде 
көмек көрсететін кәсіптің маманы ретінде, оған 
келесідей түсініктеме беріледі – маманның 
әлеуметтік белсенділігімен сипатталатын, оның 
өзінің кәсіби міндеттерін орындауға дайындық 
қабілеттілігімен анықталатын және кәсіби құ-
зыреттілікке негізделуімен айқындалатын ин-
тегралды кәсіби-тұлғалық сипат. Психологтың 
кәсіби даярлығының құрамдас бөлігі ретінде біз 
арнайы дайындықты, қарым-қатынас жасауға 
дайындықты, жеке-тұлғалық дайындықты бө-
леміз (Taylor, 2000: 767).
Психологтың бойында міндетті қасиет-
тері мен біліктерінің қатарында болуы қажет: 
қарым-қатынас орната білу қабілеті, шыдам-
дылық, басқаларға көмектесу дайындығы, психо - 
логиялық сезімталдық, сыпайылық және әдеп-
тілік; адамгершілік және гуманизм; жоғары руха-
ни мәдениет және өнегелік; айналасындағыларға 
қызықты және балалармен жұмыс жасауда фор-
малды емес болу қабілеті; клиенттің адамдық 
қадір-қасиетін қорғау қабілеті; кәсіби білімді 
үнемі арттыруға ұмтылу; кәсіби істердегі 
адалдық, шынайылық, моральдық тазалық; адам - 
дармен және т.б. қарым-қатынас барысында 
кәсіби этиканы сақтау (Holland, 1968: 62).
Балаларды түзету мекемесі маманының 
стресске төзімділігі кәсіби қызметтің сенімділігі 
мен тиімділігін қамтамасыз етудің басым фак-
торы болып табылады. Стресстік жағдайлар 
психикалық және физикалық денсаулыққа қауіп-
қатерден басқа жұмысты орындаудың сапасы 
мен табыстылығын айтарлықтай төмендетеді. 
Балаларды түзету мекеме маманының кәсіби 
қызметінде стресске төзімділіктің болуы оның 
ішкі әлем құрылымдарымен тікелей байла-


38
Балаларды түзету мекемелері мамандарының кәсіби қызметінде стресске төзімділікті қалыптастыру
нысты (ұмтылыс, сенім, құндылықтар). Мы-
салы, жоғары стресске төзімділігі бар маман, 
кәсіби қызметте пайда болатын проблемалық 
жағдайларды стресстік, қауіп төндіретін емес, 
шешімді талап ететін және оның кәсіби ба-
ғыттылығын тұрақтандыратын жағдай ретінде 
қабылдайды. Тұлғаның стресске төзімділігінің 4 
түрін бөледі:
Стресске жаттығатындар. Бұндай тұлғалар 
өзгерістерге дайын, бірақ бірден және жаһандық 
деңгейдегі емес. Олар өз өмірін біртіндеп, 
ауыртпалықсыз өзгертуге тырысады және 
объективті себептерге байланысты мүмкін бол-
маған кезде, олар ашуланады немесе депрессияға 
ұшырайды. Бірақ, мазмұны бойынша шамамен 
бірдей стресстік жағдайлардың қайталануы, 
олар үшін үйреншікті сезім тудырып, ондай 
жағдайларға сабырлы түрде жауап беріп бас-
тайды.
Стресске төзімді. Бұндай тұлғалар кез-
келген өзгерістерді, қаншалықты ұзақ немесе 
кенеттен болғанына қарамастан, салыстырма-
лы түрде сабырлықпен қабылдауға дайын. Олар 
тұрақсыздық және дағдарыс жағдайларында 
тиімді жұмыс істеуді біледі, бірақ, қалыптасқан 
дәстүрлері бар ұйымдарда жұмыс істеуге 
бейімделмеген. Олар үшін стресс – өзіне не-
месе жақын адамдарына қатысты орнаған 
ауыр жағдайлар. Стресске төзімді тұлғалар көп 
жағдайда тәуекелді қажет ететін мамандықтарды 
таңдайды.
Стресске төзімсіз. Бұл тұлғалар өздерінің 
мінез-құлқын өзгертуге және сыртқы әлемге 
бейімделуге дайын емес, олардың көзқарастары 
мен ұғымдары тұрақты. Сондықтан, кез келген 
қолайсыз сыртқы оқиға немесе тіпті болашақта 
олардың туындау мүмкіндіктерінің өзі, олар 
үшін стресс. 
Стрессті тежегіштер. Бұл тұлғалар өмірлік 
қағидалары мен идеологиялық көзқарастарының 
тұрақтылығымен ерекшеленеді, бірақ, кенет-
тен туындайтын сыртқы өзгерістерге жеткілікті 
түрде сабырлықпен қарайды. Олар бірте-бірте 
өзгеруге дайын емес, бірақ олар өз өмірінің 
белгілі бір аймағында тез және бір рет өзгеруге 
дайын. Мысалы, жұмыс орнын кенеттен өзгерту 
оларға тән.
Стресске төзімділіктің төменгі деңгейінің 
басым көрсеткіштерінің бірі кәсіби қызметтегі 
эмоционалдық шиеленіс дәрежесі болып табы-
лады, ол келесі белгілермен сипатталады: әзіл 
сезімін жоғалту; жұмыстағы жиі қателіктер; бір 
нәрсеге зейінді шоғырлаудың мүмкін еместігі, 
жадының нашарлауы; жұмысты уақытында 
аяқтаудың мүмкін еместігі, жұмыс бұрынғы 
қуаныш әкелмейді; жоғары қозу және т. б. 
Арнайы педагогтардың кәсіби қызметіндегі 
негізгі психологиялық проблема – бұл белгілі бір 
мінез-құлыққа ішкі қайта құру қажеттілігімен, 
арнайы білім беру жүйесі педагогтарының 
бейімделуіне немесе стресске төзімділігіне әсер 
ететін белсенді және мақсатқа сай іс-әрекеттерге 
барлық күштерді жұмылдырумен байланысты 
шиеленістің пайда болатын жай-күйі. Осы-
лайша, стресске төзімділік балаларды түзету 
мекемелері мамандарының кәсіби маңызды 
сапасы және олардың басты компоненттері 
эмоционалдық, мотивациялық, зияткерлік бо-
лып табылады, ал мамандардың өздері стресске 
төзімді немесе стресске жаттығатындар топта-
рына жатқызылуы тиіс.
Әрбір адам күрделі, күтпеген жағдайға тап 
болған кезде өзінше жауап береді. Стресстік 
факторлардың пайда болу жиілігіне, күшіне, әсер 
ету қарқындылығына және жеке-психологиялық 
ерекшеліктеріне байланысты адам өзіне тән 
құралдар мен әдістерді, стрессті жеңу, мінез-
құлық копингстратегияларын таңдайды. Ко-
пингстратегия, мінез-құлықтың рационалдығы 
мен барабарлығын және стресс-факторлардың 
әсеріне жауапты анықтауға қатысты әртүрлі 
теориялар бар. Стресс-факторлардың әсеріне 
жауаптар көптеген факторларға байланысты 
болуы мүмкін. Мысалы, әлеуметтену процесі-
нен, тәрбиелеу процесінен, гендерлік ерекше-
ліктерден, адамның өмір сүру стилінен, әлеу-
меттік рөлдерден, жеке пікірінен және тағы 
басқалардан (Соболевская, 2015: 43).
Зерттеушілер стресске жауап берудің 
әртүрлі түрлерін және стресс жағдайындағы 
мінез-құлық типтерін анықтады. Тұлғаның 
стресске индивидуалды жауап беруі бой-
ынша екі психологиялық типке бөлінеді. 
Олар келесідей ерекшеліктер мен сипатта-
лады. Бірінші психологиялық тип стресс-
фактор алдында үлкен осалдық, төмен стресс 
шегін көрсетеді. Жұмыс істеу және көңіл-
күй көрсеткіштері тіпті стресс-фактордың аз 
қарқындылығы кезінде де төмендейді. Бұл тип-
ке бәсекелестікке, күреске бейімділік, жоғары 
деңгейдегі талаптану, әрдайым биіктікте болуға 
ұмтылу, жоғары талаптар мен айналадағыларға 
қатысты төзбеушілік тән. 
Екінші психологиялық типке стресс-фактор-
лардың әсер етуінің төмендігі, стресске төзе білу, 
келісімге ұмтылу, жағдайға тез бейімделе білу 
қабілеті, өзін-өзі талдау қабілеті, өзгелермен 
қарым-қатынас құра білу тән.


39
А.Т. Атахан және т.б.
Стресс жағдайында туындайтын адамның 
мінез-құлықтың бірнеше үлгілері бар, олар 
стрессорды қабылдау және оған жауап беру-
мен байланысты. Мәселен, стресс тудыратын 
жағымсыз эмоциялар импульсивті, автоматты 
және деструктивті жауаптар ықтималдығын арт-
тырады. Адам өз эмоцияларының тұтқынына ай-
налады. Бұл модель: «мен – өз мінез-құлықтың 
иесі емеспін, эмоциялар мені басқарады» деп ата-
лады. Бұл жағдайда адам автоматтандырылған 
тәртіп шеңберінде әрекет етеді. Мұндай адам-
да келесі деструктивті жауаптарды байқауға 
болады: агрессия, жағдайдан қашу, оның құн-
сыздануы, теріс сезімдерге сүйену. Бұл мінез-
құлық үлгісінде адам өзі стресске жауапты 
таңдамайды. Ол үшін жауапты эмоция жасайды 
(Минин, 2014: 20-23).
Конструктивтік мінез-құлықты сызба түрде 
«мен-жағдай» деп көрсетуге болады. Бұл рет-
те адам оны басқарып тұрған эмоция мен әсер 
етіп жатқан жағдайдан шығуға тырысады. Оның 
әрекеті бірінші мінез-құлық үлгісіне қарағанда 
ойластырылған, барлық ақпаратты қарастырған 
болады. Сонымен қатар, теріс эмоциялардың 
деструктивті әсері жоқ. Адам өзі жағдайға 
белсенді түрде әсер ете бастайды, эмоцияла-
рын жеңеді, жағдайды оған тартылған адамдар-
мен талқылайды. Қазіргі таңда кәсіби стрессті 
талдаудың 3 тәсіл бар: 
– Экологиялық тәсіл (стресс, адамның қор-
шаған ортамен өзара әрекеттесуінің нәтижесі);
– Реттеушілік тәсіл (стресс қиын жағдайларда 
реттеу қызметін жүзеге асырушы);
– Трансактілі тәсіл (стресс, жағдайдың 
асқынуына адамның жеке-бейімделген жауабы 
ретінде).
Стресс көздеріне күшті жүктемені, жұмысқа 
қатынасты, мансаптық өсуді, құрылым мен 
ұжымдағы психологиялық климатты жатқызуға 
болады. Педагогтың кәсіби қызметінде стрес-
сорлардың туындауы – жұмысының мазмұнына 
сәйкес. Стрессорлар жұмысқа жиі әкеледі, 
олар кәсіби қызметтің қорытындысы болып 
табылмайды, бірақ сонымен қатар – олар кәсі-
би стресстік жүктеменің ажырамас бөлігі 
(белгісіздік жағдайларға төзімділік, мазасыздық 
және нейротизм, а тип мінез-құлық паттер-
насы). Басқаша айтқанда кәсіби стресс – стрес с- 
тік жүктеменің нәтижесі. Бұл жүйе жұмыс 
орнындағы стресстік жүктемелердің әртүрлі 
деңгейлермен – биологиялық, ұйымдастырушы-
лық, тұлғааралық, әлеуметтік-мәдени, жұмыс, 
психологиялық, физикалық, қоршаған ортаның 
деңгейімен байланысты.
Стресстік жағдай туындаған кезде көптеген 
кәсіпқойлар оның шешіміне жұмылдырылады, 
сондықтан стресс аз мөлшерде пайдалы – ол жыл-
дамдаттырады, босаңсуға мүмкіндік бермейді, 
тонуста болуға мәжбүрлейді. Бірақ, егер жағдай 
шешілмесе, күштер таусылып, мүмкіндіктер шегі 
пайда болады. Кейбір мамандар болған жағдайды 
байқамауға тырысады және инерция бойынша 
әрекет етуді жалғастырады. Кейбіреулер өмір 
қысымына бағынбауға ұмтыла отырып, үш есе 
жылдам «педальды айналдыра» бастайды, жиі 
мәре тік емес, тиіннің дөңгелегіне айналғанын 
ұмытады. Мұндай жолды таңдау көбінесе кар-
диолог кабинетінде аяқталады, басқалары іштен 
өздерін «өртейді», бұл иммундық жүйеде елеулі 
ақауларға әке леді (Давыдова, 2014: 169-183). Грод-
дек тұрғы сынан стресс нәтижесінде органикалық 
аурулар пайда болуы мүмкін. Ал Данбар, Фор-
туна, тұлға бейінінің тұжырымдамасының өкіл-
дері психосоматикалық бұзылуларды тұқым 
қуалау шылықпен және бейімділікпен, сондай-ақ
стрес стік жағдайларды қайта өңдеумен байланы-
стырды (Крюкова, 2007: 60).
Кәсіби стресс деңгейі және педагогтың 
жұмыспен қанағаттануы көптеген сарапшы-
лардың пікірі бойынша факторлардың үш тобы-
мен анықталады: 
– педагогтың кәсіби қасиеттері; 
– бұл мекеменің жағдайы; 
– педагогтың әлеуметтік-демографиялық си-
паттамасы. 
Балаларды түзету мекемесінің мамандары-
ның стресске төзімділік деңгейін анықтау үшін 
зерттеу тобы және әдістемелер таңдалып, зерт - 
теу жұмысы жүргізілді. Зерттеу тобы ретін де 
– түзету балабақшасы алынды. Зерттеуге 
түзету балабақшасының 30 маманы қатысты. 
Олардың қатарында: тәрбие шілер, дефектолог, 
логопед, психолог және медбике қатысты.
Зерттеу әдістемелері: Ю.В. Щербатыхтың 
стресскесезімталдылық тесті, Д. Фонтанның 
«кә сіби стресс шкаласы» тесті, Т. Холмс пен
Р. Райхтың «стресске төзімділік пен әлеуметтік 
бейімделуді анықтау» әдістемесі. 
Түзету балабақшасы мамандарынан алғашқы 
болып Ю.В. Щербатых стресскесезімталдылық 
тесті алынды. Бұл тест бойынша мамандардың 
стресске сезімталдылығының шегі анықталды. 
Зерттеу бойынша алынған нәтижелер 1-кестеде 
көрсетілген.


40
Балаларды түзету мекемелері мамандарының кәсіби қызметінде стресске төзімділікті қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет