Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет44/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   158
Keywords: 
hearing, communication, hearing impairment, preschooler. 
Математика – мектеп кезеңіндегі ең күрделі, әрі қызық пәндердің бірі. Сондықтан мектепке 
дейін бүгінгі күні бала қарапайым математикалық білімді меңгеруі керек. Алайда, балалардың 
математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесі - бүгінгі таңда мектепке дейінгі педагогиканың 
ең аз зерттелген әдістемелік мәселелерінің бірі екені мәлім. Дәстүрлі түрде мектепке дейінгі даряр-
лық кезеңде математикалық сипаттағы білім қорын меңгеру және жинақтау мәселесін тереңірек 
қарастыруымыз қажет. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру баланың ақыл-ой 
дамуының, оның танымдық қабілеттерінің құралы болып табылады. [4] 
Біз есту қабілеті зақымдалған балалардағы математикалық дағдырларын зерттеу үшін әдістеме 
тапсырмаларын қарастырдық. Сонымен қатар баланың деңгейіне сай тапсырмаларды іріктеп алдық. 
Бағдарламадан Л.А. Головчиц, Л.П. Носкова, Н.Д. Шматко, А.Д. Салахова, Г.В. Короткова,
А.А. Катаева, Т.В. Трофимова сияқты ғалымдардың 1 және 2 типтегі арнайы мектепке дейінгі 
мекемелерге арналған тапсырмаларын алдық. [2] 
Есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық көріністерді қалып-
тастыру әдістемесі ұзақ даму жолынан өтті. Математикалық даму әдістемесінің замандастары –
Р.Л. Березина, З.А. Михайлова, Р.Л. Рихтерман, А.А. Столяр, А.С. Метлин және басқалар. Есту 
қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалар санауды белсенді игереді, сандарды қолданады, 
көрнекі-бейнелік, ауызша - дактильді негізде және планшеттерде қарапайым есептеулерді жүргізеді, 
қарапайым уақытты және кеңістіктік қатынастарды игереді, әртүрлі пішіндер мен шамалардың 
объектілерін түрлендіреді. [3] Бұл әдістемелік тапсырмалардың барлығы есту қабілеті зақымдалған 
балалардың қарапайым математикалық дағдыларын тиімді әдістемелермен дамыту болып табылады. 
Біз қарастырған әдістемелерге келетін болсақ: 
1. Сан мен заттардың саны. 
2. Көлемі 
3. Пішін 
4. Кеңістік пен уақытты бағдарлау 
Жоғарыда аталған әрбір тақырыпқа сай есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған қара-
пайым математикалық дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастырдық. Олай болса әрбір 
тақырыпқа тоқтала кетсек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет