Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет75/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83
then yarll he mine!» 
«Wtat’s my name?» That says, as thai gonnened her the skeins. 
«Is that Solomon?» She says, pretendin' to be afeard. 
«N00,1’ainl», that says* an’ that come fiidder into the room. 
«Well, is that Zebedee?» Says she agin. 
«N00 t' ain’t», says  the impet, an’ then  that laughed, an’  twirled that's 
tail, till yew eou'ivl hardly see it. 
«‘l ake time, woman», that says; «next guess aif you’re mine».  Лп
:
  that 
strcched out that’s red hands at her. 
«Well»,  she  backed  a  stes  or  two,  and  she  looked  at  it,  an'  then  she 
laughed out. an’ says she, a-poimin’ of finger at it. 
«Nimrr.v niiiimy not, 
Her name’s Tom Tit Tot» - үшінші мүмкіндік. 
Оның үстіне, ертегі желісі бойынша, қыз сиқырлы кейіпкердің атын 
алдын-ала  біледі.  Бірақ  та  ол  дәстүрді  сақтап,  магиялық  тоғызды 
бұзбайды. Ол керісінше қорқып тұрған сыңай танытып, толығымен ертегі 
рәсімдерін  орындап,  бүкіл  сынақтардан  рет-ретімен  өтіп  шығады. 
Сондықтан да  инициация үдерісі – өз шарттары мен ережелері бар ойын. 
Кейіпкер  өз  таңдауын  жасайды:  өлім  немесе  молшылықтағы  бақытты 
өмір. 
Ал  қазақтың  «Ер  Төстік»  ертегісінде  басты  кейіпкердің  өзі  де 


 
118 
 
тоғызыншы ұл болып келеді және Кенжекей де үйінің тоғызыншы қызы: 
«Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. 
Қора  толған  қойлары  болыпты.  Матау  толған  түйелері  болыпты.  Өріс 
толған  жылқылары  болыпты.  Ерназардың  сегіз  ұлы  болыпты»;  «Сөйтіп, 
бұлар  төстікті  қазанға  салады.  Төстікті  асып  жеп,  шал  мен  кемпір 
әлденеді.  Ұзамай  кемпір  жүкті  болады.  Мезгілі  болып,  босанады.  Бір  ұл 
туады,  оның  атын  Төстік  жеген  соң  біткен  бала  деп,  Төстік  қояды»; 
«Садақ  тартып  үйренеді,  тартқан  садағын  тоғыз  қабат  кетпеннен 
өткізеді»; «Үйге кірсе, керегесінің басында сегіз сырға ілулі тұр екен, соны 
көрген  соң,  Ерназар  еңкілдеп  жылай  бастайды.  Үйдің  бәйбішесі 
Ерназардан:   Неге  жыладың?  –  деп  сұрайды.   Жылаған  себебім:  тоғыз 
ұлым  бар,  соған  тоғыз  келіншек  іздеп  жүрген  адаммын;  тоғыз  ұлымның 
бір  әке-шешеден  туғаны  сияқты,  тоғыз  келінімнің  де  бір  әке-шешеден 
туған  болуын  іздеп  жүрген  адаммын,  керегенің  басындағы  көп  сырғаны 
көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам біреуі кем 
екен,  соған  жылап  отырмын,  –  дейді  Ерназар.   Ендеше,  жылама,  тағы 
біреуі  бар,  әне  тұр,  –  деп,  бәйбіше  тұсбақаннан  тағы  бір  сырғаны  алып 
келеді.  «Кенжекейімнің  сырғасы  еді,  мұны  сегіз  қызымның  сырғасына 
араластырмаймын,  ана  қыздарым  -  бір  төбе,  Кенжекейім  -  бір  төбе. 
Сондықтан Кенжекейімнің сырғасы олардікінен бір бөлек тұрады»,  – деп, 
сырғаны қайтадан орнына іліп қояды»; «Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы, 
келтеде,  Қаратаудың  ойында,  Қарасудың  бойында  Қазанқап  деген  бір 
кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау 
жамайды  екен,  осылай  өз  күндерін  өздері  көріп,  жүре  беріпті.  Күндерде 
бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен 
сайын  әйелдің  аяғы  ауырлай  беріпті.  Тоғыз  ай,  тоғыз  күн  болғанда,  әйел 
толғатып, босаныпты» («Керқұла атты Кендебай»).  
«Тоғыз  ғасырлар  бойы  «магиялық  сан»  болып  саналған.  Сандардың 
дәстүрлі символикасы бойынша тоғыз үштіктің үш есе деңгейге көтерілген 
идеалды  формасын  көрсетеді»  [153,  296  б.].  Бұл  сан  қиял-ғажайып  ертегі 
сюжетінде  үнемі  айқын  көрініс  таба  бермейді,  ол  көбінесе  мәнмәтін 
астарында жасырын түрде болады: үш кейіпкер, үш көмекші, үш сынақ т.б.: 
«Бұрынғы өткен заманда бір қыз патша болған екен. Қыз патша күндердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет